• Мое избранное
Өзіндік ерекшелігі бар тауарларды бірдейлендіруді жүргізу қағидаларын бекіту туралы

Отправить по почте

Toggle Dropdown
  • Комментировать
  • Поставить закладку
  • Оставить заметку
  • Информация new
  • Редакции абзаца

Өзіндік ерекшелігі бар тауарларды бірдейлендіруді жүргізу қағидаларын бекіту туралы Қазақстан Республикасы Индустрия және инфрақұрылымдық даму министрінің 2020 жылғы 10 шiлдедегi № 394 бұйрығы. Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде 2020 жылғы 16 шiлдеде № 20980 болып тіркелді

Осы Бұйрықтың тақырыбы жаңа редакцияда жазылды ҚР Индустрия және инфрақұрылымдық даму министрінің м.а. 26.04.2023 жылғы № 289 Бұйрығына сәйкес (13.05.2022 ж. редакцияны қараңыз)(өзгерту 03.07.2023 жылдан бастап қолданысқа енгізіледі)
Редакция 03.07.2023 жылы берілген өзгерістер мен толықтырулармен  
«Өзіндік ерекшелігі бар тауарларды бақылау туралы» Қазақстан Республикасы Заңының 8-бабының 3) тармақшасына және «мемлекеттік көрсетілетін қызметтер туралы» Қазақстан Республикасы Заңының 10-бабының 1) тармақшасына сәйкес БҰЙЫРАМЫН:
Кіріспе жаңа редакцияда жазылды ҚР Индустрия және инфрақұрылымдық даму министрінің м.а. 26.04.2023 жылғы № 289 Бұйрығына сәйкес (13.05.2022 ж. редакцияны қараңыз)(өзгерту 03.07.2023 жылдан бастап қолданысқа енгізіледі)
1. Қоса беріліп отырған нақты тауарларды бірдейлендіруді жүргізу қағидалары бекітілсін.
1-тармақ жаңа редакцияда жазылды ҚР Индустрия және инфрақұрылымдық даму министрінің м.а. 26.04.2023 жылғы № 289 Бұйрығына сәйкес (13.05.2022 ж. редакцияны қараңыз)(өзгерту 03.07.2023 жылдан бастап қолданысқа енгізіледі)
2. Қазақстан Республикасы Индустрия және инфрақұрылымдық даму министрлігінің Индустриялық даму және өнеркәсіптік қауіпсіздік комитеті заңнамада белгіленген тәртіппен:
1) осы бұйрықты Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркеуді;
2) осы бұйрықты Қазақстан Республикасы Индустрия және инфрақұрылымдық даму министрлігінің интернет-ресурсында орналастыруды қамтамасыз етсін.
3. Осы бұйрықтың орындалуын бақылау жетекшілік ететін Қазақстан Республикасының Индустрия және инфрақұрылымдық даму вице-министріне жүктелсін.
4. Осы бұйрық алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік жиырма бір күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.
Қазақстан Республикасының Индустрия және инфрақұрылымдық даму министрі Б. Атамкулов
«КЕЛІСІЛДІ»
Қазақстан Республикасы
Ауыл шаруашылығы министрлігі
«КЕЛІСІЛДІ»
Қазақстан Республикасы
Білім және ғылым министрлігі
«КЕЛІСІЛДІ»
Қазақстан Республикасы
Қорғаныс министрлігі
«КЕЛІСІЛДІ»
Қазақстан Республикасы
Ұлттық экономика министрлігі
«КЕЛІСІЛДІ»
Қазақстан Республикасы
Энергетика министрлігі
«КЕЛІСІЛДІ»
Қазақстан Республикасы
Цифрлық даму, инновациялар және аэроғарыш
өнеркәсібі министрлігі
Қазақстан Республикасы
Индустрия және
инфрақұрылымдық даму
министрінің
2020 жылғы 10 шілдедегі
№ 394 бұйрығымен
бекітілген
Өзіндік ерекшелігі бар тауарларды сәйкестендіруді жүргізу қағидалары
Осы Қағидалар өзгертілді ҚР Индустрия және инфрақұрылымдық даму министрінің 23.06.2021 жылғы № 321 Бұйрығымен (10.07.2020 ж. редакцияны қараңыз)(өзгерту 11.09.2021 жылдан бастап қолданысқа енгізіледі)
Осы Қағидалар өзгертілді ҚР Индустрия және инфрақұрылымдық даму министрінің м.а. 13.05.2022 жылғы № 268 Бұйрығымен (23.06.2021 ж. редакцияны қараңыз)(өзгерту 20.07.2022 жылдан бастап қолданысқа енгізіледі)
Осы Қағидалар жаңа редакцияда жазылды ҚР Индустрия және инфрақұрылымдық даму министрінің м.а. 26.04.2023 жылғы № 289 Бұйрығына сәйкес (13.05.2022 ж. редакцияны қараңыз)(өзгерту 03.07.2023 жылдан бастап қолданысқа енгізіледі)
1-тарау. Жалпы ережелер
1. Осы өзіндік ерекшелігі бар тауарларды сәйкестендіруді жүргізу қағидалары (бұдан әрі-қағидалар) «Өзіндік ерекшелігі бар тауарларды бақылау туралы» Қазақстан Республикасы Заңының 8 - бабының 3) тармақшасына және «мемлекеттік көрсетілетін қызметтер туралы» Қазақстан Республикасы Заңының (бұдан әрі - Заң) 10-бабының 1) тармақшасына сәйкес әзірленді және «Өзіндік ерекшелігі бар тауарларды сәйкестендіру туралы қорытынды беру» мемлекеттік қызмет көрсету тәртібін айқындайды.
2. «Өзіндік ерекшелігі бар тауарларды сәйкестендіру туралы қорытынды беру» мемлекеттік көрсетілетін қызмет (бұдан әрі - мемлекеттік көрсетілетін қызмет) болып табылады және осы Қағидаларға сәйкес Қазақстан Республикасы Индустрия және инфрақұрылымдық даму министрлігінің Индустриялық даму комитеті (бұдан әрі - көрсетілетін қызметті беруші) көрсетеді.
Көрсетілетін қызметті беруші осы Қағидаларға өзгерістер және (немесе) толықтырулар қолданысқа енгізілген күннен бастап үш жұмыс күні ішінде енгізілген өзгерістер және (немесе) толықтырулар туралы ақпаратты «электрондық үкімет» ақпараттық-коммуникациялық инфрақұрылымының операторына, сондай-ақ Бірыңғай байланыс орталығына жібереді.
2-тарау. Мемлекеттік қызмет көрсету тәртібі
3. Мемлекеттік қызметті алу үшін жеке және заңды тұлғалар (бұдан әрі-көрсетілетін қызметті алушы) көрсетілетін қызметті берушіге «электрондық үкімет» веб-порталы арқылы жібереді www.egov.kz, www.elicense.kz (бұдан әрі - портал) осы Қағидаларға 1-қосымшаға сәйкес мемлекеттік қызмет көрсетуге қойылатын негізгі талаптар тізбесіне (бұдан әрі - Негізгі талаптар тізбесі) сәйкес құжаттар.
«Өзіндік ерекшелігі бар тауарларды бақылау туралы» Қазақстан Республикасы Заңының 29-бабының 1 тармағына сәйкес көрсетілетін қызметті беруші көрсетілетін қызметті алушыдан мемлекеттік қызметті көрсету үшін қажетті өзіндік ерекшелігі бар тауарларды бақылау саласына жататын құжаттарды және (немесе) ақпаратты сұратуға және алуға құқылы.
4. Көрсетілетін қызметті алушы барлық қажетті құжаттарды портал арқылы берген кезде - көрсетілетін қызметті алушының «жеке кабинетінде» мемлекеттік көрсетілетін қызмет нәтижесін алу күнін көрсете отырып, мемлекеттік қызметті көрсету үшін сұрау салудың қабылданғаны туралы мәртебе көрсетіледі.
5. Мемлекеттік қызметті қараудың және көрсетудің жалпы мерзімі - 15 (он бес) жұмыс күні ішінде берілетін тиісті мемлекеттік органдарынан арнайы білім, дағдылар мен ақпарат алуды талап ететін мәселелерді зерттеу қажет болған жағдайларды қоспағанда, 7 (жеті) жұмыс күні ішінде.
6. Көрсетілетін қызметті берушінің кеңсе қызметкері құжаттарды қабылдауды және тіркеуді олар түскен күні жүзеге асырады және жауапты орындаушы тағайындалатын көрсетілетін қызметті берушінің басшысына жолдайды.
Көрсетілетін қызметті алушы жұмыс уақыты аяқталғаннан кейін, демалыс және мереке күндері Қазақстан Республикасының еңбек заңнамасына сәйкес жүгінген жағдайда, өтінішті қабылдау және мемлекеттік қызметті көрсету нәтижесін беру келесі жұмыс күні жүзеге асырылады.
7. Жауапты орындаушы көрсетілетін қызметті алушы ұсынған құжаттарды тіркеген сәттен бастап 2 (екі) жұмыс күні ішінде осындай құжаттардың толықтығын тексереді және көрсетілетін қызметті алушы құжаттар топтамасын толық ұсынбаған жағдайда осы Қағидаларға 2-қосымшаға сәйкес нысан бойынша көрсетілетін қызметті беруші басшысының не оны алмастыратын адамның электронды цифрлық қолтаңбасы қойылған (бұдан әрі – ЭЦҚ) дәлелді бас тартуды (бұдан әрі - дәлелді бас тарту) дайындайды және оны көрсетілетін қызметті алушыға портал арқылы электрондық құжат нысанында жеке кабинетіне жолдайды.
Жеке басын куәландыратын құжат туралы, заңды тұлғаны, дара кәсіпкерді мемлекеттік тіркеу (қайта тіркеу) туралы, «электрондық үкіметтің» төлем шлюзі арқылы төлеу туралы мәліметтерді көрсетілетін қызметті беруші тиісті мемлекеттік ақпараттық жүйелерден «электрондық үкіметтің» шлюзі арқылы алады.
8. Көрсетілетін қызметті алушы құжаттардың толық топтамасын ұсынған жағдайда жауапты орындаушы 6 (алты) жұмыс күні ішінде (тиісті мемлекеттік органдарынан арнайы білім, дағдылар мен ақпарат алуды талап ететін мәселелерді зерттеу қажет болған жағдайларды қоспағанда) көрсетілетін қызметті алушының мемлекеттік қызмет көрсету үшін қажетті құжаттарын қарайды және 1 (бір) жұмыс күні ішінде мемлекеттік қызмет көрсету нәтижесін – осы Қағидаларға 3-қосымшаға сәйкес нысан бойынша өзіндік ерекшелігі бар тауарларды сәйкестендіру туралы қорытынды ресімдейді.
9. Өзіндік ерекшелігі бар тауарларды сәйкестендіру туралы қорытынды беру үшін тиісті мемлекеттік органдарынан арнайы білім, дағдылар мен ақпарат алу талап етілген жағдайда, жауапты орындаушы көрсетілетін қызметті алушы құжаттарының толықтығына тексеру жүргізілген күннен бастап 2 (екі) жұмыс күні ішінде тиісті мемлекеттік органдарға сұрау салуды жібереді.
Мемлекеттік органы көрсетілетін қызметті берушінің сұрау салуы негізінде сұрау салуды алған күннен бастап 8 (сегіз) жұмыс күні ішінде көрсетілетін қызметті берушіге жауап жібереді.
Көрсетілетін қызметті берушінің жауапты орындаушысы келісуші мемлекеттік органнан жауап алған күннен бастап 5 (бес) жұмыс күні ішінде мемлекеттік көрсетілетін қызмет нәтижесін – өзіндік ерекшелігі бар тауарларды сәйкестендіру туралы қорытындыны дайындайды.
10. Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген мемлекеттік қызметті көрсетуден бас тарту үшін негіздер негізгі талаптар тізбесінде баяндалған.
Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген және негізгі талаптар тізбесінде баяндалған мемлекеттік қызметті көрсетуден бас тарту үшін негіздер анықталған кезде көрсетілетін қызметті беруші көрсетілетін қызметті алушыға мемлекеттік қызметті көрсетуден бас тарту туралы алдын ала шешім туралы, сондай-ақ көрсетілетін қызметті алушыға алдын ала шешім бойынша ұстанымын білдіру мүмкіндігі үшін тыңдауды өткізудің уақыты мен орны (тәсілі) туралы хабардар етеді.
Тыңдау туралы хабарлама көрсетілетін қызметті алушының өтініште көрсетілген электрондық мекенжайына мемлекеттік қызмет көрсету мерзімі аяқталғанға дейін кемінде 3 (үш) жұмыс күні бұрын жіберіледі. Тыңдау хабарлама жасалған күннен бастап 2 (екі) жұмыс күнінен кешіктірілмей жүргізіледі.
Тыңдау нәтижелері бойынша көрсетілетін қызметті беруші өзіндік ерекшелігі бар тауарларды сәйкестендіру туралы қорытынды не мемлекеттік қызмет көрсетуден дәлелді бас тарту береді.
11. Көрсетілетін қызметті беруші Мемлекеттік қызмет көрсету сатысы туралы деректерді мемлекеттік қызметтер көрсету мониторингінің ақпараттық жүйесіне енгізуді қамтамасыз етеді.
Рұқсаттар мен хабарламалардың мемлекеттік ақпараттық жүйесі арқылы мемлекеттік қызметті көрсету кезінде мемлекеттік қызметті көрсету сатысы туралы деректер Мемлекеттік қызметтерді көрсету мониторингінің ақпараттық жүйесіне автоматты режимде түседі.
3-тарау. Көрсетілетін қызметті берушінің мемлекеттік қызметтер көрсету мәселелері бойынша шешімдеріне, әрекетіне (әрекетсіздігіне) шағымдану тәртібі
12. Мемлекеттік қызметтер көрсету мәселелері бойынша шағымды қарауды жоғары тұрған әкімшілік орган, лауазымды адам, мемлекеттік қызметтер көрсету сапасын бағалау және бақылау жөніндегі уәкілетті орган (бұдан әрі – шағымды қарайтын орган) жүргізеді.
Шағым көрсетілетін қызметті берушіге және (немесе) шешіміне, әрекетіне (әрекетсіздігіне) шағым жасалып отырған лауазымды адамға беріледі.
Көрсетілетін қызметті беруші, шешіміне, әрекетіне (әрекетсіздігіне) шағым жасалып отырған лауазымды адам шағым келіп түскен күннен бастап 3 (үш) жұмыс күнінен кешіктірмей оны және әкімшілік істі шағымды қарайтын органға жібереді.
Бұл ретте шешіміне, әрекетіне (әрекетсіздігіне) шағым жасалып отырған көрсетілетін қызметті беруші, лауазымды адам, егер ол 3 (үш) жұмыс күні ішінде шағымда көрсетілген талаптарды толық қанағаттандыратын шешім не өзге де әкімшілік әрекет қабылдаса, шағымды қарайтын органға шағым жібермеуге құқылы.
Көрсетілетін қызметті берушінің атына келіп түскен көрсетілетін қызметті алушының шағымы Заңның 25-бабының 2-тармағына сәйкес тіркелген күнінен бастап 5 (бес) жұмыс күні ішінде қаралуға жатады.
Мемлекеттік қызметтер көрсету сапасын бағалау және бақылау жөніндегі уәкілетті органның атына келіп түскен көрсетілетін қызметті алушының шағымы тіркелген күнінен бастап 15 (он бес) жұмыс күні ішінде қаралуға жатады.
13. Егер Қазақстан Республикасының заңдарында өзгеше көзделмесе, сотқа жүгінуге Қазақстан Республикасы Әкімшілік рәсімдік-процестік кодексінің 91-бабының 5-тармағына сәйкес сотқа дейінгі тәртіппен шағымданғаннан кейін жол беріледі.
«Өзіндік ерекшелігі бар
тауарларды сәйкестендіру
туралы қорытынды беру»
мемлекеттік қызмет
көрсету қағидаларына
1-қосымша

«Өзіндік ерекшелігі бар тауарларды сәйкестендіру туралы қорытынды беру» негізгі талаптар тізімі

11

Көрсетілетін қызметті берушінің атауы

Қазақстан Республикасы Индустрия және инфрақұрылымдық даму министрлігінің Индустриялық даму (бұдан әрі - көрсетілетін қызметті беруші)

22

Мемлекеттік қызметті ұсыну тәсілдері

«электрондық үкіметтің» веб-порталы (бұдан әрі ‒ портал)

23

Мемлекеттік қызметті көрсету мерзімі

мемлекеттік органдармен келісуге жататын қорытындыларды қоспағанда, 7 (жеті) жұмыс күні ішінде 15 (он бес) жұмыс күні ішінде

44

Мемлекеттік қызметті көрсету нысаны

Электрондық (ішінара автоматтандырылған)

55

Мемлекеттік қызметті көрсету нәтижесі

Өзіндік ерекшелігі бар тауарларды сәйкестендіру туралы қорытынды мемлекеттік қызмет көрсетуден дәлелді бас тарту болып табылады.

Мемлекеттік қызметті көрсету нәтижесін ұсыну нысаны: электрондық.

Мемлекеттік қызметті көрсету нәтижесі көрсетілетін қызметті алушының «жеке кабинетінде» көрсетілетін қызметті беруші басшысының не оны алмастыратын адамның электрондық цифрлық қолтаңбасымен (бұдан әрі – ЭЦҚ) қол қойылған электрондық құжат нысанында жолданады және сақталады

66

Мемлекеттік қызмет көрсету кезінде өтініш берушіден алынатын төлем мөлшері және Қазақстан Республикасының заңнамасында көзделген жағдайларда оны алу тәсілдері

Мемлекеттік қызмет тегін көрсетіледі

77

Жұмыс кестесі

1) көрсетілетін қызметті беруші - Қазақстан Республикасының Еңбек кодексіне (бұдан әрі - Кодекс) сәйкес демалыс және мереке күндерін қоспағанда, дүйсенбіден бастап жұманы қоса алғанда, белгіленген жұмыс кестесіне сәйкес сағат 13.00-ден 14.30-ға дейінгі түскі үзіліспен сағат 9.00-ден 18.30-ға дейін;

2) портал - жөндеу жұмыстарын жүргізуге байланысты техникалық үзілістерді қоспағанда, тәулік бойы (көрсетілетін қызметті алушы жұмыс уақыты аяқталғаннан кейін, Кодекске сәйкес демалыс және мереке күндері жүгінген кезде өтінішті қабылдау және Мемлекеттік қызмет көрсету нәтижесін беру келесі жұмыс күні жүзеге асырылады).

88

Мемлекеттік қызмет көрсету үшін қажетті құжаттар тізбесі

1) осы Тізімге 1 - қосымшаға сәйкес нысан бойынша көрсетілетін қызметті алушының электрондық цифрлық қолтаңбасымен (бұдан әрі-ЭЦҚ) куәландырылған электрондық құжат нысанындағы өтініш;

2) осы Тізімге 2-қосымшаға сәйкес мәліметтер нысаны;

3) жұмыстарды, көрсетілетін қызметтерді сипаттау (оларды орындауға арналған техникалық тапсырма не жұмысты, көрсетілетін қызметті сипаттайтын өзге де материалдар);

4) көрсетілетін қызметті алушыда бар және мемлекеттік қызметті көрсету үшін пайдаланылуы мүмкін техникалық құжаттаманың (конструкторлық, технологиялық, пайдалану, бағдарламалық) электрондық көшірмесі не өзге де құжаттар (мәліметтер);

5) тауардың фотосуреттері (бар болса).

99

Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген мемлекеттік қызмет көрсетуден бас тарту үшін негіздер

1) Қазақстан Республикасының заңдарында жеке немесе заңды тұлғалардың осы санаты үшін қызмет түрімен айналысуға тыйым салынуы;

2) уәкілетті мемлекеттік органның мемлекеттік қызмет көрсету үшін қажетті келісімі туралы сұрау салуға берілген теріс жауап, сондай-ақ сараптаманың, зерттеудің не тексерудің теріс қорытындысы;

3) өтініш беруші лицензия алу үшін ұсынған құжаттардың және (немесе) оларда қамтылған деректердің (мәліметтердің) анық еместігі анықталған жағдайларда жүзеге асырылады;

4) көрсетілетін қызметті алушының және (немесе) мемлекеттік қызмет көрсету үшін қажетті ұсынылған материалдардың, объектілердің, деректердің және мәліметтердің Қазақстан Республикасының нормативтік құқықтық актілерінде белгіленген талаптарға сәйкес келмеуі;

5) мемлекет мүдделеріне нұқсан келтіру немесе нұқсан келтіру қатері туындаған жағдайларда;

6) егер рұқсат алуға өтініш берілгенге дейін бір жыл ішінде өтініш берушіге қатысты Қазақстан Республикасының өзіндік ерекшелігі бар тауарларды бақылау саласындағы заңнамасын бұзғаны үшін әкімшілік жаза қолданылса;

7) егер рұқсат алуға өтініш берілгенге дейін бір жыл ішінде өтініш берушіге қатысты өзіндік ерекшелігі бар тауарларды бақылау саласында қылмыстық құқық бұзушылық жасағаны үшін соттың айыптау үкімі шығарылса немесе Қазақстан Республикасының Қылмыстық-процестік кодексі 35-бабының бірінші бөлігі 3), 4), 9), 10) және 12) тармақтарының немесе 36-бабының негізінде өтініш беруші қылмыстық теріс қылық немесе онша ауыр емес және ауырлығы орташа қылмыстар жасағаны үшін қылмыстық жауаптылықтан босатылса;

8) егер өтініш берушіге соңғы бес жыл ішінде Біріккен Ұлттар Ұйымы Қауіпсіздік Кеңесінің санкциялары қолданылса;

9) өтініш берушіге қатысты лицензиялауға жататын қызметті немесе жекелеген қызмет түрлерін тоқтата тұру немесе оларға тыйым салу туралы заңды күшіне енген сот шешімі (үкімі) болған;

10) сот орындаушысының ұсынуы негізінде сот өтініш беруші-борышкерге лицензия беруге уақытша тыйым салған; 11) көрсетілетін қызметті алушыға қатысты соттың заңды күшіне енген үкімінің болуы, оның негізінде көрсетілетін қызметті алушының мемлекеттік көрсетілетін қызметті алумен байланысты арнаулы құқығынан айырылуы бойынша;

12) көрсетілетін қызметті алушының мемлекеттік қызмет көрсету үшін талап етілетін, «Дербес деректер және оларды қорғау туралы» Қазақстан Республикасы Заңының 8-бабына сәйкес берілетін қолжетімділігі шектеулі дербес деректерге қол жеткізуге келісімі болмауы бойынша мемлекеттік қызметтерді көрсетуден бас тартады.

110

Мемлекеттік қызметті, оның ішінде электрондық нысанда және Мемлекеттік корпорация арқылы көрсету ерекшеліктері ескеріле отырып қойылатын өзге де талаптар

Мемлекеттік қызмет көрсету орындарының мекенжайлары интернет-ресурстарда орналастырылған:

1) Қазақстан Республикасы Индустрия және инфрақұрылымдық даму министрлігі - www.mііd.gov.kz «Мемлекеттік көрсетілетін қызметтер» бөлімі;

2) көрсетілетін қызметті беруші - www.comprom.mііd.gov.kz «Мемлекеттік көрсетілетін қызметтер» бөлімі.

Көрсетілетін қызметті алушының мемлекеттік қызмет көрсету тәртібі мен мәртебесі туралы ақпаратты қашықтықтан қол жеткізу режимінде порталдың «жеке кабинеті», сондай-ақ мемлекеттік қызметтер көрсету мәселелері жөніндегі бірыңғай байланыс орталығы арқылы алуға мүмкіндігі бар.

Мемлекеттік қызметті көрсету тәртібі туралы ақпаратты көрсетілетін қызметті алушының мемлекеттік қызметтер көрсету мәселелері жөніндегі Бірыңғай байланыс орталығының анықтама қызметінен 1414, 8-800-080-7777 алуға мүмкіндігі бар

«Өзіндік ерекшелігі бар
тауарларды сәйкестендіру
туралы қорытынды беру»
Негізгі талаптар тізімінде
1-қосымша
Нысан

Кімге ________________________________________

(көрсетілетін қызметті берушінің толық атауы)

кімнен ________________________________________

(көрсетілетін қызметті алушының толық атауы

Заңды (нақты) мекенжайы ______________________________________

(индекс, қала, аудан, облыс, көше, үйдің №, телефон)

Көрсетілетін қызметті алушының деректемелері ________________________________

(заңды тұлғаның (оның ішінде шетелдік заңды тұлғаның) толық атауы, орналасқан жері, бизнес - сәйкестендіру нөмірі, заңды тұлғада бизнес - сәйкестендіру нөмірі болмаған жағдайда ‒ шетелдік заңды тұлға филиалының немесе өкілдігінің бизнес - сәйкестендіру нөмірі /жеке тұлғаның тегі, аты, әкесінің аты (болған жағдайда), жеке сәйкестендіру нөмірі).

Тауарларды, технологияларды, жұмыстарды, көрсетілетін қызметтерді, ақпаратты экспорттық бақылауға жататын өнімге жатқызу туралы қорытынды алуға өтініш

Қазақстан Республикасы «Өзіндік ерекшелігі бар тауарларды бақылау туралы» Заңына сәйкес өзіндік ерекшелігі бар тауарларды сәйкестендіру туралы қорытынды беруді сұраймыз.

Ұсынылған ақпараттың дұрыстығын растаймын және Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес дұрыс емес мәліметтерді бергені үшін жауапкершілік туралы хабардар етемін.

Басшы_____________________________________

(тегі, аты, әкесінің аты (бар болған жағдайда)

«Өзіндік ерекшелігі бар
тауарларды сәйкестендіру
туралы қорытынды беру»
Негізгі талаптар тізімінде
2-қосымша
нысан
Мәліметтер нысаны

р/с

Тауардың, технологияның, жұмыстың, көрсетілетін қызметтің, ақпараттың атауы

Еуразиялық экономикалық одақтың сыртқы экономикалық қызметінің бірыңғай тауар номенклатурасының он таңбалы коды*

Операцияның мақсаты (экспорт, импорт, транзит, қайта өңдеу)

Қолдану саласы және пайдалану мақсаты**

Соңғы пайдаланушы елі***

1

2

3

4

5

6


 


 


 


 


 


 

* Тек тауар үшін көрсетіледі.
** Импорт және экспорт кезінде көрсетіледі.
*** Экспорт кезінде ғана көрсетіледі.
«Өзіндік ерекшелігі бар
тауарларды сәйкестендіру
туралы қорытынды беру»
мемлекеттік қызмет
көрсету қағидаларына
2-қосымша

Қазақстан Республикасы Индустрия және инфрақұрылымдық даму министрлігінің Индустриялық даму комитеті

Комитет индустриального развития Министерства индустрии и инфраструктурного развития Республики Казахстан


 


 


 

Астана қ.


 

г. Астана


 


 


 

Нөмір: [Құжат нөмірі]


 

Берілген күні:

[Шығарылған күні] жылы


 


 


 


 


 

[Ұйымның атауы, заңды мекен-жайы, БСН / ЖСН]


 


 


 


 


 


 

ДӘЛЕЛДІ БАС ТАРТУ


 

«Қазақстан Республикасы Индустрия және инфрақұрылымдық даму министрлігі» республикалық мемлекеттік мекемесі Сіздің [күні] ж. № [кіріс құжатының нөмірі] өтінішіңізді қарағаннан кейін келесіні хабарлайды.

[МӘТІН]


 


 


 

[Қол қоюшының лауазымы]


 

[Қол қоюшының аты-жөні (болған жағдайда)]

«Өзіндік ерекшелігі бар
тауарларды сәйкестендіру
туралы қорытынды беру»
мемлекеттік қызмет
көрсету қағидаларына
3-қосымша

Қазақстан Республикасы Индустрия және инфрақұрылымдық даму министрлігінің Индустриялық даму комитеті

Комитет индустриального развития Министерства индустрии и инфраструктурного развития Республики Казахстан


 


 


 

Астана қ.


 

г. Астана


 


 


 

Нөмір: [Құжат нөмірі]


 

Берілген күні:

[Шығарылған күні] жылы


 


 


 


 


 

[Ұйымның атауы, заңды мекен-жайы, БСН / ЖСН]


 


 


 


 


 


 

ӨЗІНДІК ЕРЕКШЕЛІГІ БАР ТАУАРЛАРДЫ СӘЙКЕСТЕНДІРУ ТУРАЛЫ ҚОРЫТЫНДЫ.


 

Қазақстан Республикасы Индустрия және инфрақұрылымдық даму министрлігінің Индустриялық даму комитеті сіздің өтініміңізге сәйкес Жылдың [күні] № [кіріс құжатының нөмірі] өзіндік ерекшелігі бар тауарларды сәйкестендіру туралы қорытынды беруге қатысты, келесіні хабарлайды.

[МӘТІН


 


 


 

[Қол қоюшының лауазымы]


 

[Қол қоюшының аты-жөні (болған жағдайда)]