• Мое избранное
  • Сохранить в Word
  • Сохранить в Word
    (альбомная ориентация)
  • Сохранить в Word
    (с оглавлением)
  • Сохранить в PDF
  • Отправить по почте
Документ показан в демонстрационном режиме! Стоимость: 80 тг/год

Отправить по почте

Министерство Финансов РК ответ от (25.07.2016) на обращение от (25.07.2016) № 442743

Вопрос
Қайырлы күн құрметті министр мырза! Мемлекеттік сатып алу рәсіміне қатысты сұрағыма жауап беруіңізді өтінемін: Мемлекеттік коммуналдық кәсіпорын баға ұсынысын сұрату тәсілімен «жуу ұнтағын» мемлекеттік сатып алу рәсімін өткізіп, нәтижесінде ЖШС «жеңімпаз» болып танылды. Сатып алынатын тауардың техникалық сипаттамасы: 1) Сатып алудың атауы: жуу ұнтағын (қол жууға арналған) алу; 2) Лоттың атауы: жуу ұнтағы; 3) Лоттың сипаттамасы: ГОСТ 25644-96, әртүрлі матадан жасалған заттарды жууға арналған; 4) Функционалдық, техникалық, сапалық және пайдалану мінездемесі: кір жууға арналған ұнтақ. Қолмен жууға арналған. Мөлшері 400 гр, қорапта болуы керек. 5-15% анионды БАЗ, 5% ионогенді емес БАЗ, поликарбоксилаттар, цеолиттер, энзимдер, оптикалық ағартқыштар, хош иісті қоспалар. Өнім берушінің жеткізген тауары ГОСТ 25644-96 стандарты бірдей, бірақ функционалдық, техникалық, сапалық және пайдалану мінездемесі өзгеше болып отыр. Сұрақ: Стандарты бір, бірақ техникалық сипаттамасы, яғни тауардың құрамы Тапсырыс беруші ұсынған тауар құрамынан өзгеше болуына байланысты, тауарды қабылдаудан бас тартуға негіз барма? жауабыңызға рахмет!