• Мое избранное
Қазақстан Республикасының Мемлекеттік кірістер органдарының мемлекеттік қызметтер көрсету қағидаларын бекіту туралы

Отправить по почте

Toggle Dropdown
  • Комментировать
  • Поставить закладку
  • Оставить заметку
  • Информация new
  • Редакции абзаца
  • 3

Қазақстан Республикасының Мемлекеттік кірістер органдарының мемлекеттік қызметтер көрсету қағидаларын бекіту туралы Қазақстан Республикасы Қаржы министрінің м.а. 2020 жылғы 10 шiлдедегi № 665 бұйрығы. Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде 2020 жылғы 14 шiлдеде № 20955 болып тіркелді

Осы Бұйрық тақырыбы жаңа редакцияда жазылды ҚР Қаржы министрінің 30.04.2021 жылғы № 417 Бұйрығына сәйкес (10.07.2020 ж. редакцияны қараңыз) (өзгерту 23.05.2021 жылдан бастап қолданысқа енгізіледі)
Редакция 17.02.2026 жылы берілген өзгерістер мен толықтырулармен  
Мемлекеттік көрсетілетін қызметтер туралы «Қазақстан Республикасы Заңының 10-бабының 1)-тармақшасына сәйкес, БҰЙЫРАМЫН:
Кіріспе жаңа редакцияда жазылды ҚР Қаржы министрінің 30.04.2021 жылғы № 417 Бұйрығына сәйкес (10.07.2020 ж. редакцияны қараңыз) (өзгерту 23.05.2021 жылдан бастап қолданысқа енгізіледі)
1. Қоса беріліп отырған:
1-тармақ өзгертілді ҚР Қаржы министрінің 31.07.2024 жылғы № 500 Бұйрығымен (05.04.2022 ж. редакцияны қараңыз)(өзгерту 26.08.2024 жылдан бастап қолданысқа енгізіледі)
1-тармақ жаңа редакцияда жазылды ҚР Қаржы министрінің 02.02.2026 жылғы № 69 Бұйрығына сәйкес (31.07.2024 ж. редакцияны қараңыз)(өзгерту 17.02.2026 жылдан бастап қолданысқа енгізіледі)
1) осы бұйрыққа 1-қосымшаға сәйкес «Темекі өнімдерінің өндірісіне лицензия беру» мемлекеттік қызметін көрсету қағидалары;
2) осы бұйрыққа 2-қосымшаға сәйкес «Этил спиртінің өндірісіне лицензия беру» мемлекеттік қызметін көрсету қағидалары;
3) осы бұйрыққа 3-қосымшаға сәйкес «Алкоголь өнімінің өндірісіне лицензия беру» мемлекеттік қызметін көрсету қағидалары;
4) осы бұйрыққа 4-қосымшаға сәйкес «Алкоголь өнімін өндіру аумағында оны сақтау және көтерме саудада сату жөніндегі қызметті қоспағанда, алкоголь өнімін сақтауға және көтерме саудада сатуға лицензия беру» мемлекеттік қызметін көрсету қағидалары;
5) осы бұйрыққа 5-қосымшаға сәйкес «Алкоголь өнімін өндіру аумағында оны сақтау және бөлшек саудада сату жөніндегі қызметті қоспағанда, алкоголь өнімін сақтауға және бөлшек саудада сатуға лицензия беру» мемлекеттік қызметін көрсету қағидалары;
6) осы бұйрыққа 6-қосымшаға сәйкес «Авторлық құқық пен сабақтас құқық объектілерін, тауар белгілерін, қызмет көрсету белгілері, географиялық нұсқамалар мен тауарлардың шығарылған жерлерінің атауларын зияткерлік меншік объектілерінің кедендік тізіліміне енгізу» мемлекеттік қызметін көрсету қағидалары;
7) осы бұйрыққа 7-қосымшаға сәйкес «Уәкілетті экономикалық операторлардың тізіліміне енгізу» мемлекеттік қызметін көрсету қағидалары;
8) осы бұйрыққа 8-қосымшаға сәйкес «Кеден өкiлдерiнiң тiзiлiмiне енгізу» мемлекеттік қызметін көрсету қағидалары;
9) сы бұйрыққа  9-қосымшаға сәйкес «Кедендік тасымалдаушылардың тізіліміне енгізу» мемлекеттік қызметін көрсету қағидалары;
10) осы бұйрыққа 10-қосымшаға сәйкес «Тауардың шығарылған жері туралы алдын ала шешім қабылдау» мемлекеттік қызметін көрсету қағидалары;
11) осы бұйрыққа 11-қосымшаға сәйкес «Тауарларды жіктеу туралы алдын ала шешім қабылдау» мемлекеттік қызметін көрсету қағидалары;
12) осы бұйрыққа 12-қосымшаға сәйкес «Белгілі бір уақыт кезеңі ішінде әртүрлі тауар партияларымен әкелінуі болжанатын, құрастырылмаған немесе бөлшектелген түрдегі, оның ішінде жинақталмаған немесе жасалып бітпеген түрдегі тауарды сыныптау туралы шешім қабылдау» мемлекеттік қызметін көрсету қағидалары;
13)осы бұйрыққа 13-қосымшаға сәйкес «Халықаралық тасымалдау көлiк құралын кедендiк пломбалар мен мөрлер салынған тауарларды тасымалдауға жiберу туралы куәлiк беру» мемлекеттік қызметін көрсету қағидалары;
14) осы бұйрыққа 14-қосымшаға сәйкес «Уақытша сақтау орындары иелерінің тізіліміне енгізу» мемлекеттік қызметін көрсету қағидалары;
15) осы бұйрыққа 15-қосымшаға сәйкес «Бажсыз сауда дүкендері иелерінің тізіліміне енгізу» мемлекеттік қызметін көрсету қағидалары;
16) осы бұйрыққа 16-қосымшаға сәйкес «Өз тауарларын сақтау қоймалары иелерінің тізіліміне енгізу» мемлекеттік қызметін көрсету қағидалары;
17) осы бұйрыққа 17-қосымшаға сәйкес «Көлік құралына арналған кедендік декларацияны қабылдау» мемлекеттік қызметін көрсету қағидалары;
18) осы бұйрыққа 18-қосымшаға сәйкес «Жолаушылар кедендік декларациясын қабылдау» мемлекеттік қызметін көрсету қағидалары;
19) осы бұйрыққа 19-қосымшаға сәйкес «Транзиттік декларацияны қабылдау» мемлекеттік қызметін көрсету қағидалары;
2. Қазақстан Республикасы Қаржы министрінің осы бұйрыққа 32-қосымшаға сәйкес тізбе бойынша кейбір бұйрықтарының күші жойылсын.
3. Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігінің Мемлекеттік кірістер комитеті заңнамада белгіленген тәртіпте:
  • 1
1) осы бұйрықтың Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркелуін;
  • 1
2) осы бұйрықтың Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігінің интернет-ресурсында орналастырылуын;
3) осы бұйрық Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркелгеннен кейін он жұмыс күні ішінде осы тармақтың 1) және 2)-тармақшаларында көзделген іс-шаралардың орындалуы туралы мәліметтерді Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігінің Заң қызметі департаментіне ұсынуды қамтамасыз етсін.
4. Осы бұйрық алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтiзбелiк он күн өткен соң қолданысқа енгiзiледi.
Қаржы Министрдің міндетін атқарушы Б. Шолпанкулов
«КЕЛІСІЛДІ»
Қазақстан Республикасының
Цифрлық даму, инновациялар
және аэроғарыш өнеркәсібі министрлігі
Қазақстан Реcпубликасының
Қаржы министрі
2024 жылғы 31 шілдедегі
№ 500 бұйрыққа
1-қосымша
1-қосымша өзгертілді ҚР Қаржы министрінің 30.04.2021 жылғы № 417 Бұйрығымен (10.07.2020 ж. редакцияны қараңыз)(өзгерту 23.05.2021 жылдан бастап қолданысқа енгізіледі)
1-қосымша жаңа редакцияда жазылды ҚР Қаржы министрінің 31.07.2024 жылғы № 500 Бұйрығына сәйкес (05.04.2022 ж. редакцияны қараңыз)(өзгерту 26.08.2024 жылдан бастап қолданысқа енгізіледі)
1-қосымша алынып тасталды ҚР Қаржы министрінің 02.02.2026 жылғы № 69 Бұйрығына сәйкес (31.07.2024 ж. редакцияны қараңыз)(өзгерту 17.02.2026 жылдан бастап қолданысқа енгізіледі)
Қазақстан Реcпубликасының
Қаржы министрі
2024 жылғы 31 шілдедегі
№ 500 бұйрыққа
2-қосымша
2-қосымша өзгертілді ҚР Қаржы министрінің 30.04.2021 жылғы № 417 Бұйрығымен (10.07.2020 ж. редакцияны қараңыз)(өзгерту 23.05.2021 жылдан бастап қолданысқа енгізіледі)
2-қосымша жаңа редакцияда жазылды ҚР Қаржы министрінің 31.07.2024 жылғы № 500 Бұйрығына сәйкес (05.04.2022 ж. редакцияны қараңыз)(өзгерту 26.08.2024 жылдан бастап қолданысқа енгізіледі)
2-қосымша алынып тасталды ҚР Қаржы министрінің 02.02.2026 жылғы № 69 Бұйрығына сәйкес (31.07.2024 ж. редакцияны қараңыз)(өзгерту 17.02.2026 жылдан бастап қолданысқа енгізіледі)
Қазақстан Реcпубликасының
Қаржы министрі
2024 жылғы 31 шілдедегі
№ 500 бұйрыққа
3-қосымша
3-қосымша жаңа редакцияда жазылды ҚР Қаржы министрінің 31.07.2024 жылғы № 500 Бұйрығына сәйкес (05.04.2022 ж. редакцияны қараңыз)(өзгерту 26.08.2024 жылдан бастап қолданысқа енгізіледі)
3-қосымша алынып тасталды ҚР Қаржы министрінің 02.02.2026 жылғы № 69 Бұйрығына сәйкес (31.07.2024 ж. редакцияны қараңыз)(өзгерту 17.02.2026 жылдан бастап қолданысқа енгізіледі)
  • 1
Қазақстан Республикасы
Қаржы министрінің
міндетін атқарушының
2020 жылғы 10 шілдедегі
№ 665 бұйрығына
1-қосымша
4-қосымша өзгертілді ҚР Қаржы министрінің 31.07.2024 жылғы № 500 Бұйрығымен (05.04.2022 ж. редакцияны қараңыз)(өзгерту 26.08.2024 жылдан бастап қолданысқа енгізіледі)
Оң жақ жоғарғы бұрыш жаңа редакцияда жазылды ҚР Қаржы министрінің 02.02.2026 жылғы № 69 Бұйрығына сәйкес (31.07.2024 ж. редакцияны қараңыз)(өзгерту 17.02.2026 жылдан бастап қолданысқа енгізіледі)
«Темекі өнімдерінің өндірісіне лицензия беру» мемлекеттік көрсетілетін қызмет қағидасы
1-тарау. Жалпы ережелер
1. Осы «Темекі өнімдерінің өндірісіне лицензия беру» мемлекеттік көрсетілетін қызмет қағидасы (бұдан әрі – Қағида) «Мемлекеттік көрсетілетін қызметтер туралы» Қазақстан Республикасы Заңының (бұдан әрі – Заң) 10-бабы 1) тармақшасына сәйкес әзірленген және Қазақстан Республикасының Қаржы министрлігі Мемлекеттік кірістер комитетінің «Темекі өнімдерінің өндірісіне лицензия беру» мемлекеттік қызметті көрсету (бұдан әрі – мемлекеттік көрсетілетін қызмет) тәртібін айқындайды.
2. Мемлекеттік көрсетілетін қызмет жеке және заңды тұлғаларға көрсетіледі (бұдан әрі – көрсетілетін қызметті алушы).
2-тарау. Мемлекеттік қызметті көрсету тәртібі
3. Өтініштерді қабылдау және мемлекеттік қызмет көрсету нәтижесін беру www.egov.kz «электрондық үкімет» веб-порталы (бұдан әрі – портал) арқылы жүзеге асырылады.
Лицензияны алу және/немесе қайта ресімдеу кезінде көрсетілетін қызметті алушының электрондық цифрлық қолтаңбасымен (бұдан әрі – ЭЦҚ) куәландырылған Мемлекеттік қызмет көрсету үшін қажетті құжаттар тізбесімен электрондық құжат нысанындағы өтініші портал арқылы қабылданады.
Мемлекеттік қызмет көрсету ерекшеліктері ескеріле отырып, «Темекі өнімдерінің өндірісіне лицензия беру» мемлекеттік қызмет көрсетуге қойылатын негізгі талаптар тізбесі (бұдан әрі – Тізбе) осы Қағиданың 1-қосымшасында көрсетілген.
Мемлекеттік қызметті алу үшін көрсетілетін қызметті алушылар осы Қағидаларға 1-қосымшаға сәйкес Тізбенің 8-тармағында көзделген құжаттар топтамасын ұсынады.
Портал арқылы жүгінген кезде көрсетілетін қызметті алушыға мемлекеттік қызметті көрсету үшін сұрау салудың қабылданғаны туралы мәртебе жіберіледі.
Портал арқылы жүгінген кезде мемлекеттік қызметті көрсету нәтижесі көрсетілетін қызметті берушінің лауазымды адамының ЭЦҚ куәландырылған электрондық құжат нысанында көрсетілетін қызметті алушыға жіберіледі.
Мемлекеттік қызмет көрсетуге Тізбенің 9-тармағында көзделген негіздер болған кезде көрсетілетін қызметті беруші көрсетілетін қызметті алушыға мемлекеттік қызмет көрсетуден бас тарту туралы алдын ала шешім туралы, сондай-ақ көрсетілетін қызметті алушыға алдын ала шешім бойынша ұстанымын білдіру мүмкіндігі үшін тыңдауды өткізу уақыты мен орны (тәсілі) туралы хабардар етеді.
Көрсетілетін қызметті алушы мемлекеттік қызметті көрсету мерзімі аяқталғанға дейін кемінде 3 (үш) жұмыс күні бұрын тыңдау туралы көрсетілетін қызметті берушімен хабардар етіледі. Тыңдау хабарлама жасалған күннен бастап 2 (екі) жұмыс күнінен кешіктірілмей жүргізіледі.
Тыңдау нәтижелері бойынша көрсетілетін қызметті беруші көрсетілетін қызметті алушымен тыңдау болмаған жағдайда мемлекеттік қызмет көрсету не көрсетуден бас тарту туралы шешім қабылдайды.
Мемлекеттік ақпараттық жүйелерде бар жеке басын куәландыратын құжаттар туралы мәліметтерді уәкілетті орган тиісті мемлекеттік ақпараттық жүйелерден портал арқылы уәкілетті лауазымды адамдардың ЭЦҚ-мен куәландырылған электрондық құжат нысанында алады.