• Мое избранное
  • Сохранить в Word
  • Сохранить в Word
    (альбомная ориентация)
  • Сохранить в Word
    (с оглавлением)
  • Сохранить в PDF
  • Отправить по почте
Документ показан в демонстрационном режиме! Стоимость: 80 тг/год

Отправить по почте

Министерство образования и науки Республики Казахстан ответ от (28.07.2016) на обращение от (23.07.2016) № 442676

Вопрос
ҚҰРМЕТТІ ЕРЛАН КЕНЖЕҒАЛИҰЛЫ, Мен Төлен Жеңісбек С.Демиирел университетінің әлеуметтік-гуманитарлық пәндер кафедрасының ассистент профессоры, саясаттану PhD докторымын. «Білім беру қызметіне қойылатын біліктілік талаптарын және оларға сәйкестікті растайтын құжаттардың тізбесін бекіту туралы Қазақстан Республикасының Білім және ғылым министрінің 2015 жылғы 17 маусымдағы № 391 бұйрығының 7-бөлімнің 49-тармақшасында оқытушылардың оқу жоспарындағы пәндерге сәйкес болуы, оның ішінде оқытушылардың білімі, «ғылым кандидаты» немесе «ғылым докторы» немесе «философия докторы (PhD)», немесе «бейіні бойынша доктор» ғылыми дәрежелері немесе «философия докторы (PhD)» немесе «бейіні бойынша доктор» академиялық дәрежесі немесе «бейіні бойынша доктор» немесе «философия докторы (PhD)» дәрежелері және/немесе «қауымдастырылған профессор (доцент)» немесе «профессор» ғылыми атақтары оқытатын пән бейініне сәйкес болуы» туралы бұйрық шыққан болатын. Мен 2008 жылы әл-Фараби атындағы Қазақ Ұлттық университетінің «050204-Мәдениеттану» мамандығы бойынша Бакалавр академиялық дәрежесін (үздік диплом № 0002160), 2010 жылы аталған университеттің «Мәдениеттану» мамандығы бойынша гуманитарлық ғылымдарының Магистрі академиялық дәрежесін (диплом № 0001467), саясаттану саласы бойынша 3 жыл PhD докторантураны оқып, ҚР БжҒМ білім және ғылым саласындағы бақылау комитетінің шешімімен 2014 жылғы 4 наурыздағы № 396 бұйрығымен «6D050200 – Саясаттану» мамандығы бойынша философия докторы (PhD) ғылыми дәрежесін алдым (диплом № 0000345). Ал 2010-2011 ж. әл-Фараби ат. ҚазҰУ-дың саясаттану кафедрасында саясаттану пәндерінен оқытушы, 2011-2014 ж. аралығында Т.Жүргенов атындағы Қазақ Ұлттық Өнер Академиясы әлеуметтік-гуманитарлық пәндер кафедрасында саясаттану пәнінен аға оқытушы қызметін атқардым. Ал 2014 жылдан бүгінгі күнге дейін С. Демирел университетінің әлеуметтік-гуманитарлық пәндер кафедрасында саясаттану пәні бойынша сабақ жүргізіп келемін. БжҒМ 2015 жылғы 17 маусымдағы № 391 бұйрығына сәйкес, мен саясаттану сабағынан сабақ жүргізуге құқығым бар ма? Соны нақты анықтап түсіндіріп берсеңіз екен?! Құрметпен, Жеңісбек ТӨЛЕНПриложения:Женис 3-4[1].jpg