«Міндетті әлеуметтік сақтандыру туралы» 2019 жылғы 26 желтоқсандағы Қазақстан Республкасының Заңын іске асыру мақсатында Қазақстан Республикасының Үкіметі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
Отправить по почте
Қазақстан Республикасы Үкіметінің кейбір шешімдерінің күші жойылды деп тану туралы Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2020 жылғы 21 тамыздағы № 530 қаулысы
«Міндетті әлеуметтік сақтандыру туралы» 2019 жылғы 26 желтоқсандағы Қазақстан Республкасының Заңын іске асыру мақсатында Қазақстан Республикасының Үкіметі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
1. Осы қаулыға қосымшаға сәйкес Қазақстан Республикасы Үкіметінің кейбір шешімдерінің күші жойылды деп танылсын.
2. Осы қаулы қол қойылған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі және 2020 жылғы 1 қаңтардан бастап туындаған қатынастарға қолданылады.
Қазақстан Республикасының Премьер-Министрі А. Мамин
Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2020 жылғы 21 тамыздағы № 530 қаулысына қосымша
Қазақстан Республикасы Yкiметiнiң күшi жойылған кейбiр шешiмдерiнiң тiзбесi
1. «Әлеуметтік аударымдарды есептеу және Мемлекеттік әлеуметтік сақтандыру қорына аудару және олар бойынша өндіріп алу қағидалары мен мерзімдерін бекiту туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2004 жылғы 21 маусымдағы № 683 қаулысы (Қазақстан Республикасының ПҮАЖ-ы, 2004 ж., № 25, 323-құжат).
2. «Мемлекеттiк әлеуметтiк сақтандыру қорының қаржы құралдарымен байланысты қызметтi жүзеге асыруы ережесiн бекiту туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2004 жылғы 20 тамыздағы № 878 қаулысы (Қазақстан Республикасының ПҮАЖ-ы, 2004 ж., № 30, 411-құжат).
3. «Қазақстан Республикасы Yкiметiнiң 2004 жылғы 21 маусымдағы № 683 қаулысына өзгерiс пен толықтыру енгiзу туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2004 жылғы 31 желтоқсандағы № 1449 қаулысы (Қазақстан Республикасының ПҮАЖ-ы, 2004 ж., № 50, 668-құжат).
4. «Қазақстан Республикасы Yкiметiнiң 2004 жылғы 21 маусымдағы № 683 қаулысына өзгерiстер мен толықтырулар енгізу туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2005 жылғы 31 мамырдағы № 533 қаулысы (Қазақстан Республикасының ПҮАЖ-ы, 2005 ж., № 22, 280-құжат).
5. «Қазақстан Республикасы Yкiметiнiң кейбiр шешiмдерiне толықтырулар мен өзгерiс енгiзу туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2007 жылғы 11 наурыздағы № 178 қаулысы (Қазақстан Республикасының ПҮАЖ-ы, 2007 ж., № 8, 87-құжат).
6. «Қазақстан Республикасы Үкіметінің кейбір шешімдеріне өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2007 жылғы 30 сәуірдегі № 352 қаулысымен бекітілген Қазақстан Республикасы Үкіметінің кейбір шешімдеріне енгізілетін өзгерістер мен толықтырулардың 16-тармағы (Қазақстан Республикасының ПҮАЖ-ы, 2007 ж., № 13, 157-құжат).
7. «Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2004 жылғы 21 маусымдағы № 683 қаулысына өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2007 жылғы 24 тамыздағы № 736 қаулысы (Қазақстан Республикасының ПҮАЖ-ы, 2007 ж., № 32, 349-құжат).
8. «Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2004 жылғы 21 маусымдағы № 683 қаулысына толықтырулар енгізу туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2007 жылғы 29 желтоқсандағы № 1381 қаулысы (Қазақстан Республикасының ПҮАЖ-ы, 2007 ж., № 50, 636-құжат).
9. «Қазақстан Республикасы Үкіметінің өрт қауіпсіздігі саласындағы кейбір шешімдеріне өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2008 жылғы 18 қарашадағы № 1068 қаулысымен бекітілген Қазақстан Республикасы Үкіметінің өрт қауіпсіздігі саласындағы кейбір шешімдеріне енгізілетін өзгерістер мен толықтырулардың 23-тармағы (Қазақстан Республикасының ПҮАЖ-ы, 2008 ж., № 43, 492-құжат).
10. «Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2004 жылғы 21 маусымдағы № 683 қаулысына өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2008 жылғы 31 желтоқсандағы № 1347 қаулысы (Қазақстан Республикасының ПҮАЖ-ы, 2008 ж., № 49, 559-құжат).
11. «Төлеушінің касса бойынша шығыс операцияларын тоқтата тұру ережесін бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2009 жылғы 7 мамырдағы № 662 қаулысы (Қазақстан Республикасының ПҮАЖ-ы, 2009 ж., № 22-23, 205-құжат).
12. «Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2004 жылғы 21 маусымдағы № 683 және 2007 жылғы 28 желтоқсандағы № 1307 қаулыларына өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2009 жылғы 28 тамыздағы № 1272 қаулысы (Қазақстан Республикасының ПҮАЖ-ы, 2009 ж., № 36, 354-құжат).
13. «Қазақстан Республикасы Үкіметінің кейбір шешімдеріне өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2012 жылғы 14 қыркүйектегі № 1196 қаулысы (Қазақстан Республикасының ПҮАЖ-ы, 2012 ж., № 71, 1028-құжат).
14. «Әлеуметтік аударымдарды есептеу және аудару ережесін бекiту туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2004 жылғы 21 маусымдағы № 683 қаулысына өзгеріс енгізу туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2013 жылғы 30 мамырдағы № 550 қаулысы (Қазақстан Республикасының ПҮАЖ-ы, 2013 ж., № 35, 524-құжат).
15. «Қазақстан Республикасы Үкіметінің кейбір шешімдеріне өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2014 жылғы 20 наурыздағы № 250 қаулысымен бекітілген Қазақстан Республикасы Үкіметінің кейбір шешімдеріне енгізілетін өзгерістер мен толықтырулардың 2-тармағы (Қазақстан Республикасының ПҮАЖ-ы, 2014 ж., № 22, 164-құжат).
16. «Қазақстан Республикасы Үкіметінің кейбір шешімдеріне өзгерістер енгізу туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2014 жылғы 12 желтоқсандағы № 1310 қаулысымен бекітілген Қазақстан Республикасы Үкіметінің кейбір шешімдеріне енгізілетін өзгерістердің 1-тармағы (Қазақстан Республикасының ПҮАЖ-ы, 2014 ж., № 80, 691-құжат).
17. Қазақстан Республикасы Үкіметінің «Әлеуметтік аударымдарды есептеу және аудару ережесiн бекiту туралы» 2004 жылғы 21 маусымдағы № 683 және «Міндетті зейнетақы жарналарын, міндетті кәсіптік зейнетақы жарналарын есептеу, ұстап қалу (есебіне жазу) және бірыңғай жинақтаушы зейнетақы қорына аудару қағидалары мен мерзімдерін бекіту туралы» 2013 жылғы 18 қазандағы № 1116 қаулыларына өзгерістер енгізу туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2015 жылғы 23 сәуірдегі № 255 қаулысының 1-тармағының 1) тармақшасы (Қазақстан Республикасының ПҮАЖ-ы, 2015 ж., № 23, 134-құжат).
18. «Әлеуметтік аударымдарды есептеу және аудару ережесiн бекiту туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2004 жылғы 21 маусымдағы № 683 қаулысына өзгеріс енгізу және Қазақстан Республикасы Үкіметінің кейбір шешімдерінің күші жойылды деп тану туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2015 жылғы 7 тамыздағы № 617 қаулысының 1-тармағы (Қазақстан Республикасының ПҮАЖ-ы, 2015 ж., № 43, 324-құжат).
19. «Қазақстан Республикасы Үкіметінің кейбір шешімдеріне өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2016 жылғы 14 сәуірдегі № 215 қаулысымен бекітілген Қазақстан Республикасы Үкіметінің кейбiр шешiмдерiне енгізілетін өзгерiстер мен толықтырулардың 2-тармағы (Қазақстан Республикасының ПҮАЖ-ы, 2016 ж., № 23-24, 131-құжат).
20. «Қазақстан Республикасы Үкіметінің кейбір шешімдеріне өзгерістер енгізу туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2016 жылғы 27 желтоқсандағы № 862 қаулысымен бекітілген Қазақстан Республикасы Үкіметінің кейбір шешiмдерiне енгізілетін өзгерістердің 1-тармағы (Қазақстан Республикасының ПҮАЖ-ы, 2016 ж., № 66, 441-құжат).
21. «Қазақстан Республикасы Үкіметінің кейбір шешімдеріне өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2017 жылғы 29 қыркүйектегі № 603 қаулысымен бекітілген Қазақстан Республикасы Үкіметінің кейбір шешімдеріне енгізілетін өзгерістер мен толықтырулардың 1-тармағы (Қазақстан Республикасының ПҮАЖ-ы, 2017 ж., № 42-43, 294-құжат).
22. «Қазақстан Республикасы Үкіметінің кейбір шешімдеріне өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2018 жылғы 4 мамырдағы № 239 қаулысымен бекітілген Қазақстан Республикасы Үкіметінің кейбір шешімдеріне енгізілетін өзгерістер мен толықтырулардың 1-тармағы (Қазақстан Республикасының ПҮАЖ-ы, 2018 ж., № 23-24, 129-құжат).
23. «Қазақстан Республикасы Үкіметінің кейбір шешімдеріне өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2018 жылғы 9 қазандағы № 624 қаулысымен бекітілген Қазақстан Республикасы Үкіметінің кейбір шешімдеріне енгізілетін өзгерістер мен толықтырулардың 1 және 2-тармақтары (Қазақстан Республикасының ПҮАЖ-ы, 2018 ж., № 56, 301-құжат).
24. Қазақстан Республикасы Үкіметінің кейбір шешімдеріне өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2019 жылғы 8 мамырдағы № 263 қаулысымен бекітілген Қазақстан Республикасы Үкіметінің кейбір шешімдеріне енгізілетін өзгерістер мен толықтырулардың 1-тармағы (Қазақстан Республикасының ПҮАЖ-ы, 2019 ж., № 14-15, 130-құжат).
Эта возможность доступна только для зарегистрированных пользователей. Пожалуйста, войдите или зарегистрируйтесь. |
|
Регистрация |