Қазақстан Республикасының Үкіметі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
Отправить по почте
Қазақстан Республикасы Үкіметінің «Бизнестің жол картасы-2025» бизнесті қолдау мен дамытудың мемлекеттік бағдарламасын бекіту туралы» 2019 жылғы 24 желтоқсандағы № 968 және «Жеке кәсіпкерлікті мемлекеттік қолдаудың кейбір шаралары туралы» 2019 жылғы 31 желтоқсандағы № 1060 қаулыларына өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2020 жылғы 30 шiлдедегi № 491 қаулысы
Осы Қаулы 2024 жылғы 2 ақпаннан бастап күшін жойды ҚР Үкіметінің 18.01.2024 жылғы № 18 Қаулысына сәйкес
Редакция 02.02.2022 жылы берілген өзгерістер мен толықтырулармен
Қазақстан Республикасының Үкіметі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
1. Қазақстан Республикасы Үкіметінің кейбір шешімдеріне мынадай өзгерістер мен толықтырулар енгізілсін:
1) тармақша күшін жойды (ескертуді қараңыз)
1-тармақша күшін жойды ҚР Үкіметінің 02.02.2022 жылғы № 43 Қаулысымен (30.07.2020 ж. редакцияны қараңыз)
2) «Жеке кәсіпкерлікті мемлекеттік қолдаудың кейбір шаралары туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2019 жылғы 31 желтоқсандағы № 1060 қаулысында (Қазақстан Республикасының ПҮАЖ-ы, 2019 ж., № 67-68,477-құжат):
1-тармақтың 6) тармақшасындағы «қағидалары бекітілсін.» деген сөздер «қағидалары;» деген сөзбен ауыстырылып, мынадай мазмұндағы 7) және 8) тармақшалармен толықтырылсын:
«7) «Бизнестің жол картасы-2025» бизнесті қолдау мен дамытудың мемлекеттік бағдарламасы шеңберінде шағын, оның ішінде микрокәсіпкерлік субъектілерінің кредиттері/микрокредиттері бойынша портфельдік сыйақы мөлшерлемесінің бір бөлігін субсидиялауды және ішінара кепілдік беруді ұсыну қағидалары;
8) «Бизнестің жол картасы-2025» бизнесті қолдау мен дамытудың мемлекеттік бағдарламасы бойынша кәсіпкерлікті қаржылай емес қолдау шараларын ұсыну қағидалары бекітілсін.»;
көрсетілген қаулымен бекітілген «Бизнестің жол картасы-2025» бизнесті қолдау мен дамытудың мемлекеттік бағдарламасы шеңберінде сыйақы мөлшерлемесінің бір бөлігін субсидиялау қағидаларында:
«Терминдер мен анықтамалар» деген 2-тараудың 7-тармағының 9-1) тармақшасы мынадай редакцияда жазылсын:
«9-1) жекелеген кәсіпкерлік субъектілері – қызметін Бағдарламаға 2-қосымшаға сәйкес өңдеу өнеркәсібі және тамақ өнімдерінің өндірісі (ЭҚЖЖ 10), сабын және жуғыш, тазалағыш және жылтыратқыш құралдар шығару (ЭҚЖЖ 20.41), шаруашылық-тұрмыстық және санитариялық-гигиеналық мақсатқа арналған қағаз бұйымдарын шығару (ЭҚЖЖ 17.22.0), автомобиль көлігімен жүк тасымалдау (ЭҚЖЖ 49.41), қойма шаруашылығы және қосалқы көлік қызметі (ЭҚЖЖ 52), туризм (ЭҚЖЖ 55.1, ЭҚЖЖ 55.2, ЭҚЖЖ 55.3.) және жеке меншік немесе жалданатын жылжымайтын мүлікті жалдау және басқару (ЭҚЖЖ 68.20) салаларында жүзеге асыратын ірі кәсіпкерлік субъектілері;»;
«Бағдарламаның «Моноқалалар, шағын қалалар мен ауылдық елді мекендер кәсіпкерлерінің бизнес-бастамаларын қолдау» бірінші бағыты шеңберінде субсидиялар беру шарттары» деген 3-тарау алып тасталсын;
«Бағдарламаның «Экономиканың басым секторларында қызметті жүзеге асыратын кәсіпкерлерді/индустриялық-инновациялық даму субъектілерін салалық қолдау» екінші бағыты шеңберінде субсидиялар беру шарттары» деген 4-тарауда:
тақырып мынадай редакцияда жазылсын:
«Бағдарламаның «Кәсіпкерлерді/индустриялық-инновациялық қызмет субъектілерін салалық қолдау» екінші бағыты шеңберінде субсидиялар беру шарттары»;
32-тармақтың бесінші бөлігі мынадай редакцияда жазылсын:
«Банктердің кредиттері бойынша, оның ішінде жұмыс істеп тұрған кәсіпорындардың айналым қаражатын толықтыруға бағытталған бірыңғай жинақтаушы зейнетақы қорының қаражаты есебінен берілген кредиттер бойынша сыйақы мөлшерлемесін субсидиялау да бюджеттен бөлінген лимиттер шеңберінде жүзеге асырылады. Кәсіпкерлік субъектілерінің айналым қаражатын толықтыруға, сондай-ақ ағымдағы міндеттемелерді қайта қаржыландыруға бағытталған кредиттері бойынша осы тармақтың үшінші бөлігінде көзделген талаптар қолданылмайды.»;
35-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:
«35. Кредиттерді/қаржылық лизинг шарттарын қайта қаржыландыруға бағытталған, жоба қаржы агенттігіне енгізілгенге дейін 8 (сегіз) жыл ішінде (мерзім алғашқы кредит/лизинг берілген күннен бастап есептеледі) банктер/даму банкі/лизингтік компаниялар бұрын берген және Бағдарлама өлшемшарттарына сәйкес келетін кредиттер/лизингтік мәмілелер де субсидиялауға жатады.»;
42-тармақ мынадай мазмұндағы екінші бөлікпен толықтырылсын:
«Сыйақы мөлшерлемесінің бір бөлігін субсидиялау жүзеге асырылатын жекелеген кәсіпкерлік субъектілері кредиттерінің/қаржылық лизинг шарттарының жиынтық портфелі 100 (жүз) млрд. теңгеден аспайды.»;
43-тармақ мынадай мазмұндағы төртінші бөлікпен толықтырылсын:
«Төтенше жағдайдың/ахуалдың енгізілуіне байланысты кредиттер бойынша номиналды сыйақы мөлшерлемесін төлеу бойынша кейінге қалдыру ұсынылған кезде субсидиялау мерзімі ұсынылған кейінге қалдыру мерзіміне ұзартылады.»;
49-тармақ мынадай мазмұндағы үшінші бөлікпен толықтырылсын:
«Даму банкінің кредиттері бойынша сыйақы мөлшерлемесін субсидиялау мерзімі жағынан шектелмей жүзеге асырылады.»;
«Тетік шеңберінде субсидиялау шарттары» деген 6-тараудың 82-тармағы мынадай редакцияда жазылсын:
«82. Инвестицияларға бағытталған кредиттер бойынша субсидиялау мерзімі субсидиялау мерзімін ұзарту құқығынсыз 10 (он) жылдан аспайтын мерзімді құрайды.
Айналым қаражатын толықтыруға бағытталған кредиттерді субсидиялау мерзімі субсидиялау мерзімін ұзарту құқығынсыз 3 (үш) жылдан аспайтын мерзімді құрайды. Егер бір жоба бойынша бірнеше субсидиялау шарты жасалса, субсидиялаудың жалпы мерзімі қаржы агенттігі бірінші субсидиялау шартына қол қойған күннен бастап белгіленеді.
Төтенше жағдайдың/ахуалдың енгізілуіне байланысты кредиттер бойынша номиналды сыйақы мөлшерлемесін төлеу бойынша кейінге қалдыру ұсынылған кезде субсидиялау мерзімі ұсынылған кейінге қалдыру мерзіміне ұзартылады.
Осы тармақ, осы тармақтың үшінші бөлігін қоспағанда, 2018 жылғы 11 желтоқсаннан бастап туындаған қатынастарға қолданылады.»;
«Субсидиялар беру үшін Бағдарламаға/Тетікке қатысушылардың өзара іс-қимыл тәртібі» деген 7-тарауда:
«Бағдарламаның екінші бағыты шеңберінде жобаны іске асыруға өз қаражатының (ақшасының, жылжымалы/жылжымайтын мүлкінің) және/немесе 180 (бір жүз сексен) млн. теңгеден асатын кредиттер/қаржылық лизинг шарттары бойынша үшінші тұлғалар мүлкінің қатысуын қамтамасыз ету мерзімдері (бұл ретте мүліктің мұндай қатысуы жобаны іске асырудың жалпы құнының кемінде 10 %-ы деңгейінде қамтамасыз етіледі);
қаржы агенттігі субсидиялау туралы шешім қабылдаған күннен бастап 2 (екі) қаржы жылынан кейін салық декларациясының деректері, оның ішінде міндетті зейнетақы жарналары және (немесе) әлеуметтік аударымдар бойынша деректердің негізінде жұмыс орындарының орташа жылдық санын сақтау/ұлғайту немесе еңбекақы төлеу қоры көлемінің ұлғаюы немесе 10 %-ға кірістің (өткізуден түскен кіріс: негізгі қызметтен өткізілген тауарлардың, жұмыстардың, көрсетілетін кызметтердің құны) өсуіне қол жеткізу бойынша немесе төленетін салықтар (корпоративтік табыс салығы/жеке табыс салығы) көлемінің өсуі бойынша кезеңдер (осы абзацтың талабы Бағдарламаның екінші бағыты шеңберінде қатысуға өтініш берілген жағдайда қолданылады);»;
94-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:
«94. Кәсіпкердің жобасын қаржы агенттігінің уәкілетті органы құжаттар топтамасы бар ақпарат түскен күннен бастап 5 (бес) жұмыс күні ішінде қарайды. Бұл ретте, қаржы агенттігінің уәкілетті органы оң шешім қабылдаған жағдайда, шешімде: қаржы агенттігінің уәкілетті органы шешім қабылдаған күннен бастап 2 (екі) қаржы жылынан кейін кәсіпкерлердің салық декларациясының деректері, оның ішінде міндетті зейнетақы жарналары және (немесе) әлеуметтік аударымдар бойынша деректердің негізінде жұмыс орындарының орташа жылдық санын сақтау/ұлғайту немесе еңбекақы төлеу қоры көлемінің ұлғаюы бойынша немесе 10 %-ға кірістің (өткізуден түскен кіріс: негізгі қызметтен өткізілген тауарлардың, жұмыстардың, көрсетілетін кызметтердің құны) өсуіне қол жеткізу бойынша немесе бюджетке төленетін салықтар (корпоративтік табыс салығы/жеке табыс салығы) көлемінің өсуі бойынша міндеттемесі (Бағдарламаның екінші бағыты шеңберіндегі кәсіпкерлер жобалары бойынша) көрсетіледі.»;
«Субсидиялауды тоқтата тұру, тоқтату және қайта бастау тәртібі» деген 10-тараудың 141-тармағының 8) тармақшасы мынадай редакцияда жазылсын:
«8) қаржы агенттігінің уәкілетті органы шешім қабылдаған күннен бастап 2 (екі) қаржы жылынан кейін кәсіпкерлердің салық декларациясының деректері, оның ішінде міндетті зейнетақы жарналары және (немесе) әлеуметтік аударымдар бойынша деректердің негізінде жұмыс орындарының орташа жылдық санын сақтау/ұлғайту немесе еңбекақы төлеу қорының көлемін ұлғайту немесе 10 %-ға кірістің (өткізуден түскен кіріс: негізгі қызметтен өткізілген тауарлардың, жұмыстардың, көрсетілетін кызметтердің құны) өсуіне қол жеткізу немесе төленетін салықтар (корпоративтік табыс салығы/жеке табыс салығы) көлемінің өсуі бойынша міндеттемелерді орындамауы (Бағдарламаның екінші бағыты шеңберіндегі кәсіпкерлердің жобалары бойынша);»;
көрсетілген Қағидаларға 4-қосымшада:
«Бағдарлама шеңберінде «Моноқалалар, шағын қалалар мен ауылдық елді мекендер кәсіпкерлерінің бизнес-бастамаларын қолдау» бірінші бағыты» деген жол алып тасталсын;
«Бағдарлама шеңберінде «Экономиканың басым салаларында қызметін жүзеге асыратын кәсіпкерлерді/индустриялық-инновациялық қызмет субъектілерін салалық қолдау» екінші бағыты» деген жол мынадай редакцияда жазылсын:
«Бағдарлама шеңберінде «Кәсіпкерлерді/индустриялық-инновациялық қызмет субъектілерін салалық қолдау» екінші бағыты»;
көрсетілген Қағидаларға 5-қосымшада:
«Бағдарлама шеңберінде «Моноқалалар, шағын қалалар мен ауылдық елді мекендер кәсіпкерлерінің жаңа бизнес-бастамаларын қолдау» бірінші бағыты» деген жол алып тасталсын;
«Бағдарлама шеңберінде «Экономиканың басым секторларында қызметін жүзеге асыратын кәсіпкерлерді/индустриялық-инновациялық қызметті салалық қолдау» екінші бағыты» деген жол мынадай редакцияда жазылсын:
«Бағдарлама шеңберінде «Кәсіпкерлерді/индустриялық-инновациялық қызмет субъектілерін салалық қолдау» екінші бағыты»;
көрсетілген қаулымен бекітілген "Бизнестің жол картасы-2025" бизнесті қолдау мен дамытудың мемлекеттік бағдарламасы шеңберінде ислам банктері кәсіпкерлік субъектілерін қаржыландырған кезде ислам банктерінің кірісін құрайтын тауардың үстеме бағасының бір бөлігін және жалдау төлемінің бір бөлігін субсидиялау қағидаларында:
«Бағдарламаның «Моноқалалар, шағын қалалар мен ауылдық елді мекендер кәсіпкерлерінің бизнес-бастамаларын қолдау» бірінші бағыты шеңберінде субсидиялар беру шарттары» деген 2-тарау алып тасталсын;
«Бағдарламаның «Экономиканың басым секторларында қызметті жүзеге асыратын кәсіпкерлерді/индустриялық-инновациялық қызмет субъектілерін салалық қолдау» екінші бағыты шеңберінде субсидиялар беру шарттары» деген 3-тарауда:
Эта возможность доступна только для зарегистрированных пользователей. Пожалуйста, войдите или зарегистрируйтесь. |
|
Регистрация |