Министерство труда и социальной защиты населения РК ответ от (05.08.2016) на обращение от (26.07.2016) № 442809
Құрметті Тамара Босымбекқызы. Мен, Ахметова Гүлзат Тұрсынбекқызы мамандығым бойынша зертханашы-дәрігер қызметін атқарамын. Медициналық клиникалық зертхана қызметкерлері күнделікті жұмыс кезінде құрамында зиянды заттар тізбесіне кіретін қоспалары бар реактивтермен жұмыс жасайды. Сондықтан да медициналық клиникалық зертханалар зиянды жұмыс орны болып саналады деп ойлаймын. Бұл зиянды заттар өзінің зияндылық әсерін бірден көрсетпегенімен, осы заттармен ұзақ уақыт жұмыс істеу барысында адам ағзасына жиналып өміріне жанама әсер етеді және адам өмірі–оның басты құндылығы. Қазақстан Республикасының Еңбек Кодексінің 6-тарау 69 бабында «Ауыр жұмыстарда, еңбек жағдайлары зиянды және (немесе) қауіпті жұмыстарда істейтін жұмыскерлер үшін өндірістердің, цехтардың, кәсіптер мен лауазымдардың тізіміне, ауыр жұмыстардың, еңбек жағдайлары зиянды және (немесе) қауіпті жұмыстардың тізбесіне сәйкес аптасына 36 сағаттан аспайтын жұмыс уақытының қысқартылған ұзақтығы белгіленеді деп көрсетілген. Ал, Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау және әлеуметтік даму министрінің 2015 жылғы 28 желтоқсандағы №1053 «Ауыр жұмыстардың, еңбек жағдайлары зиянды және (немесе) қауіпті жұмыстардың тізбесін, жұмыс істеу жұмыс уақытының қысқартылған ұзақтығына, жыл сайынғы ақы төленетін қосымша еңбек демалысына және еңбекке ақы төлеудің жоғарылатылған мөлшеріне құқық беретін өндірістердің, цехтардың, кәсіптер мен лауазымдардың тізімін, сондай-ақ оларды беру қағидаларын бекіту туралы» бұйрығының 1-ші қосымшасының 45-ші бөлім «Зертханалар, ғылыми-зерттеу зертханалары, институттар, мекемелер мен ұйымдар, оқу орындарының зертханалары» бөлімінің 1-ші тармағына сәйкес жыл сайынғы еңбек демалысына қосымша 12 күнтізбелік күн берілу керектігі көрсетілгенмен, апталық жұмыс уақытының ұзақтығы көрсетілмеген. Осыған орай, аталған бұйрықпен апталық жұмыс уақыты көрсетілмесе, апталық жұмыс уақытының сағаты қалай есептеледі?