Bestprofi Logo

Бұйрық № 684 от 2020-07-21г./Қазақстан Республикасының Қаржы министрлігі

«Мемлекеттiк мекемелерде бухгалтерлiк есеп жүргiзу қағидаларын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Қаржы министрiнiң 2010 жылғы 3 тамыздағы № 393 бұйрығына өзгерістер енгізу туралы

Отправить на почту


Языки документа

Внимание! Документ утратил силу с 13.06.2025 г.

Документ на казахском языке

«Мемлекеттiк мекемелерде бухгалтерлiк есеп жүргiзу қағидаларын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Қаржы министрiнiң 2010 жылғы 3 тамыздағы № 393 бұйрығына өзгерістер енгізу туралы Қазақстан Республикасы Қаржы министрінің 2020 жылғы 21 шiлдедегi № 684 бұйрығы. Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде 2020 жылғы 27 шiлдеде № 21019 болып тіркелді

Осы Бұйрық 2025 жылғы 13 маусымнан бастап күшін жойды ҚР Қаржы министрінің 28.05.2025 жылғы № 261 Бұйрығына сәйкес 

«Мемлекеттiк мекемелерде бухгалтерлiк есепке алуды жүргізу қағидаларын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Қаржы Министрiнiң 2010 жылғы 3 тамыздағы № 393 бұйрығына (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 6443 болып тіркелген, «Егемен Қазақстан» газетінде 2010 жылғы 14 қыркүйекте № 370-371 (26214) жарияланған) мынадай өзгерістер енгізілсін:

көрсетілген бұйрықпен бекітілген Мемлекеттiк мекемелерде бухгалтерлiк есепке алуды жүргізу қағидаларында:

«2-тарау. Бухгалтерлік есепті ұйымдастыру тәртібі»;

«12. Мемлекеттік мекеменің бас бухгалтері лауазымына басшы тағайындайды және босатады және мемлекеттік мекеменің басшысына, соңғысы болмаған кезде тиісті бұйрықпен міндеттерін орындау жүктелген тұлғаға тікелей бағынады.»;

«13. Бас бухгалтер мемлекеттік мекеме басшысымен немесе ол уәкілеттік берген тұлғамен бірлесіп банк құжаттарына және материалдық құндылықтарды және ақша қаражатын қабылдау мен беруге негіз болатын құжаттарға, сондай-ақ қаржы міндеттемелеріне қол қояды. Мемлекеттік мекеменің басшысы бас бухгалтердің ұсынымы бойынша банк құжаттары мен бухгалтерлік құжаттарға қол қою құқығын уәкілетті тұлғаларға береді. Осы өкілеттіктер мемлекеттік мекеме басшысының бұйрықтары негізінде беріледі. Бас бухгалтердің немесе оны алмастыратын тұлғаның қолтаңбасыз құжаттар жарамсыз болып есептеледі және орындалуға қабылданбайды.»;

«Мемлекеттік мекеменің есебі мен есептілігінің жағдайын тексеруді аяқтау бойынша жасалған қабылдап алу-беру актісіне істерге қабылдаушы мен тапсырушы қол қояды және мемлекеттік мекеменің басшысы немесе оның уәкілеттік берген тұлға бекітеді. Қабылдап алу-беру актісінің қандай-да бір ережелерімен қабылдаушы келіспеген жағдайда, ол оған қол қойғанда тиісті дәлелденген ескертулерді көрсетуге етуі тиіс. Қабылдап алу-беру актісі екі данада жасалады, оның біреуі істі тапсырушы тұлғада қалады.»;

«Мемлекеттiк мекемелер электрондық тасымалдағыштарда бастапқы құжаттарды және бухгалтерлiк есепке алу тiркелiмдерiн жасау кезiнде осындай құжаттарды қажет болған кезде қағаз тасығыштарда басып шығарады.»;

«19. Есепке алу тіркелімдерінде жазбалар үшін негіз болып қызмет ететін құжаттар бухгалтерлік қызметке беріледі.»;

«20. Бухгалтерлік қызметке түскен алғашқы құжаттар нысан бойынша да (алғашқы құжаттарды рәсімдеудің толықтығы мен дұрыстығы, деректемелердің толтырылуы), мазмұны бойынша да (құжатталатын операциялардың заңдылығы, жекелеген көрсеткіштердің қисынды үйлесімі) тексеруге жатады.

Нысандар альбомының бухгалтерлік құжаттамасы электрондық нысанының қағаз тасығышта ресімделген құжаттама күші болады.»;

«24. Бухгалтерлік кітаптарда жазбаға дейін барлық беттер (парақтар) нөмірленеді. Беттің соңғы парағында бас бухгалтердің қолымен: «Осы кітапта барлығы ___ бет (парақ) нөмірленді» деген жазу жазылады. Нысандар альбомының КО-4 нысанды және 440 нысанды кассалық кітабы да бау өткізілуі және сүргіш немесе мастикалық мөрмен басылуы тиіс, КО-4 және Нысандар альбомының 440 нысандарындағы беттердің саны мемлекеттік мекеме басшысының немесе ол уәкілеттік берген тұлға және бас бухгалтердің қолымен расталуы тиіс.»;

«Комиссия жұмысының нәтижелері актімен (еркін нысандағы) ресімделеді, оған комиссия мүшелері қол қояды және оған мемлекеттік мекеменің басшысы немесе оның уәкілеттік берген тұлға бекітеді.»;

«3-тарау. Бухгалтерлік есепті және қаржылық есептілікті жасаудың қағидаттары мен негізгі сапалық сипаттамалары»;

«4-тарау. Ақша қаражатын және олардың баламаларын есепке алу тәртібі»;

«48. Есепке қолма-қол ақша қаражатын беру мынадай жазбамен көрсетіледі: 1261 «Есеп беретін сомалар бойынша қызметкерлердің қысқа мерзімді дебиторлық берешегі», 1263 «Өзге де есеп беретін тұлғалардың қысқа мерзімді дебиторлық берешегі» және 1010 «Кассадағы ақша қаражаты» шотының кредиті.»;

«53. 1041 «Қайырымдылық көмек ҚБШ» қосалқы шотында мемлекеттік мекемелердің өздері алатын филантропиялық қызметтен және (немесе) демеушілік қызметтен және (немесе) меценаттық қызметтен түсетін ақшаның түсуі мен жұмсалуы ескеріледі.

Филантропиялық қызметтен және (немесе) демеушілік қызметтен және (немесе) меценаттық қызметтен және (немесе) кіші отанға қолдау көрсету жөніндегі қызметтен түскен сомаға 1041 «Қайырымдылық көмек ҚБШ» қосалқы шоты дебеттеледі және 6050 «Қайырымдылық көмектен алынатын кірістер» қосалқы шоты кредиттеледі.

Филантропиялық қызметтен және (немесе) демеушілік қызметтен және (немесе) меценаттық қызметтен және (немесе) кіші отанға қолдау көрсету жөніндегі қызметтен қаражатты өнім берушілерге аудару кезінде 3210 «Жеткізушілерге және мердігерлерге қысқа мерзімді кредиторлық берешек» қосалқы шотының дебеті бойынша және 1041 «Қайырымдылық көмек ҚБШ» қосалқы шотының кредиті бойынша жазба жүргізіледі.»;

«Бюджетке салықтық, салықтық емес түсімдер 1046 «Республикалық бюджеттің ҚБШ», 1047 «Жергілікті бюджеттердің ҚБШ» қосалқы шоттарының дебеті және 1292 «Бюджетке түсетін салықтық түсімдер бойынша төлеушілермен есеп айырысу жөнінде қысқа мерзімді дебиторлық берешек», 1293 «Бюджетке түсетін салықтық емес түсімдер бойынша төлеушілермен есеп айырысу жөнінде қысқа мерзімді дебиторлық берешек», 1294 «Негізгі капиталды сатудан түскен түсімдер бойынша есеп айырысу жөнінде қысқа мерзімді дебиторлық берешек», 1295 «Негізгі мемлекеттің қаржы активтерін сатудан түскен түсімдер бойынша есеп айырысу жөнінде қысқа мерзімді дебиторлық берешек» қосалқы шоттарының кредиті бойынша көрсетіледі.»;

59 және 60-тармақтар мынадай редакцияда жазылсын:

«59. 1061 «Байланысты гранттың арнайы шоты» қосалқы шотында байланысты грант туралы келісімге сәйкес үкіметтік байланысты грант есебінен тауарларды (жұмыстарды, көрсетілетін қызметтерді) сатып алуға жұмсалатын шығыстардың үлесін үкіметтік байланысты грант есебінен жабу үшін ашылады. Байланысты гранттың арнайы шотына қаражат түскен кезде 1061 «Байланысты гранттың арнайы шоты» қосалқы шотының дебеті және 6060 «Гранттар бойынша кірістер» шотының кредиті бойынша жазба жүргізіледі. Осы шоттағы қаражатты пайдалану 1061 «Байланысты гранттың арнайы шоты» қосалқы шотының кредиті және 3210 «Жеткізушілерге және мердігерлерге қысқа мерзімді кредиторлық берешек», 3273 «Өзге қысқа мерзімді кредиторлық берешектер» тиісті қосалқы шоттарының дебеті бойынша көрсетіледі.

60. 1062 «Сыртқы қарыздың арнайы шоты» қосалқы шотында халықаралық қарыз шартына сәйкес тауарларды (жұмыстарды, көрсетілетін қызметтерді) сатып алуға жұмсалатын шығыстардың үлесін үкіметтік сыртқы қарыздың есебінен жабу үшін ашылады.

Сыртқы қарыздың арнайы шотына қаражат түскен кезде1062 «Сыртқы қарыздың арнайы шоты» қосалқы шотының дебетiне, 6070 «Сыртқы қарыз түсімдерден түскен кірістер» қосалқы шотының кредитiне жазба жүргiзiледi.»;

65 және 66-тармақтар мынадай редакцияда жазылсын:

«65. 1080 «Республикалық бюджеттен қаржыландырылатын мемлекеттік мекеменің міндеттемелері бойынша жеке қаржыландыру жоспарына сәйкес міндеттемелерін қабылдауға арналған жоспарлы тағайындаулары» шоты мынадай қосалқы шоттардан тұрады:

1081 «Жеке қаржыландыру жоспары бойынша міндеттемелер қабылдауға арналған жоспарлы тағайындаулары»;

1082 «Күрделі салымдар бойынша міндеттемелер қабылдауға арналған жоспарлы тағайындаулар»;

1083 «Басқа да бюджеттердің есебінен міндеттемелер қабылдауға арналған жоспарлы тағайындаулар»;

1084 «Трансферттер бойынша міндеттемелер қабылдауға арналған жоспарлы тағайындаулар»;

1085 «Субсидиялар бойынша міндеттемелер қабылдауға арналған жоспарлы тағайындаулар»;

1086 «Республикалық бюджетке тауарлардың (жұмыстардың, қызметтердің) құны түрінде түсетін түсімдерге және олардың жұмсалуына байланысты операциялар бойынша міндеттемелер қабылдауға арналған жоспарлы тағайындаулар»;

1087 «Сыртқы қарыздардың және байланысты гранттардың есебiнен міндеттемелер қабылдауға арналған жоспарлы тағайындаулар»;

Ссылка на абзац скопирована в буфер обмена

Комментарий успешно добавлен

Ссылка на документ скопирована в буфер обмена

Документ добавлен в избранное

Комментарий удален

Закладка успешно добавлена

Закладка удалена

Закладка изменена

Функция доступна только для подписчиков системы

Содержание