Қазақстан Республикасының Үкіметі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
-
Продукты:
Консультации
Консультации
Отправить по почте
"Тегін медициналық көмектің кепілдік берілген көлемі және міндетті әлеуметтік медициналық сақтандыру жүйесіндегі медициналық көмек шеңберінде дәрілік заттарды, медициналық бұйымдарды сақтау және тасымалдау жөніндегі көрсетілетін қызметтерді сатып алуды және шарттар, ұзақ мерзімді шарттар жасасуды, сондай-ақ медициналық бұйымды сатып алуды ұйымдастыруды жүзеге асыратын бірыңғай дистрибьютор туралы" Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2009 жылғы 7 қарашадағы № 1781 қаулысына өзгерістер енгізу туралы Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2020 жылғы 13 шілдедегі № 439 қаулысы
Осы Қаулы күшін жойды ҚР Үкіметінің 09.02.2021 жылғы № 48 Қаулысына сәйкес
Қазақстан Республикасының Үкіметі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
1. "Тегін медициналық көмектің кепілдік берілген көлемі және міндетті әлеуметтік медициналық сақтандыру жүйесіндегі медициналық көмек шеңберінде дәрілік заттарды, медициналық бұйымдарды сақтау және тасымалдау жөніндегі көрсетілетін қызметтерді сатып алуды және шарттар, ұзақ мерзімді шарттар жасасуды, сондай-ақ медициналық бұйымды сатып алуды ұйымдастыруды жүзеге асыратын бірыңғай дистрибьютор туралы" Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2009 жылғы 7 қарашадағы № 1781 қаулысына мынадай өзгерістер енгізілсін:
тақырып мынадай редакцияда жазылсын:
"Бірыңғай дистрибьютор туралы";
1-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:
"1. "СҚ-Фармация" жауапкершілігі шектеулі серіктестігі:
1) дәрілік заттарды, медициналық бұйымдарды сатып алу;
2) дәрілік заттарды, медициналық бұйымдарды сақтау және тасымалдау жөніндегі көрсетілетін қызметтер;
3) шарттар, ұзақ мерзімді шарттар жасасу;
4) тегін медициналық көмектің кепілдік берілген көлемі және міндетті әлеуметтік медициналық сақтандыру жүйесіндегі медициналық көмек шеңберінде медициналық бұйымдарды сатып алуды ұйымдастыру;
5) денсаулық сақтау саласындағы уәкілетті органның тапсырмасы бойынша дәрілік заттар мен медициналық бұйымдар, сондай-ақ дәрілік заттар мен медициналық бұйымдарды сатып алу үшін ақшалай қаражат түрінде бағытталған гуманитарлық көмекті қабылдау бойынша бірыңғай дистрибьютор болып айқындалсын.".
2. Осы қаулы 2020 жылғы 3 шілдеден бастап қолданысқа енгізіледі.
Қазақстан Республикасының Премьер-Министрі А.Мамин
Эта возможность доступна только для зарегистрированных пользователей. Пожалуйста, войдите или зарегистрируйтесь. |
|
Регистрация |