Комитет казначейства Министерства финансов Республики Казахстан ответ от (12.08.2016) на обращение от (25.07.2016) № 442741
сәлеметсіз бе! "2016 жылғы мемлекеттік сатып алу" порталы "Мемлекеттік сатып алу туралы заң" да осы 2016 жылдың 1 қаңтарынан бастап жұмыс жасай бастады. Мемлекеттік сатып алу қағидаларына да, мемлекеттік сатып алу веб-порталына да күн сайын өзгерістер жасалуда. Біз ашық конкурс тәсілімен мемлекеттік сатып алу жариялап, нәтижесінде бір ғана қатысушы жіберілуіне байланысты мемлекеттік сатып алу өтпеді деп танылды. Қорытындылар туралы хаттама шыққаннан кейін жоғары тұрған органның қаулысымен сатып алу өткізілген лоттың кіші бағдарламасын өзгерту керек болды. Кіші бағдарламасына өзгеріс енгізілгеннен кейін қорытындылар туралы хаттама негізінде өнім берушіге шақырту жіберейін десек, техникалық тұрғыдан мүмкін емес. Тапсырыс берушінің инструкциясы бойынша "статусы закупка не состоялась" деген лотқа өзгерістер енгізуге болады, өзгеріс енгізілігесін лоттың статусы "закупка не состоялась,изменен" деп жазылып тұр. Инструкция бойынша жасалған өзгеріске, кіші бағдарламаны өзгерткені үшін қайтадан конкурс жариялану керек па? Техникалық қолдау қызметкерлерінің айтуы бойынша, лотқа өзгеріс енгізілгесін қайтадан қонкурс жариялау қажет дейді. Сонда 2 ай бойы өткізілген конкурстың нәтижесі не болады? хаттама негізінде өнім берушіге шақырту жіберілу керек еді. Веб-портал әлі де күн сайын жаңартылып отыруына байланысты осы кемшіліктерді жоюдың да жолы болуы қажет қой. Нәтижесі шығып тұрған сатып алуға қалай қайтадан конкурс жариялаймыз? Бұл тұрғыда тек веб-порталдың техникалық қолдау қызметкерлері арқылы өзгертілу керек деп ойлаймын. Осы мәлесені шешуге ықпал етуіңізді сұраймын.