Министерство обороны Республики Казахстан ответ от (11.08.2016) на обращение от (22.07.2016) № 442649
Қазақстан Республикасының қорғаныс Министрі Нургалиулы Иманғали Тасмағамбетов мырзаға: аға Сержант Меркибаев Нұрлан Аманбекұлынан. Сұраныс Хат. Мен, аға сержант 29.06.1977 жылы туылған, Меркибаев Нұрлан Аманбекұлы, 2005 жылы ақпан айында Тараз қаласында ашылған 85395 әскери бөліміне келісім-шарт қызметкері болып орналастым. Содан бері әскери қызмет атқарып келемін. Өзімді мазалап жүрген мәселелерге жауап алғым келеді. Бірінші мәселе; мен 2013 жылы қаңтар айында тұрғын-үй жинақ банкінен ипотекалық несиемен Тараз қаласынан үш (3) бөлмелі пәтер рәсімдегенмін. Қазіргі таңда ай сайын 44000 теңге көлемінде сол несиемді төлеудемін. 2013 жылы өкіметтің шығарған жарлығы бойынша келісім шарт қызметкерлеріне бөлінген жалдалмалы пәтерге төленетін қосымша жәрдем - ақымды ала-алмай отырмын. Себебі ипотекалық пәтерді рәсімдеуде банктің талабы бойынша, нотариуста пәтер өз атыма аударылып жазылған. Осыған байланысты сол жәрдем - ақыны да ала-алмай жүрмін. Екінші мәселе; әскери қызметкерлерге берілетін пәтер кезегіне де тұра алмадым. Алдағы бес жылда әскери қызметтік келісім-шартымның бітуіне байланысты, өкіметтен қандай көмек болатынын білгім келеді. Үшінші мәселе; қазіргі таңда 85395 әскери бөлімінің оқ-дәрі қоймасының бастығы лауазымында жұмыс атқарудамын. 2016 жылдың қаңтар айынан бастап қысқарту кезінде, бір қойма бастығының қысқаруына байланысты, қазіргі таңда барлық жауапкершілікті өз міндетіме алып жүрмін. Бір оқ - дәрілер сақталатын қоймамыз, Тараз қаласынан 20 шақырым қашықтықта орналасқан. Сәуір айында жауынгерлік дайындықты тексеру кезінде келген тексерушілерге екі жақта оқ-дәрінің берілуінің қиындық тудыратынын түсіндіргенімін. Ендігі кезекте бізге бір қойма бастығының лауазымы қайта берілуіне ықпал етуіңізді және 4 санатта тұрған дәрежемізді 6 немесе 9 санатқа көтеруге көмек көрсетуіңізді сұранамын. Оқ-дәрі қоймасының жауапкершілігін басты талапта бақылауда ұстауыма байланысты осы жазған сұранысымды қанағаттандыруыңызды өтініп сұраймын. Сұраныс иесі: аға сержант Меркибаев Нұрлан Амагнбекұлы.Приложения:123.jpg