• Мое избранное
«Құрылыстағы баға белгілеу жөніндегі нормативтік құжаттарды бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Инвестициялар және даму министрлігінің Құрылыс және тұрғын үй-коммуналдық шаруашылық істері комитеті төрағасының 2017 жылғы 14 қарашадағы № 249-нқ бұйрығына өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы
Внимание! Документ утратил силу с 03.01.2023 г.

Отправить по почте

Toggle Dropdown
  • Комментировать
  • Поставить закладку
  • Оставить заметку
  • Информация new
  • Редакции абзаца

«Құрылыстағы баға белгілеу жөніндегі нормативтік құжаттарды бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Инвестициялар және даму министрлігінің Құрылыс және тұрғын үй-коммуналдық шаруашылық істері комитеті төрағасының 2017 жылғы 14 қарашадағы № 249-нқ бұйрығына өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы Қазақстан Республикасы Индустрия және инфрақұрылымдық даму министрлігінің Құрылыс және тұрғын үй-коммуналдық шаруашылық істері комитеті төрағасының м.а. 2020 жылғы 30 шiлдедегi № 110-НҚ бұйрығы. Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде 2020 жылғы 1 тамызда № 21045 болып тіркелді

Осы Бұйрық 2023 жылғы 3 қаңтардан бастап күшін жойды ҚР Индустрия және инфрақұрылымдық даму министрлігінің Құрылыс және тұрғын үй-коммуналдық шаруашылық істері комитеті төрағасының 09.12.2022 жылғы № 227-нқ Бұйрығына сәйкес 
БҰЙЫРАМЫН:
1. «Құрылыстағы баға белгілеу жөніндегі нормативтік құжаттарды бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Инвестициялар және даму министрлігінің Құрылыс және тұрғын үй-коммуналдық шаруашылық істері комитеті төрағасының 2017 жылғы 14 қарашадағы № 249-нқ бұйрығына (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 16073 болып тіркелген, 2017 жылғы 20 желтоқсанда Қазақстан Республикасының Нормативтік құқықтық актілерінің эталондық бақылау банкінде жарияланған) мынадай өзгерістер мен толықтырулар енгізілсін:
1-тармақ мына редакцияда жазылсын:
«1. Мынадай Келесі ққұрылыстағы баға белшідеу белгілеу бойынша нормативтік құжаттар:
1) осы бұйрыққа 1-қосымшаға сәйкес Қазақстан Республикасы құрылыстың сметалық құнын айқындау жөніндегі нормативтік құжат;
2) осы бұйрыққа 2-қосымшаға сәйкес Құрылыстағы үстеме шығыстардың және сметалық пайданың щамасын шамасын айқындау жөніндегі нормативтік құжат;
3) осы бұйрыққа 3-қосымшаға сәйкес Құрылысты ұйымдастыру жобасының шешімімен байланысты қосымша шығындарды айқындау жөніндегі нормативтік құжат;
4) осы бұйрыққа 4-қосымшаға сәйкес құрылыстағы инжинирингтік қызметтер шығындарды айқындау жөніндегі нормативтік құжат;
5) осы бұйрыққа 5-қосымшаға сәйкес Қазақстан Республикасында құрылыс үшін жобалау жұмыстарының құнын айқындау жөніндегі нормативтік құжат;
6) осы бұйрыққа 6-қосымшаға сәйкес Қазақстан Республикасында құрылыс үшін инженерлік іздестірулердің құнын айқындау жөніндегі нормативтік құжат;
7) осы бұйрыққа 7-қосымшаға сәйкес сметалық құжаттамаға деректерді құрылымдықконструктивтік-технологиялық топтастыру жөніндегі нормативтік құжат;
8) осы бұйрыққа 8-қосымшаға сәйкес Пилоттық жобаны іске асыру шеңберінде құрылыстың сметалық құнын айқындау жөніндегі нормативтік құжат;
9) осы бұйрыққа 9-қосымшаға сәйкес Қазақстан Республикасындағы құрылыс объектілерін пайдалануға беру кезінде іске қосу-баптау жұмыстарының сметалық құнын айқындау жөніндегі нормативтік құжат бекітілсін.
1-қосымша осы бұйрыққа 1-қосымшаға сәйкес редакцияда жазылсын;
Құрылыстағы үстеме шығыстардың және сметалық пайданың шамасын айқындау жөніндегі нормативтік құжатқа 2-қосымша осы бұйрыққа 2-қосымшаға сәйкес редакцияда жазылсын;
Құрылыстағы инжинирингтік қызметтерге арналған шығындарды айқындау жөніндегі нормативтік құжатта:
1-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:
«1. Осы Құрылыстағы инжинирингтік қызметтерге арналған шығындарды айқындау жөніндегі нормативтік құжат (бұдан әрі – Нормативтік құжат) «Қазақстан Республикасындағы сәулет, қала құрылысы және құрылыс қызметі туралы» 2001 жылғы 16 шілдедегі Қазақстан Республикасы № 242 Заңының 20-бабының 6-2) тармақшасына, Қазақстан Республикасы Ұлттық экономика министрінің 2015 жылғы 3 ақпандағы № 71 бұйрығымен бекітілген (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 10401 болып тіркелген) Сәулет, қала құрылысы және құрылыс қызметі саласында инжинирингтік қызметтер көрсету қағидаларына, Қазақстан Республикасы Қаржы министрінің 2014 жылғы 4 желтоқсандағы № 540 бұйрығымен бекітілген (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 9934 болып тіркелген) Бюджеттің атқарылуы және оған кассалық қызмет көрсету ережесіне сәйкес әзірленген.»;
мынадай мазмұндағы 6-1-тармақпен толықтырылсын:
«6-1. Оларға қатысты қазынашылық сүйемелдеу қолданылатын объектілер үшін құрылыс құнының жиынтық сметалық есебінде белгіленген лимиттер бойынша құрылыс үшін жобаны басқару жөніндегі инжинирингтік қызметтерге арналған шығындар көзделеді.
Өзге объектілер үшін жобаны басқару жөніндегі инжинирингтік қызметтерге арналған қаражат Қазақстан Республикасының сәулет, қала құрылысы және құрылыс қызметі саласындағы заңнамасына сәйкес белгіленген лимиттер бойынша құрылыс құнының жиынтық сметалық есебінде көзделеді.»;
осы бұйрыққа 3-қосымшаға сәйкес 5-қосымшамен толықтырылсын;
осы бұйрыққа 4-қосымшаға сәйкес 6-қосымшамен толықтырылсын;
осы бұйрыққа 5-қосымшаға сәйкес 7-қосымшамен толықтырылсын;
осы бұйрыққа 6-қосымшаға сәйкес 8-қосымшамен толықтырылсын;
осы бұйрыққа 7-қосымшаға сәйкес 9-қосымшамен толықтырылсын.
2. Осы бұйрыққа тың 8-қосымшаға сына сәйкес Қазақстан Республикасы Ұлттық экономика министрлігінің Құрылыс, тұрғын үй-коммуналдық шаруашылық істері және жер ресурстарын басқару комитеті төрағасының кейбір бұйрықтарының және Қазақстан Республикасы Индустрия және инфрақұрылымды дамыту даму министрлігі Құрылыс және тұрғын үй-коммуналдық шаруашылық істері комитетінің төрағасының бұйрығының күші жойылды деп танылсын.
3. Қазақстан Республикасы Индустрия және инфрақұрылымды дамыту даму министрлігі Құрылыс және тұрғын үй-коммуналдық шаруашылық істері комитетінің құрылыстағы нормативтер сметалық нормалар басқармасы:
1) осы бұйрықтың Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркелуін;
2) осы бұйрықты Қазақстан Республикасы Индустрия және инфрақұрылымды дамыту даму министрлігі Құрылыс және тұрғын үй-коммуналдық шаруашылық істері комитетінің интернет-ресурсында орналастыруды қамтамассыз етсін.
4. Осы бұйрықтың орындалуын бақылау жетекшілік ететін Қазақстан Республикасы Индустрия және инфрақұрылымдық даму министрлігінің Құрылыс және тұрғын үй-коммуналдық шаруашылық істері комитеті төрағасының орынбасарына жүктелсін.
5. Осы бұйрық алғаш ресми жарияланған күнінен кейін он күнтізбелік күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.
Құрылыс және тұрғын үй-коммуналдық шаруашылық комитеті төрағасының міндетерін атқарушы Б. Шаханов
Құрылыс және тұрғын үй-
коммуналдық шаруашылық
комитеті төрағасының
міндетерін атқарушы
2020 жылғы 30 шілдесі
№ 110-НҚ бұйрыққа
1-қосымша
Қазақстан Республикасы
Инвестициялар және даму
министрлігінің Құрылыс
және тұрғын үй-коммуналдық
шаруашылық істер
комитеті төрағасының
2017 жылғы 14 қарашадағы
№ 249-нқ бұйрығына
1 қосымша
Қазақстан Республикасындағы құрылыстың сметалық құнын анықтау жөніндегі нормативтік құжат
1 тарау. Жалпы ережелер
1. Осы Қазақстан Республикасындағы құрылыстың сметалық құнын анықтау жөніндегі осы нормативтік құжат (бұдан әрі - Нормативтік құжат) «Қазақстан Республикасындағы сәулет, қала құрылысы және құрылыс қызметі туралы» Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 16 шілдедегі № 242 Заңының 20-бабы, 6-2) тармақшасына сәйкес әзірленді және құрылысқа мемлекеттік инвестициялар және квазимемлекеттік сектор субъектілерінің қаражаты есебінен салынатын объектілер бойынша жобалау алдындағы, жобалау (жобалау-сметалық) құжаттамасын әзірлеу кезінде құрылыстың сметалық құнын анықтауға арналған.
2. Құрылыстағы сметалық нормалаудың және баға белгілеудің негізгі міндеттері болып табылатындар:
құрылысқа арналған шығындарды жоспарлауды, оны ұйымдастыру мен қаржыландыруды қамтамасыз ету;
кәсіпорындардың, ғимараттар мен құрылыстардың (жаңа, кеңейтудің, реконструкциялаудың, жаңғыртудың, техникалық қайта жарақтандырудың, қолданыстағыларды күрделі жөндеудің) техникалық-экономикалық негіздемелері мен сметалық құнын анықтаудың дұрыстығын қамтамасыз ету;
сметалық құжаттарда көрсетілетін кәсіпорындардың, ғимараттардың құрылыс (жаңа, кеңейту, реконструкциялау, жаңғырту, техникалық қайта жарақтандыру, қолданыстағыларды күрделі жөндеу) құнын анықтауды баға белгілеу және сметалық нормалау жөніндегі нормативтік құжаттар жүйесі арқылы қамтамасыз ету;
инвестициялардың тиімділігін арттыру, қаржы қаражатын жұмсауды оңтайландыру.
3. Құрылыстың сметалық құнын анықтайтын сметалық стандарттарды әзірлеу және қолдану бойынша ережелермен, ережелермен және ұсыныстармен бірге барлық бағаланған стандарттар құрылыстағы бағалар мен бағалардың жүйесін құрайды.
Бағаланған стандарттар дегеніміз - құрылыстың сметалық құнын анықтауға негіз болатын баға белгілеу және смета бойынша нормативтік құжаттар жиынтығының жалпыланған атауы және мыналарды қамтиды:
құрылыс нысандарының құнын айқындауға, құрылысқа байланысты басқа жұмыстар мен қызметтердің құнын анықтауға арналған нормативтік құжаттар, нұсқаулықтар, нұсқаулықтар мен ұсыныстар (жобалау жұмыстары, инженерлік іздеулер, инженерлік қызметтер);
қабылданған есептегіштерге белгіленген құрылыстағы жұмыстардың есептік нормалары;
қабылданған есептеу базасына пайызбен көрсетілген жеке шығындар мен құрылыстағы шығындардың есептік нормалары;
үлкейтілген есептік нормалар;