• Менің таңдаулыларым
Халыққа және азаматтық қорғау саласындағы мамандарға хабар беру, ілімді насихаттау, оқыту қағидаларын бекіту туралы

Отправить по почте

Toggle Dropdown
  • Түсініктемелер жазу, айту
  • Белгі бауына қою
  • Оставить заметку
  • Информация new
  • Редакции абзаца(beta)
  • 2

Халыққа және азаматтық қорғау саласындағы мамандарға хабар беру, ілімді насихаттау, оқыту қағидаларын бекіту туралы Қазақстан Республикасы Ішкі істер министрінің 2020 жылғы 2 шiлдедегi № 494 бұйрығы. Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде 2020 жылғы 3 шiлдеде № 20990 болып тіркелді

Редакция 02.09.2025 жылы берілген өзгерістер мен толықтырулармен  
  • 1
«Азаматтық қорғау туралы» Қазақстан Республикасы Заңының 12-бабы 1-тармағының 60) тармақшасына сәйкес БҰЙЫРАМЫН:
Кіріспе жаңа редакцияда жазылды ҚР Төтенше жағдайлар министрінің 19.08.2025 жылғы № 338 Бұйрығына сәйкес (05.09.2024 ж. редакцияны қараңыз)(өзгерту 02.09.2025 жылдан бастап қолданысқа енгізіледі)
1. Қоса беріліп отырған Халыққа және азаматтық қорғау саласындағы мамандарға хабар беру, білімді насихаттау, оқыту қағидалары бекітілсін.
2. Қазақстан Республикасы Ішкі істер министрінің кейбір бұйрықтарының күші жойылды деп танылсын.
3. Қазақстан Республикасы Ішкі істер министрлігінің Төтенше жағдайлар комитеті (В.Р.Беккер) Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген тәртіпте:
  • 1
1) осы бұйрықты Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркеуді;
2) осы бұйрықты Қазақстан Республикасы Ішкі істер министрлігінің интернет-ресурсына орналастыруды;
3) осы бұйрықты Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркегеннен кейін он жұмыс күні ішінде осы тармақтың 1) және 2) тармақшаларында көзделген іс-шаралардың орындалуы туралы мәліметтерді Қазақстан Республикасы Ішкі істер министрлігінің Заң департаментіне ұсынуды қамтамасыз етсін.
4. Осы бұйрықтың орындалуын бақылау Қазақстан Республикасы Ішкі істер министрінің жетекшілік ететін орынбасарына жүктелсін.
5. Осы бұйрық алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.
Қазақстан Республикасы Ішкі істер Министрі Е. Тургумбаев
«КЕЛІСІЛГЕН»
Қазақстан Республикасының
Ауыл шаруашылығы министрлігі
«КЕЛІСІЛГЕН»
Қазақстан Республикасының
Ақпарат және қоғамдық даму министрлігі
«КЕЛІСІЛГЕН»
ҚазақстанРеспубликасының
Әділет министрлігі
«КЕЛІСІЛГЕН»
ҚазақстанРеспубликасының
Білім және ғылым министрлігі
«КЕЛІСІЛГЕН»
Қазақстан Республикасының
Денсаулық сақтау министрлігі
«КЕЛІСІЛГЕН»
Қазақстан Республикасының
Индустрия және инфрақұрылымдық
даму министрлігі
«КЕЛІСІЛГЕН»
Қазақстан Республикасының
Цифрлық даму, инновациялар және аэроғарыш
өнеркәсібі министрлігі
«КЕЛІСІЛГЕН»
Қазақстан Республикасының
Энергетика министрлігі
«КЕЛІСІЛГЕН»
Қазақстан Республикасының
Экология, геология және
табиғи ресурстар министрлігі
«КЕЛІСІЛГЕН»
Қазақстан Республикасының
Сауда және интеграция министрлігі
Қазақстан Республикасы
Ішкі істер министрінің
2020 жылғы 2 шілдесі
№ 494 бұйрығымен
бекітілген
  • 2
Халықты және азаматтық қорғау саласындағы мамандарды ақпараттандыру, білімді насихаттау, оқыту қағидалары
Қағидалар өзгертілді ҚР Төтенше жағдайлар министрінің 21.01.2021 жылғы № 24 Бұйрығымен (02.07.2020 ж. редакцияны қараңыз)(өзгерту 07.02.2021 жылдан бастап қолданысқа енгізіледі)
Осы Қағидалар жаңа редакцияда жазылды ҚР Төтенше жағдайлар министрінің м.а. 05.09.2024 жылғы № 348 Бұйрығына сәйкес (21.01.2021 ж. редакцияны қараңыз)(өзгерту 22.09.2024 жылдан бастап қолданысқа енгізіледі)
1-Тарау. Жалпы ережелер
  • 1
1. Осы халықты және азаматтық қорғау саласындағы мамандарды ақпараттандыру, білімді насихаттау, оқыту қағидалары (бұдан әрі-Қағидалар) «Азаматтық қорғау туралы» Қазақстан Республикасы Заңының (бұдан әрі – заң) 12 - бабы 1-тармағының 60) тармақшасына сәйкес әзірленді және халықты және азаматтық қорғау саласындағы мамандарды хабардар ету, білімді насихаттау, оқыту тәртібін айқындайды.
1-тармақ жаңа редакцияда жазылды ҚР Төтенше жағдайлар министрінің 19.08.2025 жылғы № 338 Бұйрығына сәйкес (05.09.2024 ж. редакцияны қараңыз)(өзгерту 02.09.2025 жылдан бастап қолданысқа енгізіледі)
2. Халықты және азаматтық қорғау саласындағы мамандарды ақпараттандыру, білімді насихаттау, оқыту азаматтық қорғау іс-шараларын ұйымдастыру және орындау бойынша білім мен дағдыларды, төтенше жағдайларда іс-қимыл жасау дағдыларын, авариялық-құтқару және шұғыл жұмыстарды жүргізу, өзін-өзі құтқарудың және өзара көмектің негізгі тәсілдері мен әдістерін білу, халық арасындағы ықтимал ысыраптар мен материалдық залалды барынша азайту мақсатында жүргізіледі.
3. Халықты және азаматтық қорғау саласындағымамандарды оқыту кезінде дәріс, семинар, сыныптық-топтық сабақ, жаттығу және интерактивті сабақтар тәрізді теориялық және практикалық оқу нысандары кешенді түрде қолданылады.
2-тарау. Халықты және азаматтық қорғау саласындағы мамандарды ақпараттандыру тәртібі
  • 1
4. Азаматтық қорғау саласындағы уәкілетті орган (бұдан әрі-уәкілетті орган) және оның аумақтық органдары төтенше жағдайдың туындау қаупі туралы болжам болған кезде халықты алдын ала хабардар етуді қамтамасыз етеді және оларға Заңмен жүктелген өкілеттіктерге сәйкес азаматтық қорғау саласындағы білімді насихаттауды ұйымдастырады.
4-тармақ жаңа редакцияда жазылды ҚР Төтенше жағдайлар министрінің 19.08.2025 жылғы № 338 Бұйрығына сәйкес (05.09.2024 ж. редакцияны қараңыз)(өзгерту 02.09.2025 жылдан бастап қолданысқа енгізіледі)
5. Мемлекеттік органдар, ұйымдар мен қоғамдық бірлестіктер азаматтық қорғау саласындағы ақпаратты өздеріне Заңмен жүктелген өкілеттіктерге сәйкес жүзеге асырады.
6. Азаматтардың қауіпсіздігі мен денсаулығына қауіп төндіретін төтенше жағдайлар туралы ақпарат жария және ашық болып табылады және халыққа азаматтық қорғауды құлақтандыру жүйесі және бұқаралық ақпарат құралдары арқылы беріледі.
  • 1
7. Табиғи және техногендік сипаттағы төтенше жағдайларды бақылау, жағдайды бақылау және болжау қызметтері (сейсмологиялық қызмет, сел құлақтандыру жүйелері, радиациялық қауіпсіздікті бақылау және басқалар) алдын алу мақсатында, Қазақстан Республикасының аумағында және (немесе) іргелес мемлекеттердің шекара маңындағы аумағында төтенше жағдайдың туындау қаупі төнген кезде оның сипаттамаларын көрсете отырып, қажетті ақпаратты уәкілетті органның тиісті органына дереу ұсынады.
7-тармақ жаңа редакцияда жазылды ҚР Төтенше жағдайлар министрінің 19.08.2025 жылғы № 338 Бұйрығына сәйкес (05.09.2024 ж. редакцияны қараңыз)(өзгерту 02.09.2025 жылдан бастап қолданысқа енгізіледі)
8. Төтенше жағдайлардың туындау қатері немесе туындауы туралы ақпаратты халыққа азаматтық қорғаудың құлақтандыру жүйесі арқылы, байланыс және телерадио хабарларын тарату операторларының желілері арқылы, оның ішінде ұялы байланыс операторларының желілері арқылы тегін мәтіндік хабарламалар жіберу арқылы, сондай-ақ халыққа қызмет көрсететін заңды тұлғаларға хабарлау құралдары арқылы халыққа, оның жаппай болатын жерлерінде және қоғамдық көліктерде беріледі.
9. Қауіпті өндірістік объектілердің басшылары жергілікті хабарлау жүйелерін қолданысқа келтіру жолымен техногендік сипаттағы төтенше жағдайлар қаупі төнген немесе туындаған кезде төтенше жағдайдың таралуының есептік аймағына түсетін халықты дереу хабардар етеді.
10. Орталық және жергілікті атқарушы органдар халықты азаматтық қорғау саласында өздері қабылдаған шаралар туралы Заңның 47-бабына сәйкес хабардар етеді.
3-тарау. Азаматтық қорғау саласындағы білімді насихаттаудың тәртібі
  • 1
11. Азаматтық қорғау саласындағы білімді насихаттауды уәкілетті орган, оның аумақтық органдары, сондай-ақ мемлекеттік органдар, ұйымдар мен қоғамдық бірлестіктер жүзеге асырады.
11-тармақ жаңа редакцияда жазылды ҚР Төтенше жағдайлар министрінің 19.08.2025 жылғы № 338 Бұйрығына сәйкес (05.09.2024 ж. редакцияны қараңыз)(өзгерту 02.09.2025 жылдан бастап қолданысқа енгізіледі)
  • 1
12. Уәкілетті органның аумақтық органдары жергілікті атқарушы органдармен бірлесіп, насихаттау жоспарына сәйкес азаматтық қорғау саласындағы білімді насихаттауды жүзеге асырады.
12-тармақ жаңа редакцияда жазылды ҚР Төтенше жағдайлар министрінің 19.08.2025 жылғы № 338 Бұйрығына сәйкес (05.09.2024 ж. редакцияны қараңыз)(өзгерту 02.09.2025 жылдан бастап қолданысқа енгізіледі)
  • 1
13. Азаматтық қорғау саласындағы білімді насихаттау жоспарын уәкілетті органның аумақтық органы жыл сайын 25 желтоқсанға дейін әзірлейді және осы Қағидаларға 1-қосымшаға сәйкес жергілікті атқарушы органдар бекітеді.
13-тармақ жаңа редакцияда жазылды ҚР Төтенше жағдайлар министрінің 19.08.2025 жылғы № 338 Бұйрығына сәйкес (05.09.2024 ж. редакцияны қараңыз)(өзгерту 02.09.2025 жылдан бастап қолданысқа енгізіледі)
14. Азаматтық қорғау саласындағы білімді насихаттауға мыналар кіреді:
бұқаралық ақпарат құралдары арқылы, оның ішінде республикалық және облыстық (қалалық) телеарналарда төтенше жағдайлар кезіндегі іс-қимыл тәртібі туралы арнайы бағдарламалар жасау арқылы халықты насихаттауды ұйымдастыру;
баспасөзде, интернет-ресурстарда, әлеуметтік желілерде тұрақты жарияланымдарды, телерадио хабарларын тарату желілері арқылы азаматтық қорғау саласындағы білімді, тұрмыстық және өндірістік қауіпсіздік ережелерін насихаттайтын хабарларды ұйымдастыру.
15. Азаматтық қорғау саласындағы білімді насихаттау халықты азаматтық қорғау саласында оқыту кезінде де осы Қағидаларға сәйкес жүзеге асырылады.
4-тарау. Халықты және мамандарды азаматтық қорғау саласында оқыту
1-параграф. Уәкілетті органның ұйымдары мен оқу орындарында оқыту тәртібі
  • 1
16. Орталық және жергілікті атқарушы органдардың, Қазақстан Республикасының Президентіне тікелей бағынатын және есеп беретін мемлекеттік органдардың лауазымды адамдарын уәкілетті органның оқу орындарында оқыту азаматтық қорғау саласындағы орталық және жергілікті атқарушы органдардың, Қазақстан Республикасының Президентіне тікелей бағынатын және есеп беретін мемлекеттік органдардың басшы құрамы мен мамандарын даярлау және қайта даярлау жоспарына сәйкес жүргізіледі.
16-тармақ жаңа редакцияда жазылды ҚР Төтенше жағдайлар министрінің 19.08.2025 жылғы № 338 Бұйрығына сәйкес (05.09.2024 ж. редакцияны қараңыз)(өзгерту 02.09.2025 жылдан бастап қолданысқа енгізіледі)
  • 1
17. Азаматтық қорғау саласындағы орталық және жергілікті атқарушы органдардың, Қазақстан Республикасының Президентіне тікелей бағынатын және есеп беретін мемлекеттік органдардың басшы құрамы мен мамандарын даярлау және қайта даярлау жоспарын уәкілетті орган орталық және жергілікті атқарушы органдардың, Қазақстан Республикасының Президентіне тікелей бағынатын және есеп беретін мемлекеттік органдардың өтінімдері негізінде әзірлейді және оны азаматтық қорғау саласындағы уәкілетті орган бекітеді.
17-тармақ жаңа редакцияда жазылды ҚР Төтенше жағдайлар министрінің 19.08.2025 жылғы № 338 Бұйрығына сәйкес (05.09.2024 ж. редакцияны қараңыз)(өзгерту 02.09.2025 жылдан бастап қолданысқа енгізіледі)
18. Азаматтық қорғау саласындағы уәкілетті органның ұйымдары мен оқу орындарында оқуға жататын лауазымды тұлғалардың тізбесі және оқу мерзімділігі осы Қағидаларға 2-қосымшаға сәйкес айқындалады.
19. Азаматтық қорғаныс іс-шараларын ұйымдастыруды және жүргізуді жүзеге асыратын лауазымға жаңадан тағайындалған адамдар үшін азаматтық қорғаныс саласындағы оқыту тағайындалған күннен бастап алғашқы алты ай ішінде жүзеге асырылады.
20. Оқыту Қазақстан Республикасы Төтенше жағдайлар министрінің 2014 жылғы 20 мамырдағы «Азаматтық қорғау органдары мен күштерінің басшыларын, мамандарын даярлаудың, халықты төтенше жағдайлар мен әскери қақтығыстар туындаған кезде немесе осы қақтығыстар салдарынан қорғау тәсілдері мен іс-қимылдарына оқытудың оқу бағдарламасын бекіту туралы» № 235 бұйрығымен (нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 9509 болып тіркелген), (бұдан әрі – оқу бағдарламасы) бекітілген азаматтық қорғау органдары мен күштерінің басшыларын, мамандарын даярлаудың, халықты төтенше жағдайлар мен әскери қақтығыстар туындаған кезде немесе осы қақтығыстар салдарынан қорғау тәсілдері мен іс-қимылдарға үйрету оқу бағдарламасына сәйкес жүргізіледі.
21. Құпия мәліметтері бар материалдарды пайдалана отырып оқытуды жүргізу кезінде Қазақстан Республикасының мемлекеттік құпияларын қорғау жөніндегі нормативтік құқықтық актілердің талаптарын қатаң сақтау қажет.
22. Оқу аяқталғаннан кейін қорытынды тестілеу өткізіледі. Қорытынды тесттердің мазмұнын оқытуды жүзеге асыратын уәкілетті органның ұйымдары мен оқу орындарының басшылары бекітеді.
  • 1
23. Оқудан өту қорытындысы бойынша қорытынды тестілеуді тапсыру кезінде жіберілмеген немесе қанағаттанарлықсыз білім деңгейін көрсеткен тыңдаушыларға азаматтық қорғау саласында оқудан өткені туралы сертификаттар берілмейді.
23-тармақ жаңа редакцияда жазылды ҚР Төтенше жағдайлар министрінің 19.08.2025 жылғы № 338 Бұйрығына сәйкес (05.09.2024 ж. редакцияны қараңыз)(өзгерту 02.09.2025 жылдан бастап қолданысқа енгізіледі)
  • 1
24. Оқудан өткен және қорытынды тестілеуден өткен тыңдаушыларға Қазақстан Республикасының Ішкі істер министрінің 2015 жылғы 20 қазандағы "Азаматтық қорғау саласында оқудан өткені туралы бірыңғай үлгідегі сертификатты белгілеу туралы" (нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 12292 болып тіркелген) № 857 бұйрығымен бекітілген азаматтық қорғау саласында оқудан өткені туралы сертификаттар беріледі (бұдан әрі – сертификат).
24-тармақ жаңа редакцияда жазылды ҚР Төтенше жағдайлар министрінің 19.08.2025 жылғы № 338 Бұйрығына сәйкес (05.09.2024 ж. редакцияны қараңыз)(өзгерту 02.09.2025 жылдан бастап қолданысқа енгізіледі)
  • 1
2-параграф. Уәкілетті органның аумақтық органдарында оқытуды ұйымдастыру тәртібі
2-параграфының тақырыбы жаңа редакцияда жазылды ҚР Төтенше жағдайлар министрінің 19.08.2025 жылғы № 338 Бұйрығына сәйкес (05.09.2024 ж. редакцияны қараңыз)(өзгерту 02.09.2025 жылдан бастап қолданысқа енгізіледі)
  • 1
25. Уәкілетті органның аумақтық органдарында оқыту осы Қағидалардың 3-қосымшасына сәйкес нысан бойынша азаматтық қорғау саласында оқуға тыңдаушылары бар топтардың санаттарын қабылдау жоспарына сәйкес жүзеге асырылады.
25-тармақ жаңа редакцияда жазылды ҚР Төтенше жағдайлар министрінің 19.08.2025 жылғы № 338 Бұйрығына сәйкес (05.09.2024 ж. редакцияны қараңыз)(өзгерту 02.09.2025 жылдан бастап қолданысқа енгізіледі)
  • 1
26. Азаматтық қорғау саласында оқыту үшін тыңдаушылармен топтардың санаттарын жасақтау жоспары уәкілетті органның аумақтық органы әзірлейді және жергілікті атқарушы орган бекітеді.
26-тармақ жаңа редакцияда жазылды ҚР Төтенше жағдайлар министрінің 19.08.2025 жылғы № 338 Бұйрығына сәйкес (05.09.2024 ж. редакцияны қараңыз)(өзгерту 02.09.2025 жылдан бастап қолданысқа енгізіледі)
  • 1
27. Азаматтық қорғау саласындағы уәкілетті органның аумақтық органдарында оқытылатын тыңдаушылардың тізімі және оқытудың кезеңділігі осы Қағидалардың 4-қосымшасына сәйкес айқындалған.
27-тармақ жаңа редакцияда жазылды ҚР Төтенше жағдайлар министрінің 19.08.2025 жылғы № 338 Бұйрығына сәйкес (05.09.2024 ж. редакцияны қараңыз)(өзгерту 02.09.2025 жылдан бастап қолданысқа енгізіледі)