«Мемлекеттік көрсетілетін қызметтер туралы» 2013 жылғы 15 сәуірдегі Қазақстан Республикасы Заңының 10-бабының 1) тармақшасына сәйкес БҰЙЫРАМЫН:
Отправить по почте
«Білім беруге гранттарды тағайындау, сондай-ақ жоғары білім беру ұйымдарында білім алушыларға әлеуметтік қолдау көрсету» мемлекеттік көрсетілетін қызмет қағидаларын бекіту туралы Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрінің 2020 жылғы 7 шiлдедегi № 286 бұйрығы. Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде 2020 жылғы 8 шiлдеде № 20939 болып тіркелді
Редакция 17.08.2024 жылы берілген өзгерістер мен толықтырулармен
«Мемлекеттік көрсетілетін қызметтер туралы» 2013 жылғы 15 сәуірдегі Қазақстан Республикасы Заңының 10-бабының 1) тармақшасына сәйкес БҰЙЫРАМЫН:
1. Осы бұйрыққа 1-қосымшаға сәйкес қоса беріліп отырған «Білім беруге гранттарды тағайындау, сондай-ақ жоғары білім беру ұйымдарында білім алушыларға әлеуметтік қолдау көрсету» мемлекеттік көрсетілетін қызмет қағидалары бекітілсін.
2. Осы бұйрыққа 2-қосымшаға сәйкес Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрлігінің кейбір бұйрықтарының күші жойылды деп танылсын.
3. Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрлігінің Жоғары және жоғары оқу орнынан кейінгі білім департаменті Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген тәртіппен:
1) осы бұйрықтың Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркелуін;
2) осы бұйрық ресми жарияланғаннан кейін оны Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрлігінің ресми интернет-ресурсында орналастыруды;
3) осы бұйрық мемлекеттік тіркеуден өткеннен кейін он жұмыс күні ішінде Қазақстан Респуликасы Білім және ғылым министрлігінің Заң қызметі департаментіне осы тармақтың 1) және 2) тармақшаларында көзделген іс-шаралардың орындалуы туралы мәліметтерді ұсынуды қамтамасыз етсін.
4. Осы бұйрықтың орындалуын бақылау Қазақстан Республикасының Білім және ғылым вице-министрі М.М. Дәуленовке жүктелсін.
5. Осы бұйрық алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін қолданысқа енгізіледі.
Қазақстан Республикасының Білім және ғылым министрі А. Аймагамбетов
Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрінің 2020 жылғы 7 шілдесі № 286 бұйрығына 1-қосымша
Білім беру гранттарын тағайындау, сондай-ақ жоғары және (немесе) жоғары оқу орнынан кейінгі білім беру ұйымдарында білім алушыларға әлеуметтік қолдау көрсету» мемлекеттік көрсетілетін қызмет қағидалары
Қағидалардың тақырыбы жаңа редакцияда жазылды ҚР Ғылым және жоғары білім министрінің 19.12.2022 жылғы № 191 Бұйрығына сәйкес (07.07.2020 ж. редакцияны қараңыз)(өзгерту 02.01.2023 жылдан бастап қолданысқа енгізіледі)
1-бөлім. Жалпы ережелер
1. Осы «Білім беруге гранттарды тағайындау, сондай-ақ жоғары білім беру ұйымдарында білім алушыларға әлеуметтік қолдау көрсету» мемлекеттік көрсетілетін қызмет қағидалары (бұдан әрі – Қағидалар) «Мемлекеттік көрсетілетін қызметтер туралы» Қазақстан Республикасы Заңының 10-бабының 1) тармақшасына сәйкес әзірленген және көрсетілетін қызметтің тәртібін айқындайды.
1-тармақ жаңа редакцияда жазылды ҚР Ғылым және жоғары білім министрінің 19.12.2022 жылғы № 191 Бұйрығына сәйкес (07.07.2020 ж. редакцияны қараңыз)(өзгерту 02.01.2023 жылдан бастап қолданысқа енгізіледі)
2. Осы Қағидада мынадай ұғымдар пайдаланылады:
1) «білім беру гранты – «бакалавр» немесе «магистр» дәрежелері берілетін жоғары және жоғары оқу орнынан кейінгі білім алуға ақы төлеу үшін білім алушыға Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген шарттармен берілетін нысаналы ақша сомасы;
1-тармақша жаңа редакцияда жазылды ҚР Ғылым және жоғары білім министрінің 19.12.2022 жылғы № 191 Бұйрығына сәйкес (07.07.2020 ж. редакцияны қараңыз)(өзгерту 02.01.2023 жылдан бастап қолданысқа енгізіледі)
2) білім беру бағдарламаларының топтары – даярлау бағыттары бейінінің ортақтығымен біріктірілген және белгілі білім беру саласы шеңберінде кадрлар даярлауды қамтамасыз ететін білім беру бағдарламаларының жиынтығы;
3) көрсетілетін қызметті берушінің құрылымдық бөлімшесі – өтініш қабылдауды және мемлекеттік қызмет көрсету нәтижелерін беруді жүзеге асыратын жоғары және (немесе) жоғары оқу орнынан кейінгі білім беру ұйымдары.
3. «Білім беруге гранттарды тағайындау, сондай-ақ жоғары білім беру ұйымдарында білім алушыларға әлеуметтік қолдау көрсету» мемлекеттік көрсетілетін қызметті (бұдан әрі – мемлекеттік көрсетілетін қызмет) Қазақстан Республикасы Ғылым және жоғары білім министрлігі (бұдан әрі – көрсетілетін қызметті беруші) көрсетеді.
3-тармақ жаңа редакцияда жазылды ҚР Ғылым және жоғары білім министрінің 19.12.2022 жылғы № 191 Бұйрығына сәйкес (07.07.2020 ж. редакцияны қараңыз)(өзгерту 02.01.2023 жылдан бастап қолданысқа енгізіледі)
2-бөлім. Мемлекеттік қызметті көрсету тәртібі
4. Мемлекеттік қызметті алу үшін жеке тұлғалар (бұдан әрі – көрсетілетін қызметті алушы) көрсетілетін қызметті берушіге (жоғары және (немесе) жоғары оқу орнынан кейінгі білім беру ұйымдарының қабылдау комиссиясы арқылы) (бұдан әрі – ЖЖОКБҰ) немесе «электрондық үкімет» веб-порталы (бұдан әрі – портал) арқылы осы Қағидаларға қосымшаға сәйкес «Білім беруге гранттарды тағайындау, сондай-ақ жоғары білім беру ұйымдарында білім алушыларға әлеуметтік қолдау көрсету» мемлекеттік қызмет көрсетуге қойылатын негізгі талаптар тізбесінің (бұдан әрі – Негізгі талаптар тізбесі) 8-тармағында көзделген құжаттар тізбесін ұсынады.
4-тармақ жаңа редакцияда жазылды ҚР Ғылым және жоғары білім министрінің 19.12.2022 жылғы № 191 Бұйрығына сәйкес (07.07.2020 ж. редакцияны қараңыз)(өзгерту 02.01.2023 жылдан бастап қолданысқа енгізіледі)
5. Мемлекеттік қызмет көрсету процесінің сипаттамасын, нысанын, мазмұны мен нәтижесін, сондай-ақ мемлекеттік қызмет көрсету ерекшеліктерін ескере отырып, өзге де мәліметтерді қамтитын мемлекеттік қызмет көрсетуге қойылатын негізгі талаптар тізбесі Негізгі талаптар тізбесінде келтірілген.
5-тармақ жаңа редакцияда жазылды ҚР Ғылым және жоғары білім министрінің 19.12.2022 жылғы № 191 Бұйрығына сәйкес (07.07.2020 ж. редакцияны қараңыз)(өзгерту 02.01.2023 жылдан бастап қолданысқа енгізіледі)
6. Көрсетілетін қызметті берушінің қызметкері – ЖЖОКБҰ қабылдау комиссиясының хатшысы күнтізбелік жылдың 13 мен 20 шілде аралығында құжаттар топтамасын қабылдауды, оларды тіркеуді және көрсетілетін қызметті алушыға құжаттар топтамасын қабылдау туралы қолхат беруді жүзеге асырады немесе көрсетілетін қызметті алушы құжаттар топтамасын толық ұсынбаған жағдайда құжаттарды қабылдаудан бас тартады.
7. Құжаттарды портал арқылы берген жағдайда көрсетілетін қызметті алушының «жеке кабинетінде» мемлекеттік қызмет көрсетуге арналған сұрау салуды қарау мәртебесі туралы ақпарат, сондай-ақ мемлекеттік көрсетілетін қызмет нәтижесін алу күні мен уақыты көрсетілген хабарлама көрсетіледі.
8. Көрсетілетін қызметті беруші ұсынылған құжаттардың және (немесе) оларда қамтылған деректердің (мәліметтердің) толықтығын түскен сәтінен бастап тексереді, егер көрсетілетін қызметті алушы құжаттар топтамасын толық ұсынбаған жағдайда көрсетілетін қызметті беруші өтінішті одан әрі қараудан бас тартады, ол жайында порталдағы «жеке кабинетіне» электрондық құжат нысанында өтініш берушіге жіберіледі.
9. «Құжаттар пакетін қабылдағаннан кейін ЖЖКОБҰ қабылдау комиссиясының хатшысы күнтізбелік жылғы 21 шілдеге дейін 1 (бір жұмыс) күні ішінде ЖЖОКБҰ қабылдау комиссиясының дерекқорынан мәліметтерді Қазақстан Республикасы Ғылым және жоғары білім министрлігінің «Ұлттық тестілеу орталығы» шаруашылық жүргізу құқығындағы республикалық мемлекеттік кәсіпорнының (бұдан әрі – ҰТО) жалпы дерекқорына жібереді.
9-тармақ өзгертілді ҚР Ғылым және жоғары білім министрінің 19.12.2022 жылғы № 191 Бұйрығымен (07.07.2020 ж. редакцияны қараңыз)(өзгерту 02.01.2023 жылдан бастап қолданысқа енгізіледі) 9-тармақ жаңа редакцияда жазылды ҚР Ғылым және жоғары білім министрінің 2024 жылғы 31 шiлдедегi № 385 Бұйрығына сәйкес (19.12.2022 ж. редакцияны қараңыз)(өзгерту 17.08.2024 жылдан бастап қолданысқа енгізіледі)
Көрсетілетін қызметті алушыға білім беру гранттарын тағайындау конкурсына қатысу туралы анықтама беріледі.
ҰТО күнтізбелік жылдың 22 - 27 шілде аралығында республикалық конкурстық комиссияның отырысында қарау үшін деректер базасын және қажетті шығыс құжаттарын (білім беру бағдарламалары топтары бөлінісінде жиынтық ведомостарды) әзірлейді.
Республикалық конкурстық комиссияның шешімі негізінде көрсетілетін қызметті беруші күнтізбелік жылдың 10 тамызына дейін білім беру гранттарын беру туралы бұйрық шығарады. Бұйрықтың көшірмесі ҰТО-ға беріледі. Көрсетілетін қызметті берушінің бұйрығы негізінде ҰТО 3 (үш) жұмыс күні ішінде білім беру гранттарын тағайындау туралы электрондық куәліктерді дайындауды жүзеге асырады.
10. Көрсетілетін қызметті беруші білім беру грантын тағайындау туралы электрондық куәлік беруді ЖЖОКБҰ-мен 20 тамыздан кешіктірілмей беріледі, сондай-ақ күнтізбелік жылдың 1 қыркүйегінен кешіктірмей ЖЖОКБҰ басшысының стипендия тағайындау туралы бұйрығы қабылданады.
Порталда білім беру грантын беру туралы электрондық куәлік көрсетілетін қызметті алушының «жеке кабинетіне» көрсетілетін қызметті беруші басшысының ЭЦҚ қойылған электрондық құжат нысанында жіберіледі.
Білім гранттары иегерлерінің тізімі бұқаралық ақпарат құралдарында жарияланады.
11. Көрсетілетін қызметті беруші Мемлекеттік қызмет көрсету тәртібін айқындайтын заңға тәуелді нормативтік құқықтық актіні бекіткен немесе өзгерткен күннен бастап үш жұмыс күні ішінде оны көрсету тәртібі туралы ақпаратты өзектендіреді және Заңның 23-бабының 2-тармағына сәйкес Бірыңғай байланыс орталығына жібереді.
11-тармақ жаңа редакцияда жазылды ҚР Ғылым және жоғары білім министрінің 2024 жылғы 31 шiлдедегi № 385 Бұйрығына сәйкес (19.12.2022 ж. редакцияны қараңыз)(өзгерту 17.08.2024 жылдан бастап қолданысқа енгізіледі)
3-бөлім. Орталық мемлекеттік органның, көрсетілетін қызметті берушінің және (немесе) оның лауазымды адамдарының мемлекеттік қызметтер көрсету мәселелері бойынша шешімдеріне, әрекетіне (әрекетсіздігіне) шағымдану тәртібі
12. Мемлекеттік қызметтер көрсету мәселелері бойынша көрсетілетін қызметті берушінің шешіміне, әрекетіне (әрекетсіздігіне) шағым Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес көрсетілетін қызметті беруші басшысының атына, мемлекеттік қызметтер көрсету сапасын бағалау және бақылау жөніндегі уәкілетті органға берілуі мүмкін.
13. Заңның 25-бабының 2-тармағына сәйкес тікелей мемлекеттік қызметті көрсететін көрсетілетін қызметті берушінің атына келіп түскен көрсетілетін қызметті алушының шағымы тіркелген күнінен бастап бес жұмыс күні ішінде қаралуға жатады.
14. Мемлекеттік қызметтер көрсету сапасын бағалау және бақылау жөніндегі уәкілетті органның атына келіп түскен көрсетілетін қызметті алушының шағымы тіркелген күнінен бастап 15 (он бес) жұмыс күні ішінде қаралуға жатады.
15. Көрсетілген мемлекеттік қызмет нәтижелерімен келіспеген жағдайда, көрсетілетін қызметті алушы Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген тәртіппен сотқа жүгінуге құқылы.
Білім беруге гранттарды тағайындау, сондай-ақ жоғары білім беру ұйымдарында білім алушыларға әлеуметтік қолдау көрсету» мемлекеттік қызмет көрсетуге қойылатын негізгі талаптар тізбесіне қосымша
Қосымша өзгертілді ҚР Ғылым және жоғары білім министрінің 19.12.2022 жылғы № 191 Бұйрығымен (07.07.2020 ж. редакцияны қараңыз)(өзгерту 02.01.2023 жылдан бастап қолданысқа енгізіледі) Қосымша өзгертілді ҚР Ғылым және жоғары білім министрінің 2024 жылғы 31 шiлдедегi № 385 Бұйрығымен (19.12.2022 ж. редакцияны қараңыз)(өзгерту 17.08.2024 жылдан бастап қолданысқа енгізіледі)
«Білім беруге гранттарды тағайындау, сондай-ақ жоғары білім беру ұйымдарында білім алушыларға әлеуметтік қолдау көрсету» мемлекеттік қызмет көрсетуге қойылатын негізгі талаптар тізбесі (бұдан әрі – Негізгі талаптар тізбесі) |
||
1. |
Көрсетілетін қызметті берушінің атауы |
Мемлекеттік қызметті Қазақстан Республикасы Ғылым және жоғары білім министрлігі (ЖЖОКБҰ қабылдау комиссиясы арқылы) (бұдан әрі – көрсетілетін қызметті беруші) көрсетеді. |
2. |
Мемлекеттік қызметті көрсету тәсілдері |
Өтінішті қабылдау және мемлекеттік қызметті көрсету нәтижесін беру: 1) көрсетілетін қызметті беруші; 2) www.egov.kz «электрондық үкімет» веб-порталы (бұдан әрі – портал) арқылы жүзеге асырылады. |
3. |
Мемлекеттік қызмет көрсету мерзімі |
Мемлекеттік қызметті көрсету мерзімдері көрсетілетін қызметті берушіге және порталға құжаттар топтамасын тапсырған сәттен бастап: 1) 20 тамызға дейін білім беру грантын беру туралы электрондық куәлік беру; 2) күнтізбелік жылдың 1 қыркүйегіне дейін ЖЖОКБҰ басшысының стипендия тағайындау туралы бұйрығын қабылдау. Конкурсқа қатысу үшін өтініш, оның ішінде портал арқылы білім беру гранттарын беруге өтініш күнтізбелік жылдың 13-20 шілде аралығында қабылданады. |
4. |
Мемлекеттік қызмет көрсету нысаны |
Электрондық (ішінара автоматтандырылған) / қағаз түрінде |
5. |
Мемлекеттік қызметті көрсету нәтижесі |
Мемлекеттік қызметті көрсету нәтижесі білім беру грантын тағайындау туралы электрондық куәлік, сондай-ақ ЖЖОКБҰ басшысының стипендия тағайындау туралы бұйрығы немесе мемлекеттік қызметті көрсетуден негіздемелі бас тарту болып табылады. Мемлекеттік қызметті көрсету нәтижесін ұсыну нысаны: электрондық/қағаз түрінде. Көрсетілетін қызметті берушіге мемлекеттік қызмет көрсету нәтижесі үшін қағаз жеткізгіште жүгінген кезде нәтиже қағаз жеткізгіште ресімделеді. Портал арқылы жүгінген кезде көрсетілетін қызметті алушының «жеке кабинетіне» көрсетілетін қызметті берушінің уәкілетті тұлғасының электрондық цифрлық қолтаңбасымен (бұдан әрі – ЭЦҚ) қол қойылған электрондық құжат нысанында білім беру грантын тағайындау туралы электрондық сертификаттың дайындығы жөнінде хабарлама келеді. |
6. |
Мемлекеттік қызмет көрсету кезінде көрсетілетін қызметті алушыдан алынатын төлемақы мөлшерін және Қазақстан Республикасының заңнамасында көзделген жағдайларда оны алу тәсілдері |
Мемлекеттік қызмет тегін көрсетіледі. |
7. |
Көрсетілетін қызметті берушінің және ақпарат объектілерінің жұмыс кестесі |
Көрсетілетін қызметті беруші: Қазақстан Республикасының еңбек заңнамасына сәйкес демалыс және мереке күндерін қоспағанда, дүйсенбіден бастап сенбіні қоса алғанда, көрсетілетін қызметті берушінің белгіленген жұмыс кестесіне сәйкес сағат 13.00-ден 14.30-ға дейінгі түскі үзіліспен сағат 9.00-ден 18.30-ға дейін. Портал: жөндеу жұмыстарын жүргізуге байланысты техникалық үзілістерді қоспағанда, тәулік бойы. Көрсетілетін қызметті алушы жұмыс уақыты аяқталғаннан кейін, демалыс және мереке күндері Қазақстан Республикасының еңбек заңнамасына сәйкес жүгінген кезде өтініштерді қабылдау және Мемлекеттік қызмет көрсету нәтижелерін беру келесі жұмыс күні жүзеге асырылады. Мемлекеттік көрсетілетін қызмет орындарының мекен-жайлары: 1) Министрліктің интернет-ресурсында: www.sci.gov.kz; 2) порталда: www.egov.kz орналастырылған |
8. |
Мемлекеттік қызмет көрсету үшін көрсетілетін қызметті алушыдан талап етілетін құжаттар мен мәліметтердің тізбесі |
көрсетілетін қызметті берушіге өтініш жасаған кезде: 1) осы Негізгі талаптар тізбесіне қосымшаға сәйкес нысан бойынша конкурсқа өтініш; 2) білімі туралы құжат (түпнұсқа); 3) ұлттық бірыңғай тестілеу сертификаты (әскерге шақыру бойынша мерзімді әскери қызметтің белгіленген мерзімін өткерген Қазақстан Республикасының азаматтарынан басқа); 4) жеке басын куәландыратын құжат немесе цифрлық құжаттар сервисінен электрондық құжат (жеке басын сәйкестендіру үшін қажет); 5) дәрігерлік-консультациялық комиссияның қорытындысы; 6) екі немесе жалғыз ата-анасының қайтыс болуы туралы куәлік немесе қайтыс болу туралы хабарлама немесе ата-анасының жоқтығын растайтын өзге де құжаттар (ата-ана құқықтарынан айрылған не олар шектелген, хабар-ошарсыз кеткен деп тану, оларды қайтыс болды деп жариялау туралы сот шешімі); 7) Ұлы Отан соғысының қатысушыларына жеңілдіктер бойынша теңестірілген адамдар үшін растама құжат (бар болса); 8) Қазақстан Республикасының азаматтары болып табылмайтын ұлты қазақ адамдар үшін растама құжат (бар болса). Осы 5), 7) және 8) тармақшаларда көрсетілген құжаттар түпнұсқаларда және көшірмелерде ұсынылады, салыстырып тексерілгеннен кейін түпнұсқалары өтініш берушіге қайтарылады. Мемлекеттік білім беру тапсырысы негізінде ЖЖКОБҰ дайындық бөлімдерін күшейтілген тілдік дайындықпен бітірген тұлғалар ЖЖОКБҰ басшысы қол қойған бітіргені туралы транскриптіні ұсынады. Техникалық және кәсіптік, орта білімнен кейінгі білімнің білім беру бағдарламаларын іске асыратын білім беру ұйымдарының білім туралы құжаттары бар, біліктілігін растаған және тиісінше мамандық бойынша кемінде бір жыл жұмыс өтілі бар тұлғалар қосымша мына құжаттардың біреуін тапсырады: 1) еңбек кітапшасы; 2) ұйымның мөрімен (егер бар болса) куәландырылған жұмыс берушінің қолы қойылған қызметтік тізім (қызметкердің жұмысы, еңбек қызметі туралы мәліметтер тізбесі); 3) қызметкердің еңбек қызметі туралы мәліметті қамтитын архивтік анықтама; 4) бірыңғай жинақтаушы зейнетақы қорынан аударылған міндетті зейнетақы жарналары туралы үзінді және Мемлекеттік әлеуметтік сақтандыру қорынан алынған әлеуметтік аударымдар туралы мәліметтер; 5) жұмыс беруші тоқтатылу күні мен негіздемесі туралы белгі қойған еңбек шарты; 6) жұмыс берушінің актілерінен еңбек шартын жасасу және тоқтату негізінде еңбек қатынастарының туындауы мен тоқтатылуын растайтын үзінділер; 7) жұмыскерлерге жалақы төлеу ведомосынан үзінділер. Жоғары білімнің білім беру грантын беруге арналған конкурсқа қатысу үшін оқуға түсуші өтініште өзі таңдаған жоғары білім беру бағдарламаларының тобын және ЖЖОКБҰ-ны көрсетеді. Бейіндік пәндер сәйкес келген жағдайда, оқуға түсуші білім беру бағдарламаларының төрт тобына дейін көрсете алады. Құжаттардың қабылданғанын растау құжаттарды қабылдаған адамның тегі мен аты-жөні, сондай-ақ мөртаңба, кіріс нөмірі мен күні көрсетілген қолхат беру болып табылады. Әлеуметтік қолдау алу үшін қызмет алушы ЖЖОКБҰ қабылдау комиссиясына: 1) ЖЖОКБҰ басшысының атына еркін нысандағы өтініш; 2) дәрігерлік-консультациялық комиссияның қорытындысы; 3) екі немесе жалғыз ата-анасының қайтыс болуы туралы куәлік немесе қайтыс болу туралы хабарлама немесе ата-анасының жоқтығын растайтын өзге де құжаттар (ата-ана құқықтарынан айрылған не олар шектелген, хабар-ошарсыз кетті деп тану, оларды қайтыс болды деп жариялау, әрекетке қабілетсіз (әрекет қабілеті шектеулі) деп тану туралы сот шешімі); 4) Ұлы Отан соғысының қатысушыларына жеңілдіктер бойынша теңестірілген тұлғалардың растайтын құжаттары; 5) жеке басын куәландыратын құжат немесе цифрлық құжаттар сервисінен электрондық құжатты (жеке басын сәйкестендіру үшін қажет) ұсынады. Осы 4) тармақшада көрсетілген құжаттар түпнұсқаларда және көшірмелерде ұсынылады, салыстырып тексерілгеннен кейін түпнұсқалары өтініш берушіге қайтарылады. портал арқылы өтініш жасаған кезде: 1) көрсетілетін қызметті алушының ЭЦҚ қойылған электрондық құжат нысанындағы конкурсқа өтініш; 2) білімі туралы электрондық құжат; 3) 3х4 көлеміндегі сандық фото; 4) «Денсаулық сақтау саласындағы есепке алу құжаттамасының нысандарын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрінің міндетін атқарушының 2020 жылғы 30 қазандағы № ҚР ДСМ-175/2020 бұйрығымен (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 21579 болып тіркелген) (бұдан әрі – № ҚР ДСМ-175/2020 бұйрық) бекітілген 075/у нысаны бойынша электрондық форматтағы медициналық анықтама; 5) дәрігерлік-консультациялық комиссия қорытындысының электрондық нұсқасы; 6) көрсетілетін қызметті алушының артықшылықтарын растайтын электрондық құжаттар (екі немесе жалғыз ата-анасының қайтыс болғаны туралы куәлік немесе қайтыс болу туралы хабарлама немесе ата-анасының жоқтығын растайтын өзге де құжаттар, жеңілдіктер бойынша Ұлы Отан соғысына қатысушыларға теңестірілген адамдардың құжаттарын растайтын құжаттар, мүгедектігі туралы анықтамалар). Жеке басын куәландыратын, қорғаншылық және қамқоршылық жөніндегі құжат, Ұлттық бірыңғай тестілеу сертификаты (әскерге шақыру бойынша мерзімді әскери қызметтің белгіленген мерзімін өткерген Қазақстан Республикасының азаматтарынан басқа) туралы мәліметтерді көрсетілетін қызметті беруші «электрондық үкімет» шлюзі арқылы тиісті мемлекеттік ақпараттық жүйелерден ақпараттық жүйе арқылы алады. Мемлекеттік қызметті көрсету кезінде көрсетілетін қызметті алушы ақпараттық жүйелерде қамтылған заңмен қорғалатын құпияны құрайтын мәліметтерді пайдалануға жазбаша келісім береді. Өтініш берілгеннен кейін көрсетілетін қызметті алушыға «жеке кабинетте» конкурсқа қатысу үшін құжаттарды қабылдау туралы хабарлама не бас тарту туралы дәлелді жауап беріледі. Білім беру гранты тағайындалған жағдайда көрсетілетін қызметті алушы білім беру гранты туралы электрондық куәлікті грантты ұтқан ЖЖОКБҰ-дан алады. Жоғары білімі бар мамандар даярлауға арналған мемлекеттік білім беру тапсырысын мамандықтар бойынша бөлу туралы мәліметтер бұқаралық ақпарат құралдарында, сондай-ақ Министрліктің www.sci.gov.kz интернет-ресурсында жарияланады. |
9. |
Мемлекеттік қызмет көрсетуден бас тарту үшін Қазақстан Республикасының заңдарында белгіленген негіздерді қамтитын мемлекеттік көрсетілетін қызмет |
Көрсетілетін қызметті беруші мынадай негіздер бойынша Мемлекеттік қызмет көрсетуден бас тартады: |
10. |
Мемлекеттік қызметті, оның ішінде электрондық нысанда және Мемлекеттік корпорация арқылы көрсету ерекшеліктері ескеріле отырып қойылатын өзге де талаптар |
1) көрсетілетін қызметті алушының құжаттар топтамасын тапсыруы үшін күтудің рұқсат етілген ең ұзақ уақыты-15 минут; 2) көрсетілетін қызметті алушыға қызмет көрсетудің рұқсат етілген ең ұзақ уақыты-15 минут (практиканы ескере отырып). Көрсетілетін қызметті алушы ЭЦҚ болған жағдайда Мемлекеттік көрсетілетін қызметті портал арқылы электрондық нысанда алады. Көрсетілетін қызметті алушының мемлекеттік қызмет көрсету тәртібі мен мәртебесі туралы ақпаратты қашықтықтан қол жеткізу режимінде көрсетілетін қызметті берушінің Мемлекеттік қызмет көрсету мәселелері жөніндегі анықтама қызметтері, Бірыңғай байланыс орталығы арқылы алуға мүмкіндігі бар. Көрсетілетін қызметті берушінің Мемлекеттік қызмет көрсету мәселелері жөніндегі анықтама қызметтерінің байланыс телефондары Министрліктің интернет-ресурсында орналастырылған: www.edu.gov.kz және бірыңғай байланыс орталығы: 8-800-080-7777, 1414. Бірыңғай байланыс орталығы «1414», 8-800-080-7777. |
«Білім беруге гранттарды тағайындау, сондай-ақ жоғары білім беру ұйымдарында білім алушыларға әлеуметтік қолдау көрсету» мемлекеттік көрсетілетін қызмет қағидаларына қосымша
Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрінің 2020 жылғы 7 шілдесі № 286 бұйрығына 2-қосымша
Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрлігінің кейбір күші жойылған бұйрықтарының тізбесі
1. «Жоғары және жоғары оқу орнынан кейінгі білім беру саласында көрсетілетін мемлекеттік қызмет стандарттарын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрінің 2015 жылғы 9 сәуірдегі № 186 бұйрығы (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 11212 болып тіркелген, 2015 жылғы 15 маусымдағы «Әділет» ақпараттық-құқықтық жүйесінде жарияланған).
2. «Жоғары және жоғары оқу орнынан кейінгі білім беру саласында көрсетілетін мемлекеттік қызмет стандарттарын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Білім және ғылым Министрінің 2015 жылғы 9 сәуірдегі № 186 бұйрығына өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы» Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрінің 2015 жылғы 24 қарашадағы № 654 бұйрығы (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 12509 болып тіркелген, 2015 жылғы 31 желтоқсандағы «Әділет» ақпараттық-құқықтық жүйесінде жарияланған).
3. «Жоғары және жоғары оқу орнынан кейінгі білім беру саласында көрсетілетін мемлекеттік қызмет стандарттарын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрінің 2015 жылғы 9 сәуірдегі № 186 бұйрығына өзгерістер енгізу туралы» Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрінің 2016 жылғы 21 қаңтардағы № 55 бұйрығы (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 113332 болып тіркелген, 2016 жылғы 14 наурыздағы «Әділет» ақпараттық-құқықтық жүйесінде жарияланған).
4. «Жоғарғы және жоғары оқу орнынан кейінгі білім беру саласында көрсетілетін мемлекеттік қызмет стандарттарын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрінің 2015 жылғы 9 сәуірдегі № 186 бұйрығына өзгерістер мен толықтыру енгізу туралы» Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрінің м.а. 2017 жылғы 3 қарашадағы № 561 бұйрығы (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 16058 болып тіркелген, 2017 жылғы 23 желтоқсанда ҚР НҚА электрондық түрдегі эталондық бақылау банкінде жарияланған).
5. «Жоғары және жоғары оқу орнынан кейінгі білім беру саласында көрсетілетін мемлекеттік қызмет стандарттарын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрінің 2015 жылғы 9 сәуірдегі № 186 бұйрығына өзгеріс енгізу туралы» Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрінің 2018 жылғы 11 қаңтардағы № 11 бұйрығы (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 16350 болып тіркелген, 2018 жылғы 26 ақпанда ҚР НҚА электрондық түрдегі эталондық бақылау банкінде жарияланған).
6. «Жоғары және жоғары оқу орнынан кейінгі білім беру саласындағы мемлекеттік көрсетілетін қызметтер регламенттерін бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрінің 2015 жылғы 2 маусымдағы № 358 бұйрығы (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 11555 болып тіркелген, 2015 жылғы 14 шілдеде «Әділет» ақпараттық-құқықтық жүйесінде жарияланған).
7. «Жоғары және жоғары оқу орнынан кейінгі білім беру салаларындағы мемлекеттік көрсетілетін қызметтер регламенттерін бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрінің 2015 жылғы 2 маусымдағы № 358 бұйрығына өзгерістер енгізу туралы» Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрінің 2015 жылғы 24 желтоқсандағы № 705 бұйрығы (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 12929 болып тіркелген, 2016 жылғы 2 ақпанда «Әділет» ақпараттық-құқықтық жүйесінде жарияланған).
8. «Жоғары және жоғары оқу орнынан кейінгі білім беру салаларындағы мемлекеттік көрсетілетін қызметтер регламенттерін бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрінің 2015 жылғы 2 маусымдағы № 358 бұйрығына өзгерістер енгізу туралы» Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрінің м.а. 2016 жылғы 19 ақпандағы № 158 бұйрығы (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 113509 болып тіркелген, 2016 жылғы 30 наурызда «Әділет» ақпараттық-құқықтық жүйесінде жарияланған).
9. «Жоғары және жоғары оқу орнынан кейінгі білім беру салаларындағы мемлекеттік көрсетілетін қызметтер регламенттерін бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрінің 2015 жылғы 2 маусымдағы № 358 бұйрығына өзгеріс енгізу туралы» Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрінің 2018 жылғы 2 сәуірдегі № 127 бұйрығы Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 16809 болып тіркелген, 2018 жылғы 10 мамырда ҚР НҚА электрондық түрдегі эталондық бақылау банкінде жарияланған).