Тапсырыс беруші мемлекеттік мекемелер төтенше жағдайдың аяқталғанымен карантин мерзімінің ұзарып, мемлекеттік шекаралардың жабық болуына қарамастан, әлеуетті жеткізіп берушілерден келісмшарттық мерзімнен кешіккен әрбір күн үшін үстемақы талап етуі заңды ма?
Министерство Финансов РК ответ от (24.06.2020) на обращение от (10.06.2020) № 622476/1
Құрметті министр мырза, Еліміздегі жарияланған төтенше жағдайдың және карантин талаптарының әсерінен Қазақстан Республикасы мен Қытай Халық Республикасы арасындағы мемлекеттік шекараның жабық болуына байланысты төтенше жағдайға дейінгі және одан кейінгі «Мемлекеттік сатып алу» порталы арқылы жасалынған келісімшарттық міндеттемелерімізді уақытында орындай алмай отырмыз. Ал, тапсырыс беруші мемлекеттік мекемелер төтенше жағдай алынған 11 мамырдан бастап әр күн үшін өтемақы өндіріп алуды талап етіп әр түрлі хабарламалар жіберіп жатыр. Осы орайда, тапсырыс беруші мемлекеттік мекемелер төтенше жағдайдың аяқталғанымен карантин мерзімінің ұзарып, мемлекеттік шекаралардың жабық болуына қарамастан, әлеуетті жеткізіп берушілерден келісмшарттық мерзімнен кешіккен әрбір күн үшін үстемақы талап етуі заңды ма? Қаншалықты заңды?
Отправитель сообщения: ТОВАРИЩЕСТВО С ОГРАНИЧЕННОЙ ОТВЕТСТВЕННОСТЬЮ "AIALA GROUP
Дата подачи обращения: 10.06.2020
Номер обращения: 622476/1
Жамаубаев Е.К. 24.06.2020, 12:35
Қайырлы күн! «Экономиканы одан әрі тұрақтандыру жөніндегі шаралар туралы» Қазақстан Республикасы Президентінің 2020 жылғы 16 наурыздағы № 287 Жарлығын іске асыру үшін Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2020 жылғы 20 наурыздағы № 127 қаулысымен Мемлекеттік сатып алудың арнайы тәртібі (бұдан әрі – Арнайы тәртіп) бекітілді. Арнайы тәртіптің 9-1 тармағына сәйкес, жеңімпаздар деп айқындалған әлеуетті өнім берушілер төтенше жағдай енгізу салдарынан туындаған, мемлекеттік сатып алу туралы шарт жасасудан жалтарған немесе өнім беруші шарттық міндеттемелерді орындамаған не тиісінше орындамаған жағдайларда тапсырыс беруші мұндай әлеуетті өнім берушілерді немесе өнім берушілерді сатып алуға жосықсыз қатысушылардың тізіліміне енгізу және оларға айыппұл санкцияларын қолдану жөнінде шараларды қолданбайды. Төтенше жағдай енгізу салдарынан туындаған, шарттық міндеттемелерді орындамаған не тиісінше орындамаған жағдайда тапсырыс беруші өнім берушіні аталған фактілер туралы хабардар еткен күннен бастап үш жұмыс күні өткен соң мемлекеттік сатып алу туралы шартты біржақты тәртіппен бұзуға құқылы. Мемлекеттік сатып алу туралы шарттар бойынша төлем осы мемлекеттік сатып алу туралы шарт бойынша міндеттемелер орындалған күннен бастап бес жұмыс күнін қоса алғанда аспайтын мерзімде жүзеге асырылады. Мемлекеттік сатып алу туралы қолданыстағы заңнамаға сәйкес туындаған немесе туындайтынан қатынастар үшін тапсырыс берушілер заңнамада белгіленген тәртіппен осы тармақтан туындайтын шараларды қабылдайды. Осылайша, мемлекеттік сатып алу туралы қолданыстағы заңнамаға сәйкес туындаған немесе туындайтынан қатынастар үшін тапсырыс берушілер әлеуетті өнім берушілерді немесе өнім берушілерді сатып алуға жосықсыз қатысушылардың тізіліміне енгізу және оларға айыппұл санкцияларын қолдану жөнінде шараларды қолданбайды. Бұдан басқа, ҚР Азаматтық кодексінің 359-бабының 1, 2-тармақтарына сәйкес, егер заңдарда немесе шартта өзгеше көзделмесе, борышкер кінәсі болған кезде міндеттемені орындамағаны және (немесе) тиісінше орындамағаны үшін жауап береді. Егер борышқор міндеттемені тиісінше орындау үшін өзіне байланысты барлық шараларды қолданғанын дәлелдесе, ол кінәсіз деп танылады. Кәсіпкерлік қызметті жүзеге асыру кезінде міндеттемені орындамаған немесе тиісінше орындамаған адам, егер еңсерілмейтін күштің, яғни осы жағдайлар кезінде төтенше және еңсерілмейтін мән-жайлар (дүлей құбылыстар, әскери әрекеттер және т.б.) салдарынан тиісінше орындау мүмкін еместігін дәлелдей алмаса, мүліктік жауаптылықта болады. Мұндай жағдайларға, атап айтқанда, нарықта орындау үшін қажетті тауарлардың, жұмыстардың немесе көрсетілетін қызметтердің болмауы жатпайды. Заңдарда немесе шартта жауапкершіліктің немесе одан босатудың өзге де негіздері көзделуі мүмкін. Өз кезегінде, Мемлекеттік сатып алу туралы Үлгі шартқа сәйкес (мемлекеттік сатып алуды жүзеге асыру ережесіне қосымша) Шарттың мақсаттары үшін "форс-мажор" Тараптардың бақылауына бағынбайтын және күтпеген сипаты бар оқиғаны білдіреді. Мұндай оқиғалар мыналарды қамтуы мүмкін, бірақ тек қана емес: әскери іс-қимылдар, табиғи немесе табиғи апаттар және басқалар. Баяндалғанға байланысты, Шарттың талаптарын орындамаған өнім беруші коронавируспен болған жағдайға байланысты, егер ол міндеттемені тиісінше орындау үшін өзіне байланысты барлық шараларды қолданғанын дәлелдесе, жоғарыдағы себебі бойынша Шарт талаптарын орындамағаны үшін жауапкершіліктен босатылуы мүмкін.