Жеке тұлғада жер бар, жеке меншік. Жергілікті басқарушы органдармен келісе алмай, тұрғын үй салып тастады. Бұл жағдайда заң аясында не істей аламыз және айыппұл салатын болса, оны кім салады?
Отправить по почте
Сұрақ
Жеке тұлғада жер бар, жеке меншік. Жергілікті басқарушы органдармен келісе алмай, тұрғын үй салып тастады. Бұл жағдайда заң аясында не істей аламыз және айыппұл салатын болса, оны кім салады?
Жауап
«Қазақстан Республикасындағы сәулет, қала құрылысы және құрылыс қызметі туралы» Қазақстан Республикасы Заңының (бұдан әрі - Заң) 68-бабына сәйкес құрылыс-монтаждау жұмыстарын жүргiзу басталғанға дейiн тапсырыс берушi мемлекеттiк сәулет-құрылыс бақылауын жүзеге асыратын органдарға "Рұқсаттар және хабарламалар туралы" Қазақстан Республикасының Заңында белгiленген тәртiппен құрылыс-монтаждау жұмыстарын жүргiзу жөнiндегi қызметтi жүзеге асырудың басталғаны туралы хабар беруге мiндеттi.
Құрылыс процесi Заңның 6-тарауының нормаларына сәйкес сәулет-құрылыс бақылауында және қадағалауында болады.
Салынған объектiнi пайдалануға қабылдаудың белгiленген тәртiппен бекiтiлген актiсi ғимараттардың, құрылыстардың және (немесе) жаңадан құрылған жылжымайтын мүлікке олардың құрамдастарының сәйкестендіру және техникалық мәліметтерін құқықтық кадастрдың ақпараттық жүйесіне енгізу, жылжымайтын мүлiкке құқықтарды тiркеу үшін негіз болып табылады.
Заңның 60-бабына сәйкес республикалық маңызы бар қалалардың, астананың, аудандардың (облыстық маңызы бар қалалардың) жергілікті атқарушы органдарымен келiсу бойынша тапсырыс беруші (меншiк иесi) жобалау (жобалау-сметалық) құжаттамаларынсыз нобайлар (нобайлық жобалар) бойынша:
екі қабаттан жоғары емес жеке тұрғын үйлер салуды жүзеге асыра алады.
Эта возможность доступна только для зарегистрированных пользователей. Пожалуйста, войдите или зарегистрируйтесь. |
|
Регистрация |