Bestprofi Logo

Бұйрық № 227 от 2020-08-07г./Қазақстан Республикасының Мәдениет және спорт министрлігі

Қазақстан Республикасы Президентінің 2020 жылға арналған стипендиясын жоғары оқу орындары бойынша бөлу туралы

Отправить на почту


Языки документа

Документ на казахском языке

Қазақстан Республикасы Президентінің 2020 жылға арналған стипендиясын жоғары оқу орындары бойынша бөлу туралы Қазақстан Республикасы Мәдениет және спорт министрінің 2020 жылғы 7 тамыздағы № 227 бұйрығы. Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде 2020 жылғы 11 тамызда № 21078 болып тіркелді

«Қазақстан Республикасы Президентiнiң стипендиясын тағайындау туралы» Қазақстан Республикасы Президентiнiң 1993 жылғы 5 наурыздағы № 1134 қаулысының 4-тармағына сәйкес, сондай-ақ Нормативтік құқықтық актілер тізілімінде № 20603 болып тіркелген «Қазақстан Республикасы Президентінің 2020 жылға арналған стипендиясын бөлу туралы» Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрінің 2020 жылғы 5 мамырдағы № 184 бұйрығын іске асыру мақсатында БҰЙЫРАМЫН:

1. Қоса беріліп отырған Қазақстан Республикасы Президентінің 2020 жылға арналған стипендиясын жоғары оқу орындары бойынша бөлу (бұдан әрі ̶ бөлу) бекітілсін.

2. Қазақстан Республикасы Мәдениет және спорт министрлігі Білім, ғылыми жұмыс және халықаралық ынтымақтастық департаменті (Р. Игенев) заңнамада белгіленген тәртіппен:

1) осы бұйрықтың Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркелуін;

2) осы бұйрық қолданысқа енгізілгеннен кейін оның Қазақстан Республикасы Мәдениет және спорт министрлігінің ресми интернет-ресурсында орналастырылуын;

3) осы тармақтың 1) және 2) тармақшаларында көзделген іс-шара орындалғаннан кейін екі жұмыс күні ішінде Қазақстан Республикасы Мәдениет және спорт министрлігінің Заң қызметі департаментіне іс-шараның орындалуы туралы мәлімет ұсынуды қамтамасыз етсін.

3. Қазақстан Республикасы Мәдениет және спорт министрлігі Экономика және қаржы департаменті (А. Досходжаева) қосымшада көрсетілген бөлуге сәйкес жоғары оқу орындарына қаржы жылына республикалық бюджетте қарастырылған қаражаттар шегінде 2020 жылғы кезеңге төлеуді қамтамасыз етсін.

4. Осы бұйрықтың орындалуын бақылау жетекшілік ететін Қазақстан Республикасының Мәдениет және спорт вице-министріне жүктелсін.

5. Осы бұйрық алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін қолданысқа енгізіледі.

Қазақстан Республикасы Мәдениет және спорт министрі А. Раимкулова

Қазақстан Республикасы Мәдениет және спорт министрі 2020 жылғы 7 тамызы № 227 Бұйрығымен бекітілген

Қазақстан Республикасы Президентінің 2020 жылға арналған стипендиясын жоғары оқу орындары бойынша бөлу

Жоғары оқу орындарының атауы

Студенттерге арналған стипендия

1.

«Құрманғазы атындағы Қазақ ұлттық консерваториясы» республикалық мемлекеттік мекемесі

3

2.

«Қазақ ұлттық өнер университеті республикалық мемлекеттік мекемесі

3

3.

«Т.К.Жүргенов атындағы Қазақ ұлттық өнер академиясы» республикалық мемлекеттік мекемесі

3

Барлығы:

9

Ссылка на абзац скопирована в буфер обмена

Комментарий успешно добавлен

Ссылка на документ скопирована в буфер обмена

Документ добавлен в избранное

Комментарий удален

Закладка успешно добавлена

Закладка удалена

Закладка изменена

Функция доступна только для подписчиков системы

Содержание