Комитет государственного имущества и приватизации Министерства финансов Республики Казахстан ответ от (03.08.2016) на обращение от (26.07.2016) № 442862
Сәлеметсізбе, Эдуард Карлұлы! Оңтүстік Қазақстан облысының қаржы басқармасы Шымкент қаласы, Нұрсәт шағын ауданы, Астана даңғылы, №10 мекен-жайында орналасқан «Оңтүстік Қазақстан облысы әкімінің аппараты» мемлекеттік мекемесінің әкімшілік ғимараты «Оңтүстік Қазақстан облысы әкімі аппаратының шаруашылық басқармасы» жауапкершілігі шектеулі серіктестігіне (одан әрі –Шаруашылық басқармасы) күтіп-ұстау мақсатында 2015 жылғы 7 қазандағы №171 келісім-шартымен сенімгерлік басқаруға берілгендігін хабарлайды. Аталған әкімшілік ғимаратының 1-қабатында электр энергия, су, кәріз және жылу жүйелерімен қамтылған жалпы алаңы 339,7 шаршы метр құрайтын асхана орналасқан. Шаруашылық басқармасы қосымша табыс көзін табу мақсатында әкімшілік ғимараттағы тек осы асхананы ғана (жалпы ғимараттың 339,7 шаршы метр алаңын ғана) қоғамдық тамақтандыру қызметін ұйымдастыру үшін өз тарапынан кейіннен сатып алу құқығынсыз үшінші адамға (жеке және мемлекеттік емес заңды тұлғаларға) мүлiктiк жалдауға (жалға алуға) бере алу мүмкіндігі жөнінде түсіндірме беруіңізді сұраймыз.