Toggle Dropdown
"Тегін медициналық көмектің кепілдік берілген көлемі шеңберінде және міндетті әлеуметтік медициналық сақтандыру жүйесінде көрсетілетін медициналық қызметтерге тарифтерді бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрінің 2018 жылғы 5 қыркүйектегі № ҚР ДСМ-10 бұйрығына өзгерістер енгізу туралы
Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрінің 2020 жылғы 11 шiлдедегi № ҚР ДСМ-83/2020 бұйрығы. Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде 2020 жылғы 14 шiлдеде № 20958 болып тіркелді
"Халық денсаулығы және денсаулық сақтау жүйесі туралы" Қазақстан Республикасының 2009 жылғы 18 қыркүйектегі Кодексінің 23-бабының 2-тармағына сәйкес БҰЙЫРАМЫН:
1. "Тегін медициналық көмектің кепілдік берілген көлемі шеңберінде және міндетті әлеуметтік медициналық сақтандыру жүйесінде көрсетілетін медициналық қызметтерге тарифтерді бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрінің 2018 жылғы 5 қыркүйектегі № ҚР ДСМ-10 бұйрығына (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 17353 болып тіркелген, Нормативтік құқықтық актілердің эталондық бақылау банкінде 2018 жылғы 12 қыркүйекте жарияланған) мынадай өзгерістер мен толықтырулар енгізілсін:
1-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:
1) осы бұйрыққа 1-қосымшаға сәйкес Ақы төлеу клиникалық-шығындық топтар бойынша жүзеге асырылатын, тегін медициналық көмектің кепілдік берілген көлемі шеңберінде және міндетті әлеуметтік медициналық сақтандыру жүйесінде көрсетілетін медициналық қызметтерге тарифтер;
2) осы бұйрыққа 2-қосымшаға сәйкес Ақы төлеу акушерлік-гинекологиялық бейін бойынша емделіп шығу жағдайының күрделілігін ескере отырып, клиникалық-шығындық топтар бойынша жүзеге асырылатын, тегін медициналық көмектің кепілдік берілген көлемі шеңберінде және міндетті әлеуметтік медициналық сақтандыру жүйесінде көрсетілетін медициналық қызметтерге тарифтер;
3) осы бұйрыққа 3-қосымшаға сәйкес Ақы төлеу неонатологиялық бейін бойынша емделіп шығу жағдайының күрделілігін ескере отырып клиникалық-шығындық топтар бойынша жүзеге асырылатын, тегін медициналық көмектің кепілдік берілген көлемі шеңберінде және міндетті әлеуметтік медициналық сақтандыру жүйесінде көрсетілетін медициналық қызметтерге тарифтер;
4) осы бұйрыққа 4-қосымшаға сәйкес Ақы төлеу стационарлық көмек нысанында мамандандырылған медициналық көмек көрсететін республикалық медициналық ұйымдарға орташа есептік құны бойынша бір емделіп шығу жағдайы үшін жүзеге асырылатын, тегін медициналық көмектің кепілдік берілген көлемі шеңберінде және міндетті әлеуметтік медициналық сақтандыру жүйесінде көрсетілетін медициналық қызметтерге тарифтер;
5) осы бұйрыққа 5-қосымшаға сәйкес Ақы төлеу стационарлық көмек нысанында мамандандырылған медициналық көмек көрсететін республикалық медициналық ұйымдарға бір төсек күн үшін жүзеге асырылатын, тегін медициналық көмектің кепілдік берілген көлемі шеңберінде және міндетті әлеуметтік медициналық сақтандыру жүйесінде көрсетілетін медициналық қызметтерге тарифтер;
6) осы бұйрыққа 6-қосымшаға сәйкес Ақы төлеу онкологиялық аурулармен ауыратын балаларды емдеу үшін медициналық-экономикалық тарифтер бойынша жүзеге асырылатын, тегін медициналық көмектің кепілдік берілген көлемі шеңберінде көрсетілетін медициналық қызметтерге тарифтер;
7) осы бұйрыққа 7-қосымшаға сәйкес Тегін медициналық көмектің кепілдік берілген көлемі шеңберінде және міндетті әлеуметтік медициналық сақтандыру жүйесінде көрсетілетін медициналық қызметтерге тарифтер;
8) осы бұйрыққа 8-қосымшаға сәйкес Амбулаториялық-емханалық көмек көрсету кезінде кешенді жан басына шаққандағы норматив бойынша жүзеге асырылатын, тегін медициналық көмектің кепілдік берілген көлемі шеңберінде және міндетті әлеуметтік медициналық сақтандыру жүйесінде көрсетілетін медициналық қызметтерге тарифтер;
9) осы бұйрыққа 9-қосымшаға сәйкес Ақы төлеу онкологиялық науқастарға медициналық көмек көрсететін облыстық, өңірлік, қалалық онкологиялық ұйымдар және көпбейінді клиникалардың онкологиялық бөлімшелері үшін лимфоидты және қан өндіру тіндерінің қатерлі ісіктері бар науқастарды қоспағанда, онкологиялық науқастардың электрондық тіркелімінде тіркелген айына бір онкологиялық науқасқа жүзеге асырылатын, тегін медициналық көмектің кепілдік берілген көлемі шеңберінде көрсетілетін медициналық қызметтерге кешенді тариф;
10) осы бұйрыққа 10-қосымшаға сәйкес Ақы төлеу қан компоненттеріне зерттеулер жүргізуге және тіндерді иммунологиялық типтеу саласындағы қызметтер (HLA-зерттеулер), қан қызметіндегі референс-зерттеулер, плаценталық қаннан гемопоэздік дің жасушаларын бөлу және донорлық қан компомоненттерін өндіру бойынша жүзеге асырылатын, тегін медициналық көмектің кепілдік берілген көлемі шеңберінде көрсетілетін медициналық қызметтерге тарифтер;
11) осы бұйрыққа 11-қосымшаға сәйкес Ақы төлеу жылжымалы медициналық кешендер бойынша жүзеге асырылатын, тегін медициналық көмектің кепілдік берілген көлемі шеңберінде көрсетілетін медициналық қызметтерге тарифтер;
12) осы бұйрыққа 12-қосымшаға сәйкес ақы төлеу Психикалық науқастар тіркелімінде тіркелген, психикалық және мінез-құлық және Наркологиялық науқастар тіркелімінде тіркелген, психикаға белсенді әсер ететін заттарды тұтынудан туындаған психикалық және мінез-құлық бұзылулары бар бір науқасқа айына өңірлер бөлінісінде жүзеге асырылатын, тегін медициналық көмектің кепілдік берілген көлемі шеңберінде көрсетілетін медициналық қызметтерге кешенді тариф;
13) осы бұйрыққа 13-қосымшаға сәйкес Айына АИТВ-инфекциясын жұқтырған және (немесе) жұқтырылған иммун тапшылығы синдромымен ауыратын бір науқасқа, достық кабинетіне жүгінген бір адамға медициналық қызметтерге тарифтер және АИТВ/ЖИТС бойынша адамды тексеру тариф, тегін медициналық көмектің кепілдік берілген көлемі шеңберінде көрсетілетін медициналық қызметтерге кешенді тариф;
14) осы бұйрыққа 14-қосымшаға сәйкес Ақы төлеу Туберкулезбен ауыратын науқастардың ұлттық тіркелімінде тіркелген бір науқасқа айына өңірлер бөлінісінде жүзеге асырылатын, тегін медициналық көмектің кепілдік берілген көлемі шеңберінде көрсетілетін медициналық қызметтерге кешенді тариф;
15) осы бұйрыққа 15-қосымшаға сәйкес Ақы төлеу белсенді емес қалпына келтіру емі және медициналық оңалтубойынша медициналық көмек көрсететін медициналық ұйымдарға жүзеге асырылатын, міндетті әлеуметтік медициналық сақтандыру жүйесінде көрсетілетін медициналық қызметтерге тариф;
16) осы бұйрыққа 16-қосымшаға сәйкес Тегін медициналық көмектің кепілдік берілген көлемі шеңберінде және міндетті әлеуметтік медициналық сақтандыру жүйесінде жедел медициналық көмек стансасы үшін бір бекітілген адамға жан басына шаққандағы норматив;
17) осы бұйрыққа 17-қосымшаға сәйкес Ақы төлеу паллиативтік көмек бойынша бір төсек-күн үшін жүзеге асырылатын, тегін медициналық көмектің кепілдік берілген көлемі шеңберінде көрсетілетін медициналық қызметтерге тариф;
18) осы бұйрыққа 18-қосымшаға сәйкес Ақы төлеу мейіргерлік күтім бойынша бір төсек-күн үшін жүзеге асырылатын, тегін медициналық көмектің кепілдік берілген көлемі шеңберінде көрсетілетін медициналық қызметтерге тариф;
19) осы бұйрыққа 19-қосымшаға сәйкес Ақы төлеу жедел (шұғыл) медициналық көмек стансаларына бір шақыру үшін тегін медициналық көмектің кепілдік берілген көлемі шеңберінде көрсетілетін медициналық қызметтерге тариф бекітілсін;
20) осы бұйрыққа 20-қосымшаға сәйкес Ақы төлеу мобильді бригаданың бір баруы үшін жүзеге асырылатын, тегін медициналық көмектің кепілдік берілген көлемі шеңберінде көрсетілетін медициналық қызметтерге тариф бекітілсін;
21) осы бұйрыққа 21-қосымшаға сәйкес Стационарлық көмек көрсететін медициналық ұйымдардың қабылдау бөлімшелеріне арналған клиникалық-шығындық топтар бойынша ақы төлеу жүзеге асырылатын, тегін медициналық көмектің кепілдік берілген көлемі шеңберінде көрсетілетін медициналық қызметтерге тарифтер бекітілсін.";
22) осы бұйрыққа 22-қосымшаға сәйкес Ақы төлеуі жаңа COVID-19 коронавирусының пандемиясына байланысты төтенше жағдайда медициналық және медициналық емес ұйымдарға жүзеге асырылатын, тегін медициналық көмектің кепілдік берілген көлемі шеңберінде медициналық қызметтерге арналған тарифтер бекітілсін.
көрсетілген бұйрыққа 1-22-қосымшалар осы бұйрыққа 1-22-қосымшаларға сәйкес редакцияда жазылсын;
23-қосымша алып тасталсын.
2. Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрлігінің Міндетті әлеуметтік медициналық сақтандыруды үйлестіру департаменті Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген тәртіппен:
1) осы бұйрықты Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркеуді;
2) осы бұйрықты ресми жариялағаннан кейін Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрлігінің интернет-ресурсына орналастыруды;
3) осы бұйрықты мемлекеттік тіркегеннен кейін он жұмыс күнінің ішінде Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрлігінің Заң департаментіне осы тармақтың 1), 2) және 3) тармақшаларында көзделген іс-шаралардың орындалуы туралы мәліметтерді ұсынуды қамтамасыз етсін.
3. Осы бұйрықтың орындалуын бақылау Қазақстан Республикасының Денсаулық сақтау вице-министрі А. Ғиниятқа жүктелсін.
4. Осы бұйрық алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі және 2020 жылғы 1 шілдеден бастап туындаған құқықтық қатынастарға қолданылады.
Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрі А. Цой
Қосымшаларын PDF форматында көріңіз