Toggle Dropdown
8
Қазақстан Республикасының халқы арасында коронавирустық инфекция ауруының алдын алу жөніндегі шараларды одан әрі күшейту туралы
Қазақстан Республикасының Бас мемлекеттік санитариялық дәрігерінің 2020 жылғы 25 маусымдағы № 43 қаулысы
Toggle Dropdown
Қазақстан Республикасының халқы арасында COVID-19 коронавирустық инфекциясының (бұдан әрі – COVID-19) таралуының алдын алу мақсатында «Пайда болу және таралу қаупі төнген кезде шектеу іс-шаралары, оның ішінде карантин енгізілетін инфекциялық аурулар тізбесін бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Ұлттық экономика министрінің 2015 жылғы 25 ақпандағы № 130 бұйрығына және «Қазақстан Республикасының аумағында шектеу іс-шараларын, оның ішінде карантинді жүзеге асыру қағидаларын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Ұлттық экономика министрінің 2015 жылғы 20 наурыздағы № 239 бұйрығына сәйкес ҚАУЛЫ ЕТЕМІН:
Toggle Dropdown
І. Облыстардың, Алматы, Нұр-Сұлтан, Шымкент қалаларының аумағындағы шектеу іс-шаралары COVID-19 науқастарына арналған төсек қорының қамтылу пайызы (ТҚҚП) өлшемшарттары және 7 күн ішінде өлшемшарттардың мынадай мәндерінің біріне жеткен кезде R репродуктивті санының орташа мәні негізінде еңгізіледі:
Toggle Dropdown
- ТҚҚП > 90%, R=1-1.15;
Toggle Dropdown
- ТҚҚП = 70-90%, R=1.15-1.3;
Toggle Dropdown
- ТҚҚП=50-70%, R>1.3.
Toggle Dropdown
1. Орталық мемлекеттік органдар, құқық қорғау және арнайы органдар, облыстардың, Алматы, Нұр-Сұлтан, Шымкент қалаларының әкімдері осы қаулының І тармағында көрсетілген өлшемшарттардың мәндеріне жеткен кезде:
Toggle Dropdown
1) көпшілік іс-шараларын (мерекелік, спорттық-көпшілік, ойын-сауық мәдени-көпшілік іс-шараларды, конференциялар, семинарлар, көрмелер және т.б.) өткізуге тыйым салуды;
Toggle Dropdown
2) кинотеатрлар, түнгі клубтар, фитнес, тренажер залдары (орталықтары), сауда-ойын-сауық кешендері жанындағы балалардың ойын алаңдары, мектептен тыс қосымша білім беру ұйымдары (дамыту, білім беру орталықтары, үйірмелер, факультативтер және т.б.), компьютер клубтары, Токио-2020 Олимпиада және Параолимпиада ойындарына ұлттық құрама командаларын дайындау үшін оларды пайдалану кезеңінде ғана Ұлттық олимпиада комитетінде аккредиттелген спорттық базаларды қоспағанда, спорт кешендерінің (үйірмелер, секциялар) қызметін тоқтата тұруды;
Toggle Dropdown
3) медициналық көрсетілімдер бойынша сапарды қоспағанда, COVID-19 бойынша қолайсыз елдерге халықаралық спорттық, мәдени, туристік іс-шараларға шығуға тыйым салуды. Азаматтарға шет елге емделуге шығуға екі адамнан артық емес адам еріп жүргенде мынадай құжаттар болған жағдайда рұқсат беріледі:
Toggle Dropdown
- диагнозды және емдеудің шұғылдығын растау үшін аумақтық амбулаториялық-емханалық ұйымның дәрігерлік-консультациялық комиссиясының «Денсаулық сақтау ұйымдарының бастапқы медициналық құжаттама нысандарын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрінің міндетін атқарушының 2010 жылғы 23 қарашадағы № 907 бұйрығымен бекітілген 035-1/е нысанға сәйкес қорытындысы;
Toggle Dropdown
- аудармасы нотариалдық куәландырылған шетелдік медициналық ұйымның емдеуге шақыру хаты;
Toggle Dropdown
4) тиісті аумақтағы коронавирустық инфекцияның пайда болуы мен таралуына жол бермеу бойынша іс-шараларды үйлестіру жөніндегі өңірлік ведомствоаралық комиссияның және Бас мемлекеттік санитариялық дәрігердің шешімі бойынша өңірлер ішіндегі блок бекеттерде санитариялық-карантиндік бақылауды ұйымдастыруды;
Toggle Dropdown
5) екінші деңгейдегі банктер, «Қазпочта» АҚ бөлімшелерінің қызметін онлайн жұмыс режиміне және эпидемияға қарсы шараларды сақтай отырып «клиенттерге дейін жеткізу» принципі бойынша көшіру арқылы шектеуді;
Toggle Dropdown
6) меншік нысанына қарамастан мектепке дейінгі балалар мекемелерінің, қызмет көрсету саласы объектілерінің қызметін тоқтата тұруды;
Toggle Dropdown
7) жәрмеңкелердің, азық-түлік, азық-түлік емес тауарлар базарларының, автомобиль, киім-кешек, мал базарлары мен адамдар көп жиналатын басқа да объектілердің жұмысын тоқтата тұруды;
Toggle Dropdown
8) қоғамдық көліктің жұмысын тоқтата тұруды және шектеуді;
Toggle Dropdown
9) ауылдық елді мекендер ішінде тұрғындардың жүріп-тұруына тыйым салуды енгізуді;
Toggle Dropdown
діни объектілердің жұмысын тоқтата тұруды;
Toggle Dropdown
облыстың, қалалардың, аудандардың, ауылдық аймақтардың ішінде көктемгі дала жұмыстарын, табиғатты қорғау, ветеринариялық, ауыл шаруашылығы іс-шараларын жүргізуге, сондай-ақ ара шаруашылығында растайтын мемлекеттік тіркеу куәлігін (шаруа қожалығы, фермерлік шаруашылық, жауапкершілігі шектеулі серіктестік, ауыл шаруашылығы тауарын өндіруші, кредиттік серіктестік және шаруашылық жүргізу құқығындағы мемлекеттік коммуналдық кәсіпорын), жеке куәлікті, сондай-ақ жұмыскерлер үшін жұмыс орнынан анықтаманы (мөрмен куәландырылған еркін үлгідегі анықтама) ұсынған кезде тартылған адамдардың көліктерін қоспағанда, жеке көліктің қозғалысын шектеуді;
Toggle Dropdown
тұрғылықты жері бойынша отбасылық іс-шараларды өткізуге тыйым салуды;
Toggle Dropdown
карантин кезеңінде халықтың тыныс-тіршілігін қамтамасыз ету объектілерінің тізбесі мен жұмыс режимін айқындауды;
Toggle Dropdown
қызметтік міндеттерін атқаруына байланысты облыс орталықтарының, қалалардың, аудандардың, ауылдық елді мекендердің аумағында жүріп-тұруға рұқсат етілген адамдардың тізбесін айқындауды;
Toggle Dropdown
карантин режимін сақтамайтын адамдарды әкімшілік жауапкершілікке тартуды енгізуді және орындалуын бақылауды қамтамасыз етсін.
Toggle Dropdown
ІІ. Облыстардың, Алматы, Нұр-Сұлтан, Шымкент қалаларының аумағындашектеу шараларын алу.
Toggle Dropdown
2. Облыстардың, Алматы, Нұр-Сұлтан, Шымкент қалаларының әкімдері, орталық мемлекеттік органдар, құқық қорғау және арнайы органдар 7 күн ішінде R<1орташа мәніне және ТҚҚП<50% жеткен жағдайда:
Toggle Dropdown
1) ойын-сауық, спорттық және басқа да бұқаралық іс-шараларды, сондай-ақ отбасылық, еске алу іс-шараларын өткізуге тыйым салуды;
Toggle Dropdown
2) сауда-ойын-сауық орталықтарының, кинотеатрлардың, театрлардың, көрмелердің және адамдар көп жиналатын басқа да объектілердің қызметіне тыйым салуды;
Toggle Dropdown
3) әлеуметтік қашықтықты, желдету режимін және санитариялық-дезинфекциялық режимді сақтай отырып, діни объектілердің қызметін;
Toggle Dropdown
4) 2 және одан көп адамның бірлесіп серуендеуі кезінде масканы міндетті түрде кию және әлеуметтік қашықтықты сақтай отырып, халықтың тұратын жерінен еркін шығуына рұқсат беруді;
Toggle Dropdown
5) әлеуметтік қашықтықты сақтай отырып, 3 адамнан аспайтын топтармен немесе бір отбасы мүшелерінің саябақтарға, алаңдарға және скверлерге, ойын-сауық объектілері жоқ жағалауларға баруына рұқсат беруді;
Toggle Dropdown
6) әлеуметтік қашықтықты сақтай отырып, аулаға шығуға рұқсат (3 адамнан аспайтын топтар немесе бір отбасының мүшелері) беруді;
Toggle Dropdown
7) саяжайға (қала сыртындағы үйге) бару үшін елді мекеннен шығуға/одан кіруге рұқсат беруді;
Toggle Dropdown
8) тиісті аумақтағы коронавирустық инфекцияның пайда болуы мен таралуына жол бермеу бойынша іс-шараларды үйлестіру жөніндегі өңірлік ведомствоаралық комиссияның және Бас мемлекеттік санитариялық дәрігердің шешімі бойынша өңірлер ішіндегі блок бекеттерде санитариялық-карантиндік бақылауды ұйымдастыруды қамтамасыз етсін.
Toggle Dropdown
ТЖ режимі жойылғаннан кейін жұмыс орнынан анықтама болған және елді мекенде тұруы тіркелген жағдайда өз жұмысын қайта бастаған ұйымдарда жұмыс істеу үшін азаматтардың кіруіне және шығуына рұқсат беріледі.
Toggle Dropdown
Медициналық көрсетілімдер бойынша екі адамнан артық емес адамның еріп жүруімен карантин жарияланған өңірлер/қалалар аумағына азаматтардың кіруіне және олардан шығуына мынадай құжаттар болған жағдайда рұқсат беріледі:
Toggle Dropdown
- диагнозды және емдеудің шұғылдығын растау үшін аумақтық амбулаториялық-емханалық ұйымның дәрігерлік-консультациялық комиссиясының «Денсаулық сақтау ұйымдарының бастапқы медициналық құжаттама нысандарын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрінің міндетін атқарушының 2010 жылғы 23 қарашадағы № 907 бұйрығымен бекітілген 035-1/е нысанға сәйкес қорытындысы;
Toggle Dropdown
- бірінші басшы қол қойған және гербті мөрмен расталған диагнозы көрсетілген және шұғылдығын растайтын карантиндік аймақта орналасқан медициналық ұйымнан шақыру хат;
Toggle Dropdown
9) осы қаулыға 1-қосымшаға сәйкес әлеуметтік қашықтықты және күшейтілген санитариялық-дезинфекциялық режимді сақтай отырып мемлекеттік органдардың (ұйымдардың), ұлттық компаниялардың, басқа да кеңселердің қызметін қамтамасыз етсін. Бұл ретте қызметкерлердің кемінде 80%-ы қашықтықтан жұмыс істеу нысанында қалады (штат кестесінде 30-дан астам қызметкер болғанда).
Toggle Dropdown
3. Облыстардың, Алматы, Нұр-Сұлтан, Шымкент қалаларының әкімдері, «Атамекен» ұлттық кәсіпкерлер палатасы өңірлерде 7 күн ішінде R<1орташа мәніне және ТҚҚП<50% жеткен жағдайда:
Toggle Dropdown
1) осы қаулыға 2-қосымшаға сәйкес аймаққа бөлу талаптарын және күшейтілген санитариялық-дезинфекциялық режимді сақтай отырып, медициналық орталықтардың қызметін (жазылу бойынша);
Toggle Dropdown
2) медициналық ұйымдардың медицина қызметкерлері мен персоналының COVID-19 кезінде жеке қорғаныш құралдарын пайдалану алгоритмін сақтауын;
Toggle Dropdown
3) осы қаулыға 4-қосымшаға сәйкес жеке қорғаныш құралдарын пайдалану және кәдеге жарату жөніндегі ұсынымдарды сақтауды;
Toggle Dropdown
4) осы қаулыға 5-қосымшаға сәйкес күшейтілген санитариялық-дезинфекциялық режимді сақтай отырып және жұмыс режимін 10:00-ден 17:00-ге дейін уақытша шектей отырып, азық-түлік базарларының қызметін;
Toggle Dropdown
5) күшейтілген санитариялық-дезинфекциялық режимді сақтай отырып, жұмыс режимін 10:00-ден 17:00-ге дейін уақытша шектей отырып, ауданы 2 мың шаршы метрге дейінгі азық-түлік емес дүкендердің жұмысын;
Toggle Dropdown
6) күшейтілген санитариялық-дезинфекциялық режимді сақтай отырып, азық-түлік емес базарлардың (ғимараттардан тыс) жұмысын;
Toggle Dropdown
7) күшейтілген санитариялық-дезинфекциялық режимді сақтай отырып, құрылыс дүкендерінің, саяжай инвентарын сататын, оптиканың (дүкендер), гүл дүкендерінің, зоодүкендердің, жиналуды және ұзақ және тығыз байланысты болдырмайтын өзге де объектілердің жұмысын;
Toggle Dropdown
8) осы қаулыға 6-қосымшаға сәйкес күшейтілген санитариялық-дезинфекциялық режимді сақтай отырып, техникалық қызмет көрсету станцияларының, автожуу, шиномонтаж, автосалондардың жұмысын;
Toggle Dropdown
9) осы қаулыға 7-қосымшаға сәйкес медициналық маска киген келушілерді кіргізуді қамтамасыз ете отырып және күшейтілген санитариялық-дезинфекциялық режимді сақтай отырып, қызмет көрсету саласы объектілерінің (сұлулық салондарының, шаштараздар (алдын ала жазылу бойынша), химиялық тазарту, кір жуу, ұйым.техникасын жөндеу) жұмысын;
Toggle Dropdown
10) күшейтілген санитариялық-дезинфекциялық режимді сақтай отырып бизнес орталықтарының (сақтандыру компаниялары, адвокат, нотариус, бухгалтер және консалтинг көрсетілетін қызметтері, жылжымайтын мүлік жөніндегі агенттікттер және т. б.) жұмысын;