Министерство внутренних дел Республики Казахстан ответ от (12.08.2016) на обращение от (22.07.2016) № 442609
Қазақстан Республикасың Ішкі істер министрі Қ.Н. Қасымов мырзаға ҚР азаматы: Амантаев Айтбек Жандарович 13 мамыр 1965 жылы Шанақ ауылы Сарыағаш ауданы ОҚО дүниеге келгем, тұратын мекен-жайым: ОҚО Сарыағаш ауданы Сарыағаш қаласы Бұхарбай ата көшесі №1 үй тұрғынымын, уақытша жұмыссызбын. ИИН650513301488 Тел: 8-775-664-82-73; Үй тел: 8-72537-5-86-40. АРЫЗ Менің арыз беру себебім, 2013 жылдың ақпан айында маған тиесілі Сарыағаш қаласы Исмаилов көшесінің бойында орналасқан екі бөмелі жер учаскемді, Қазақстан Республикасының азаматы Ештаев Алихан, менен жалға (арендаға) алды, алайда бұл келісім өзара сөз байласу арқылы, яғни ешқандай тиісті құжаттарға қол қоюсыз іске асырылды. Келісілген айлық төлемнің мөлшері 100 000 (жүз мың) теңге айына. Өз тарапынан Ештаев Алихан аталған жер уческемде авто тұрақ ұйымдастырып, онда асхана және Сарыагаш – Алматы, Сарыағаш – Петропавловск, т.б. бағыттарға автобустар шығарып (заң құжаттарының бар жоқтығы маған белгісіз), өзі жұмысшылар қабылдап, оның ішінде аспазшы, тазалаушы, шопырлар және қарауылшылармен іс жүргізген. Алайда, 2015 жылдың наурыз айынан бастап Ештаев А. келісілген айлық аренда ақысын бермей үн-түнсіз, еш хабарсыз, менің шалған қоңырауларыма жауп бермей, менің учаскемдегі құнды заттарды маған тапсырмай жоқ болып кетті. Бүгінгі күнге дейін айлап есептегенде 11 ай өтседе аренде ақшасы 1 100 000 теңгені құрайтын еді, алайда мен адамгершілік танытып, оның жұмысының өрге шықпағанын көре отырып орта есеппен (жұмысының табысты айларын есептеп) әйтеуір жобамен 400 000 (төрт жүз мың) теңге берсе болғаны деп есептеп отырғам.2015 жылдың тамыз айында Ештаев А. қарауылдарының ең соңғы уәкіліде азық-түлік дүкенге ақша қарыз болып, оған Ештаев А. айлық төлемегендіктен олда еш хабарсыз кетіп қалды. Аула ішінде қоқыс болып көтеген заттар болатын соның ішінде жүруге жарамсыз автобус қаңқасы, яғни тиісті құжаты, моторы, коробкасы дөңгелектері жоқ болатын. Мен бұл заттар кімдікі екенін, егесі кім екенінде білмейтінмін. Сөйтіп арадан біраз уақыт өтті. 2016 жылдың наурыз айының бірінші он күндігінде менің учаскеме екі бейтаныс кісілер келіп аулада тұрған затарды, сонымен қатар автобус қаңқасын алып кететіндерін айтты, мен наразылық білдіре алмадым, себебі заттардың егесі кім екенін білмейтін едім. Керісінше ауламның тазарып қалғанына қуанып қала бердім. АРЫЗ МАЗМҰНЫ: 2016 жылдың 27 наурызында сағат 10.00 шамасында менің үйіме екі бейтаныс азамат (азаматтық киімде «гражданский») өздерін полиция қызметкеріміз, деп таныстырып ешқандай түсіндірме жұмыстар жүргізбей ақ түсті «Нексия» автокөлігіне мәжбүрлеп салып Сарыағаш ауданы бойынша ІІБ алып кетті (назар аударыңыз 27 наурыз жексенбі күні, барлық жерде демалыс). Мен өз жанұя мүшелерімеде хабарлай алмадым. ІІБ келген кезімде мені бірінші болып сол баяғы жоқ болып кеткен Ештаев А. және өзін анықтаушымын, деп таныстырған Кұлбаев Нұрсұлтан кабинетіне алып кіргізде. Сол кезде екеуі менің ар-намысыма нұқсан келтіріп маған автобус қаңқасын сатып жібердің деп жала жауып, Ештаев Алиханның мүддесіне 1000 000 (бір миллион) теңге беруді одан кешірім сұрауды сонымен қатар анықтаушының жұмысы үшін қосымша ақша беруді талап етті. Мен мән-жайды түсіндіріп беруді өтіндім, алайда тергеуші мені сол жерде толықтай тінтіп, бүкіл денемдегі киімдерді шешіндіріп қалтамдағы жеке куәлігімді алып қойды, қол саусақтарымнан саусақ іздерін алды. Осының бәрі көпшіліктің көзінше және менің абыройымды, қадiр-қасиетiмді кемсітіп жасалды. Арадан 3-4 сағат өтседе ешқандай толықтай ешнарсе түсіндірмеді, тек қана анықтаушының қасында тұрған А. Ештаевқа ақша беруді талап етті. Арадан біраз уақыт өткеннен кейін ІІБ кезекшісі мені бір әйел мен жігіт іздеп кеткенін айтты, содан кейін анықтаушы маған былай деді – «қазір кете бер, піскенде келерсін, болмаса түрмеде шірисін» деді де сыртқа шығарып салды. Шықсам сағат 14.00 мен 15.00 шамасы екен, өзімді нашар сезініп қан-қысымым котерілді, ауру ханаға барып жедел жәрдем көмегін алдым, алайда төл құжатым болмағандықтан мені тіркемейтіндігін және тегін көмек көрсетпейтіндерін айтып шағарып салды. Үйге келіп барлық мән жайды жанұя мүшелеріме айтып бердім. 2016 жылдың 28 наурыз күні болған мән-жағдай бойынша Сарыағаш аудандық прокуратурасына арыз тастадым, арадан шамамен бір апта өткеннен кейін, менің арызым прокурормен қаралып, шешім қабылдау үшін менің арызымды ОҚО бойынша ІІМ Департаментіне жіберілгенін хабарлады, содан кейін бір ай өтседе ешқандай жауап келмедіі. 2016 жылдың 18 маусымында менің арызым жауапсыз қалғандықтан, Сарыағаш аудан прокуратурасының маған берген жауабын алып арыз беру мақсатымен, ОҚО Прокуратурасына келдім, алайда сол жердегілер менің төл құжатымның жоқтығына байланысты мені кезекші прокурорға кіргізе алмайтын айтты (аноним деди) мен жағдайды түсіндірдім, төл құжатымды полиция қызметкерлері алып қойды деп, онда сіздің арызыңызды хат арқылы аламыз деп алып қалды. Осы күнге шейін облыстық Прокуратураданда ешқандай хабар жоқ. Осы арада менің үстімнен арыз жазғаным үшін бе, әл де басқа себебтерменбе қылмыстық іс қозғалып Сарыағаш ауданы ІІБ анықтау бөлімінен тергеу бөліміне өтіп тергеу амалдары жүріп жатыр, тергеуші Ботақұлов Нұрсұлтан. Белгісіз себебтерге байланысты анықтаушы мен тергеуші мені тек түскі үзілісте, сембі, көбінесе жексембі күндеріне шақырып алып, мені таныстырмай, белгісіз қағаздарға қол қойдырады. Менің құқықтарым маған түсіндірілмеді, маған адвакат бермеді. АДАМНЫҢ ЖАНЫН КҮЙЗЕЛТЕТІНІ МЕНІҢ ТӨЛ ҚҰЖАТЫМ ОСЫ КҮНГЕ ДЕЙІН МАҒАН ҚАЙТАРЫЛМАДЫ, МЕН КІММІН? МАҒАН ҚАНДАЙ МЕРА ПРЕСЕЧЕНИЯ ҚОЛДАНҒАН? Қазіргі таңда менің КОНСТИТУЦИЯЛЫҚ құқығымді кім қорғайды, қатаң түрде бұзылдыма?Жеке қажеттілігіммен 5 (бес) айдан бері не ЦОНға, не Әкімшілікке, не Ауруханаға - басқаларды айтпағанда әділет үйі Прокуратураға да кіргізбедігой. Сол Сарыағаш ауданы ІІБ қызметкерлері білетін болса, 13-бап. Жеке бастың абыройы мен қадiр-қасиетiн құрметтеу, 14-бап. Жеке басқа қолсұғылмаушылық, 15-бап. Қылмыстық iстер бойынша iс жүргiзу кезiндеазаматтардың құқықтары мен бостандықтарын қорғау, 17-бап. Тұрғынжайға қолсұғылмаушылық18-бап. Меншiкке қолсұғылмаушылық, ОСЫЛАР СИЯҚТЫ КОНСТИТУЦИЯЛЫҚ ҚҰҚЫҚТАРДЫ КІМ ҚОРҒАЙДЫ, КІМНЕН КӨМЕК СҰРАСАМ БОЛАДЫ. Не себебті осы мәселелер облыс шеңберінде шешілмейді, сонда Астанадағы Жоғарғы басшылықтың көзі құлағы дарда, қалғандар ешнарсені көрмейді немесе естімейме. Ашулы айтсам Барлықтарыңыздан шын жүректен кешірім сұраймын!