• Мое избранное
«Акцияларының (жарғылық капиталға қатысу үлестерiнiң) елу пайызынан астамы мемлекетке тиесілі заңды тұлғалар және олармен үлестес тұлғалар жүзеге асыратын қызмет түрлерінің тізбесін бекіту туралы» қаулы жобасына Қазақстан Республикасының Ұлттық кәсіпкерлер палатасының сараптамалық қорытындысы

Отправить по почте

Toggle Dropdown
  • Комментировать
  • Поставить закладку
  • Оставить заметку
  • Информация new
  • Редакции абзаца

«Акцияларының (жарғылық капиталға қатысу үлестерiнiң) елу пайызынан астамы мемлекетке тиесілі заңды тұлғалар және олармен үлестес тұлғалар жүзеге асыратын қызмет түрлерінің тізбесін бекіту туралы» қаулы жобасына Қазақстан Республикасының Ұлттық кәсіпкерлер палатасының 2020 жылғы 24 маусымдағы № 7773/18 сараптамалық қорытындысы

Қазақстан Республикасы
Ұлттық экономика министрлігінің
Бәсекелестікті қорғау және дамыту комитеті
2020 жылғы 9 маусымдағы
шығыс № 44-0-1-44/224-И хатқа
«Атамекен» Қазақстан Республикасы Ұлттық кәсіпкерлер палатасының
САРАПТАМАЛЫҚ ҚОРЫТЫНДЫСЫ
«Атамекен» Қазақстан Республикасының Ұлттық кәсіпкерлер палатасы (бұдан әрі – Ұлттық палата) «Акцияларының (жарғылық капиталға қатысу үлестерiнiң) елу пайызынан астамы мемлекетке тиесілі заңды тұлғалар және олармен үлестес тұлғалар жүзеге асыратын қызмет түрлерінің тізбесін бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметі қаулысының жобасын (бұдан әрі – Жоба) қарап, келесіні хабарлайды.
Жобада қызметтің жекелеген түрлерін тізбеге енгізу мерзімдерін, сондай-ақ географиялық шекараларды көрсете отырып, жеке меншіктің әртүрлі деңгейлеріндегі квазимемлекеттік сектор субъектілері үшін рұқсат етілген экономикалық қызмет түрлерінің тізбесін бекіту қарастырылады.
Сонымен қатар Қазақстан Республикасы Кәсіпкерлік кодексінің (бұдан әрі – Кодекс) 192-бабы 1-тармағының 5) тармақшасына сәйкес мемлекет тиісті тауар нарығында ұқсас не өзара алмастырылатын тауарды өндіруді және (немесе) өткізуді жүзеге асыратын жеке кәсіпкерлік субъектісі (субъектілері) болмаған жағдайда кәсіпкерлік қызметке қатысады.
Бұл ретте Кодекстің 196-бабының нормаларына сәйкес мемлекеттің кәсіпкерлік қызметке қатысуының орындылығын анықтау үшін тауар нарықтарына талдау жүргізу қажет.
Алайда, негізінде қызмет түрлерінің тізбесіне енгізуге жоспарланған қызмет түрлері айқындалған тауар нарықтарының талдауы Жобаға қоса берілмеген.
Сондай-ақ, қызметі Жобаға сәйкес келмейтін, бәсекелес ортаға беруге жоспарланған субъектілер тізбесіне енгізілген квазимемлекеттік сектор субъектілерінің мәртебесі де Жобада айқындалмаған.
Кодекстің 66-бабы 3-тармағына сәйкес сараптама қорытындысымен келіспеген жағдайда әзірлеуші мемлекеттік орган сараптама қорытындысын алған күннен бастап он жұмыс күні ішінде осы қорытындыны берген сараптама кеңесі мүшесіне және Ұлттық палатаға келіспеу себептерінің негіздемесі бар жауапты жібереді. Мұндай жауап заң жобасының тұжырымдамасына, нормативтік құқықтық акт қабылданғанға дейін оның жобасына міндетті қосымша болып табылатынын хабарлаймыз.
Басқарма төрағасының орынбасары Е. Өстеміров