2020 жылғы 13 шілдедегі коронавирустық инфекцияның таралуына жол бермеу жөніндегі ведомствоаралық комиссия отырысының хаттаманың 2-тармағына сәйкес, БҰЙЫРАМЫЗ:
Продукты: | Судебная практика |
Отправить по почте
«Медициналық маскалардың шекті бағасын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрінің 2020 жылғы 6 сәуірдегі № ҚР ДСД-29/202020, Қазақстан Республикасы Ұлттық экономика министрінің 2020 жылғы 7 сәуірдегі № 26, Қазақстан Республикасы сауда және интеграция министрінің 2020 жылғы 6 сәуірдегі № 68-НҚ бірлескен бұйрығына өзгеріс енгізу туралы» Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрінің 2020 жылғы 14 шiлдедегi № ҚР ДСМ-84/2020, Қазақстан Республикасы Сауда және интеграция министрінің м.а. 2020 жылғы 14 шiлдедегi № 146-НҚ және Қазақстан Республикасы Ұлттық экономика министрінің 2020 жылғы 14 шiлдедегi № 55 бірлескен бұйрығы. Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде 2020 жылғы 14 шiлдеде № 20971 болып тіркелді
Осы Бұйрық күшін жойды 2021 жылғы 2 мамырдан бастап ҚР Денсаулық сақтау министрінің 13.04.2021 жылғы № ҚР ДСМ-29, ҚР Сауда және интеграция министрінің 13.04.2021 жылғы № 275-НҚ және ҚР Бәсекелестікті қорғау және дамыту агенттігі Төрағасының 13.04.2021 жылғы № 7 бірлескен Бұйрығы мен Қаулысына сәйкес
2020 жылғы 13 шілдедегі коронавирустық инфекцияның таралуына жол бермеу жөніндегі ведомствоаралық комиссия отырысының хаттаманың 2-тармағына сәйкес, БҰЙЫРАМЫЗ:
1. «Медициналық маскаларға шекті бағаны бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрінің 2020 жылғы 6 сәуірдегі № ҚР ДСМ-29/2020, Қазақстан Республикасы Ұлттық экономика министрінің 2020 жылғы 7 сәуірдегі № 26 және Қазақстан Республикасы Сауда және интеграция министрінің 2020 жылғы 6 сәуірдегі № 68-НҚ бірлескен бұйрығына Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде 2020 жылғы 7 сәуірде № 20334 болып тіркелген, Қазақстан Республикасының нормативтік құқықтық актілерінің электрондық анықтамалық банкінде 2020 жылы 10 сәуірде жарияланған (бұдан әрі - бұйрық) мынадай өзгерістер енгізілсін:
бұйрықтың 1-тармағы мынадай редакцияда жазылсын::
«1. Бір реттік пайдаланылатын үш қабатты медициналық маскалардың бөлшек саудада бағасы бір бірлік үшін 85 теңге мөлшерінде бекітілсін.».
2. Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрлігінің Дәрі-дәрмекпен қамтамасыз ету және стандарттау департаменті заңнамада белгіленген тәртіппен::
1) осы бірлескен бұйрықты Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркеуді;
2) осы бірлескен бұйрықты ресми жарияланғаннан кейін Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрлігінің интернет-ресурсына орналастыруды;
3. Осы бұйрықтың орындалуын бақылау жетекшілік ететін Қазақстан Республикасының Денсаулық сақтау, сауда және интеграция, ұлттық экономика вице-министрлеріне жүктелсін.
4. Осы бірлескен бұйрық алғашқы ресми жарияланған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі.
Қазақстан Республикасының Ұлттық экономика министрі __________Р. Даленов
Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрі __________А. Цой
Министрдің міндетін атқарушы __________А. Асқарұлы