Министерство национальной экономики Республики Казахстан ответ от (03.08.2016) на обращение от (27.07.2016) № 442915
Саламатсыздар ма? Мен Сіздерге осы өтінішімді жолдай отырып, жеке басымда болып жатырған қиыншылықтарымды шешуге көмектесулеріңізді сұраймын. Басынан бастап баяндасам, мен -Жұмаш Зүльфия Аманбайқызы, 1974 ж. Атырау облысы Қызылқоға ауданы Миялы ауылында дүниеге келгенмін. 1993 жылдан бері бастауыш сынып мұғалімі болып жұмыс жасаймын, білімім жоғары. Отбасымда жолдасым 1995 жылы қайтыс болған, 1 ұлым бар қазір жасы 21-де. Арнаулы орта білімі бар. Қазір Атырау қаласында 1 бөлмелі пәтер жалдап тұрамыз. Ұлым 1 жасында әкесіз қалған соң оны жалғыз тәрбиелеп өсірдім. Кейін ұлымның болашағын ойлап 2008 ж тамызда Атырау қаласына көшіп кеттім. Ондағы басты мақсатым - ұлымды тәрбиелі білімді өз еліне адал қызмет ететін азамат етіп тәрбиелеу еді. Сондықтан жалғыз ұлымды қалаға қараусыз жалғыз өзін жіберуге қорқып өзім бірге көшіп келдім. № 23 орта мектепке жұмысқа орналастым, ұлым осы мектеп қабырғасында оқып жүріп 9-сыныпты бітірген соң қаладағы жақсы колледждердің біріне өз қалауымен программист мамандығы бойынша оқуға түсті. Колледж қабырғасында жүріп ұстаздарының мақтаулы шәкірттерінің бірі болып жоғары білімімен, үлгілі тәртібімен көзге түсіп, колледжді "Үздік дипломмен" аяқтады.Мұның өзі ана үшін үлкен абырой деп білемін. Қазір осы қаладағы "Бәйтерек " видеостудиясында видеоинженер қызметін атқаруда. Жасы 21-ге толды отбасын құрғысы да келеді.Бірақ тұрақты баспанамыз әлі жоқ. Оның себебін түсіндірейін, 2009 жылы осы қала әкіміне тұрғын үйге кезекке қоюын өтініп арыз бердім. Әкімшіліктен жауап хат алдым онда менің тұрғын үй кезегіне берген өтінішімнің қабылданғандығы және тұрғын үйге мұқтаж азаматтар есебіне алынып, кезекке қойылғандығым анық көрсетілген. Бұл ұлым екеуміз үшін қуаныш болды. Содан бері 7 жыл бойы кезекке тұрып келемін, жыл сайын ЖКХ -ға барып тиісті құжаттарымды тапсырып отырдым.Ауылда өз атымда үйім болатын ол үйді 2007ж 200 мың теңгеге өз ақшама сатып алғанмын. Себебі, жолдасым қайтыс болған соң ұлым екеуміздің тұратын жеріміз болмағандығынан сатып алғанмын. Кейін хаттың жоғары жағында көрсетілгендей Атырау қаласына көшіп кеттім. Үй ауылда иесіз қалды. Сатуға шығардым өтпеді. ЖКХ - ға жыл сайын құжат тапсырғанда үйімнің барын еш жасырған емеспін. Ф-1 құжатында анық көрсетілген. 6 ай сайын құжат жаңартып тапсырғанда ондағы қызметкелердің ешбіреуі маған атыңызда үй бар екен сізді кезектен шығарып тастайды деп неге ескертпеді. Мен сияқты жесір ананың қолынан не келеді,үй салу қолымнан келмейді, 7 жыл бойы үй кезегім жақындап келе жатқан сайын баспанадан үмітім үзілмеді. Сөйтіп, биыл 2016 ж наурыз айында ЖКХ ға әдеттегіше кезегімді білуге барғанымда ондағы қызметкерлер "Сізді 30/07/2015ж үй кезегінен мүлдем алып тастадық" деп айтты, төбемнен жай түскендей болды.Неге? НЕ үшін? Себебі 15/09/ 2015ж күні өз кезегімнің 184 -ші боп тұрғанын біліп кеттім ғой. Сонда қалай мені шілде айында кезектен шығарып тастайды да қыркүйекте 184-ші кезекте тұрсыз деп жауап береді?... Менің түсінбеген жерім осы жер болды. Қатты қиналдым өмірдің мен тататын ащы дәмі әлі таусылмағанына, қапа болдым қайда барып көмек сұрарымды білмей қиналдым. Тіпті, өз-өзіме қол жұмсап бұл өмірден кете алғым -ақ келді. Әттең балаларымды қимадым. Аллаға шүкіршілік етіп, тәубеме келдім. ЖКХ бастығы Ө.Қамалов мырзаға жауап беруін талап етіп арыз (10.03.2016ж№ЖТ-Ж-140 ) бердім Одан мынадай мәтінде жауап хат алдым бір әрпін өзгертпестен қысқаша нұсқасын келтіре кетейін.. ".. Сізді 30/07/2015 жылғы Тұрғын үй кезегінде тұрған азаматтардың есебін жүргізу және тұрғын үй кезегінен шығару жөніндегі сараптама комиссиясының №12 хаттамасымен кезектен түсірілгендігіңіз туралы хабарланды. Себебі, Сізді кезекке тіркеген кезде, қате қойған." делінген. Сонда қалай, осыдан 7 жыл бұрынғы әкім қаралардың қатесінен мен сияқты жесір аналар зардап шегу керек пе? Менің не кінәм бар бұл жерде? Мен әуелде кезекте тұрған кезде үйімнің бар екендігі туралы анықтама қағаздарымды көрсеттім емес пе? Бірақ мен ол ауылдан көшіп кетіп Атырау қаласында тұрақты тіркеуде емеспін бе! Мен 7 жыл бойы пәтер жалдап жүрмін 7 жыл бойы мені еш кедергісіз кезекке қойып әбден үй алатын кезімде мені неге шығарып тастайды? Мен ЖКХ бастығы Ө.Қамаловтың жауабына қанағаттанбаймын. Әрі мен бұл кісінің жеке қабылдауына 28.04.2016ж жазылып кірдім. Сол кезде Ө.Қамалов маған "Сіз мені ЖКХ ны сотқа беріп шағымданыңыз сізді кезекке қате қойылғандығына сіз кінәлә емессіз сотқа арыз беріп үй кезегіңізді қайтарып алуыңызға болады " деп жауап берді. Сонда қалай, Ө.Қамалов мырза өз жауап хаты мен ауызша айтқан жауап нұсқасы неге бір бірімен сәйкес келмейді Бұл жерде мен үшін түсініксіз жағдайлар көп.. Құрметті, Бишимбев Куандык Валиханович! Аз болсын көп болсын мен өз еліме 23 жыл бойы еңбегімді сіңірдім, 15 жылдай оқу ісінің орынбасары қызметін атқарып келемін, талай қанаты қапаған бүлдіршіндерді тәрбиелеп білім нәрімен сусындаттым. Әрі қарай да өз елім үшін қажыр-қайратымды аямай еңбек ете беремін. Мен сияқты жесірліктің дәмін 20-21 жастарынан бастап татып, сәбилерін жалғыз тәрбиелеп өсіріп отырған аналар қаншама!! Ең болмаса тиісті баспанамды өз үкіметімнен алуыма еш құқым жоқ па? Мен енді қайда шағымданам? Нұр Отан партиясын халықтың жанашыры деп түсінгендіктен оған да хат жаздым өкінішке орай олардың берген жауаптарына қанағаттанбағандықтан Сізге осы хатымды жолдап отырмын. Тек Сіздер менің осы халіме құлақ түрер деген сеніммен осы хатты жазуыма тура келді. Өтінемін, Жауап берсеңіздер екен.....Рахмет!!!