• Мое избранное
«Технологиялық бизнес-инкубациялау қызметтерін көрсету, сондай-ақ «Астана Хаб» халықаралық технологиялық паркі көрсететін қызметтерді қоспағанда, осындай қызметтер құнын айқындау қағидаларын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Инвестициялар және даму министрінің 2015 жылғы 9 желтоқсандағы № 1178 бұйрығына өзгерістер енгізу туралы
Внимание! Документ утратил силу с 06.01.2023 г.

Отправить по почте

Toggle Dropdown
  • Комментировать
  • Поставить закладку
  • Оставить заметку
  • Информация new
  • Редакции абзаца

«Технологиялық бизнес-инкубациялау қызметтерін көрсету, сондай-ақ «Астана Хаб» халықаралық технологиялық паркі көрсететін қызметтерді қоспағанда, осындай қызметтер құнын айқындау қағидаларын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Инвестициялар және даму министрінің 2015 жылғы 9 желтоқсандағы № 1178 бұйрығына өзгерістер енгізу туралы Қазақстан Республикасының Цифрлық даму, инновациялар және аэроғарыш өнеркәсібі министрінің м.а. 2020 жылғы 14 тамыздағы № 296/НҚ бұйрығы. Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде 2020 жылғы 19 тамызда № 21111 болып тіркелді

Осы Бұйрық 2023 жылғы 6 қаңтардан бастап күшін жойды ҚР Цифрлық даму, инновациялар және аэроғарыш өнеркәсібі министрінің 15.11.2022 жылғы № 437/НҚ Бұйрығына сәйкес 
БҰЙЫРАМЫН:
1. «Технологиялық бизнес-инкубациялау қызметтерін көрсету, сондай-ақ «Астана Хаб» халықаралық технологиялық паркі көрсететін қызметтерді қоспағанда, осындай қызметтер құнын айқындау қағидаларын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Инвестициялар және даму министрінің 2015 жылғы 9 желтоқсандағы № 1178 бұйрығына (Қазақстан Республикасының нормативтік құқықтық актілерін мемлекеттік тіркеу Реестрінде № 12959 тіркелген, 2016 жылғы 10 ақпанда «Әділет» ақпараттық-құқықтық жүйесінде жарияланған) мынадай өзгерістер енгізілсін:
аталған бұйрықпен бекітілген Технологиялық бизнес-инкубациялау қызметтерін көрсету, сондай-ақ «Астана Хаб» халықаралық технологиялық паркі көрсететін қызметтерді қоспағанда, осындай қызметтер құнын айқындау қағидаларында:
1-тараудың тақырыбы мынадай редакцияда жазылсын:
«1-тарау. Жалпы ережелер»;
2-тармақтың 2) және 3-тармақшалары мынадай редакцияда жазылсын:
«2) ндустриялық-инновациялық жоба (бұдан әрі – жоба) – технологиялар трансфертіне, жаңа немесе жетілдірілген өндірістерді құруға, технологияларға, тауарлар, жұмыстар мен көрсетілетін қызметтерге бағытталған, белгілі бір уақыт мерзімі ішінде іске асырылатын, іс-шаралар кешені;
3) инновациялық қызметті мемлекеттік қолдау саласындағы уәкілетті орган (бұдан әрі-уәкілетті орган) – инновациялық даму саласындағы басшылықты, сондай-ақ Қазақстан Республикасының заңнамасында көзделген шектерде салааралық үйлестіруді және инновациялық қызметті мемлекеттік қолдауды іске асыруға қатысуды жүзеге асыратын орталық атқарушы орган;»;
3 және 4 тармақтар мынадай редакцияда жазылсын:
«3. Үйлестіруші уәкілетті органмен жасалатын шарт негізінде осы Қағидаларға сәйкес технологиялық бизнес-инкубациялау (бұдан әрі – ТБИ) бағдарламасын басқаруды жүзеге асырады.
Технологиялық парктер (бұдан әрі – технопарк) шарт негізінде осы Қағидаларға сәйкес ТБИ қызметтерін алушыларға қызмет көрсетеді.
4. ТБИ қызметтерін көрсету кезеңі ТБИ қызметтерін көрсету басталған күннен бастап 24 (жиырма төрт) айдан аспауы тиіс. ТБИ қызметтерін көрсетудің басталған күні технопарктер мен қызметтерді алушы арасында ТБИ қызметтерін көрсетуге арналған шарт жасалған күн болып есептеледі. Әрбір нақты жоба бойынша ТБИ көрсету кезеңінің ұзақтығы жобаны іске асырудың күнтізбелік жоспарымен анықталады.»;
2-тараудың тақырыбы мынадай редакцияда жазылсын:
«2-тарау. ТБИ қызметтерін көрсету тәртібі»;
46-тармақтың бірінші абзацы мынадай редакцияда жазылсын:
«46. Сараптамалық кеңестің мүшелерін үйлестіруші индустриялық және инновациялық қызмет саласындағы білікті мамандар қатарынан мыналардың:»;
47-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:
«47. Сараптамалық кеңес өтініштерді қарауды мынадай бағыттар бойынша жүргізеді:
1) Қазақстан Республикасының 2015 жылғы 29 қазанындағы Кәсіпкерлік кодексінің 100-1 бабының 2-тармағы 2) тармақшасына сәйкес жобаның Қазақстан Республикасының индустриялық-инновациялық дамуының басым бағыттарына сәйкестігі;»;
3-тараудың тақырыбы мынадай редакцияда жазылсын:
«3-тарау. ТБИ қызметтерінің құнын айқындау тәртібі».
2. Қазақстан Республикасы Цифрлық даму, инновациялар және аэроғарыш өнеркәсібі министрлігінің Инновациялық экожүйе департаменті заңнамада белгіленген тәртіппен:
1) осы бұйрықтың Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркелуін;
2) осы бұйрықты Қазақстан Республикасы Цифрлық даму, инновациялар және аэроғарыш өнеркәсібі министрлігінің интернет-ресурсында орналастыруды;
3) осы бұйрық мемлекеттік тіркелгеннен кейін он жұмыс күні ішінде Қазақстан Республикасы Цифрлық даму, инновациялар және аэроғарыш өнеркәсібі министрлігінің Заң департаментіне осы тармақтың 1) және 2) тармақшаларында көзделген іс-шаралардың орындалуы туралы мәліметтер беруді қамтамасыз етсін.
3. Осы бұйрықтың орындалуын бақылау жетекшілік ететін Қазақстан Республикасының Цифрлық даму, инновациялар және аэроғарыш өнеркәсібі вице-министріне жүктелсін.
4. Осы бұйрық алғаш ресми жарияланғаннан кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.
И.о. Министра цифрового развития, инноваций и аэрокосмической промышленности Республики Казахстан А. Оразбек
«КЕЛІСІЛДІ»
Қазақстан Республикасының
Индустрия және инфрақұрылымдық
даму министрлігі
«КЕЛІСІЛДІ»
Қазақстан Республикасының
Қаржы министрлігі
«КЕЛІСІЛДІ»
Қазақстан Республикасының
Ұлттық экономика министрлігі