Toggle Dropdown
1
«Қазақ су шаруашылығы ғылыми-зерттеу институты» және «Балық шаруашылығы ғылыми-өндірістік орталығы» жауапкершілігі шектеулі серіктестіктерінің жарғылық капиталдарына қатысу үлестерін cыйға тарту шарты бойынша жеке меншіктен республикалық меншікке қабылдау туралы
Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2020 жылғы 8 қыркүйектегі № 558 қаулысы
Toggle Dropdown
Редакция 06.06.2022 жылы берілген өзгерістер мен толықтырулармен
Toggle Dropdown
«Мемлекеттік мүлік туралы» 2011 жылғы 1 наурыздағы Қазақстан Республикасының Заңы 19-бабы 1-тармағының 9) тармақшасына, 169-бабының 1-тармағына, «Сыйға тарту шарты бойынша мемлекеттің мүлік құқығына ие болу қағидасын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2011 жылғы 28 қыркүйектегі № 1103 қаулысына сәйкес Қазақстан Республикасының Үкіметі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
Toggle Dropdown
1
1. «Ұлттық аграрлық ғылыми-білім беру орталығы» коммерциялық емес акционерлік қоғамының (бұдан әрі – «ҰАҒБО» КеАҚ) «Қазақ су шаруашылығы ғылыми-зерттеу институты» және «Балық шаруашылығы ғылыми-өндірістік орталығы» жауапкершілігі шектеулі серіктестіктерінің (бұдан әрі – серіктестіктер) жарғылық капиталдарына қатысу үлестерінің 100 (жүз) процентін сыйға тарту шарты бойынша республикалық меншікке беру туралы ұсынысы қабылдансын.
Toggle Dropdown
2. Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігінің Мемлекеттік мүлік және жекешелендіру комитеті Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген тәртіппен:
Toggle Dropdown
1) «ҰАҒБО» КеАҚ-мен (келісу бойынша) бірлесіп, осы қаулының 1-тармағынан туындайтын шараларды қабылдасын;
Toggle Dropdown
2) серіктестіктердің мемлекеттік жарғылық капиталдарына қатысу үлестерін иелену және пайдалану құқығын Қазақстан Республикасы Экология, геология және табиғи ресурстар министрлігіне беруді қамтамасыз етсін.
Toggle Dropdown
3. Қоса беріліп отырған Қазақстан Республикасы Үкіметінің кейбір шешімдеріне енгізілетін өзгерістер мен толықтырулар бекітілсін.
Toggle Dropdown
4. Осы қаулы қол қойылған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі.
Toggle Dropdown
Қазақстан Республикасының Премьер-Министрі А. Мамин
Toggle Dropdown
Қазақстан Республикасы Үкіметінің
2020 жылғы 8 қыркүйектегі № 558
қаулысымен бекітілген
Toggle Dropdown
1
Қазақстан Республикасы Үкіметінің кейбір шешімдеріне енгізілетін өзгерістер мен толықтырулар
Toggle Dropdown
1. «Республикалық меншіктегі ұйымдар акцияларының мемлекеттік пакеттері мен мемлекеттік үлестеріне иелік ету және пайдалану жөніндегі құқықтарды беру туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 1999 жылғы 27 мамырдағы № 659 қаулысында:
Toggle Dropdown
иелік ету және пайдалану құқығы салалық министрліктерге және өзге де мемлекеттік органдарға берілетін республикалық меншік ұйымдарындағы акциялардың мемлекеттік пакеттерінің және қатысудың мемлекеттік үлестерінің тізбесінде:
Toggle Dropdown
«Қазақстан Республикасы Экология, геология және табиғи ресурстар министрлігіне» деген бөлім мынадай мазмұндағы 400-2 және 400-3-жолдармен толықтырылсын:
Toggle Dropdown
«400-2. «Қазақ су шаруашылығы ғылыми-зерттеу институты» жауапкершілігі шектеулі серіктестігі.
Toggle Dropdown
400-3. «Балық шаруашылығы ғылыми-өндірістік орталығы» жауапкершілігі шектеулі серіктестігі.».
Toggle Dropdown
2. Тармақ күшін жойды (ескертуді қараңыз)
Toggle Dropdown
3. «Қазақстан Республикасының Мемлекеттік басқару жүйесін одан әрі жетілдіру жөніндегі шаралар туралы» 2019 жылғы 17 маусымдағы Қазақстан Республикасы Президентінің № 17 Жарлығын іске асыру жөніндегі шаралар туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2019 жылғы 5 шілдедегі № 479 қаулысында (Қазақстан Республикасының ПҮАЖ-ы, 2019 ж., № 26-27, 236-құжат):
Toggle Dropdown
көрсетілген қаулымен бекітілген Қазақстан Республикасы Экология, геология және табиғи ресурстар министрлігі туралы ережеде:
Toggle Dropdown
Қазақстан Республикасы Экология, геология және табиғи ресурстар министрлігінің және оның ведомстволарының қарамағындағы ұйымдардың тізбесінде:
Toggle Dropdown
«Жауапкершілігі шектеулі серіктестіктер» деген бөлім мынадай редакцияда жазылсын:
Toggle Dropdown
«1. «Қазгеоақпарат» республикалық геологиялық ақпарат орталығы» жауапкершілігі шектеулі серіктестігі.
Toggle Dropdown
2. «Қазақ су шаруашылығы ғылыми-зерттеу институты» жауапкершілігі шектеулі серіктестігі.
Toggle Dropdown
3. «Балық шаруашылығы ғылыми-өндірістік орталығы» жауапкершілігі шектеулі серіктестігі.».