• Мое избранное
  • Сохранить в Word
  • Сохранить в Word
    (альбомная ориентация)
  • Сохранить в Word
    (с оглавлением)
  • Сохранить в PDF
  • Отправить по почте
Документ показан в демонстрационном режиме! Стоимость: 80 тг/год

Отправить по почте

Министерство труда и социальной защиты населения РК ответ от (28.07.2016) на обращение от (12.07.2016) № 442085

Вопрос
Сәлеметсіз! Менің әкем пенсионер. Былтыр ноябрьден бастап ауыра бастады. Жамбыл облысындағы ауыдық врач подозрения на рак легких деп, ауруды анықтайтын қажет аппараттары болмаған соң Тараз қаласына жіберген болатын. Тараз қаласында таныстарымыз болмаған соң Алматыға онкологический центрға алып келдік. 19 ноябрь күні врачқа барғанда алдында түсіріп келген кт снимокка қарап cr-II степени деп қана жазды да, сосын биопсия тапсыруға жіберді. Биопсияның қорытындысын алу үшін 10 күн күтеді екенбіз. Бірінші тапсырған биопсия анық емес деп екінші рет қайтадан жіберді, сосын үшінші рет жіберді. Сөйтіп жүргенде январь болды. Үшінші биопсияны алып онко врачқа барғанда ол химия жасаймыз, операция болмайды деді. Химиятерапиямен өкпесіндегі опухольды қатырамыз, сосын барып операция жасаймыз деді. Ол үшін 6 рет химиятерапиядан өту керек деп айтты. Январьдын 12-де бірінші химияны жасалды, сосын 3 аптадан соң екіншісін жасауға келесін деді. Папам Жамбыл облысынан Алматыға екінші химиясын жасатуға келгенде , сізді порталсыз қабылдай алмаймыз деді. Бірінші химия жасалғанда екінші рет келгенде де портал арқылы келетінімізді ескертпеп еді. Сосын қайтадан порталын күтіп, Марттың 3-де Тараз қаласындағы Онко диспансерге жатып, екінші химиясын қабылдады. Олар да 3 аптадан соң келіп үшінші химияны аласыз деді. Марттың 30-да әкем үшінші химиясын қабылдағанға қайтадан барған кезде, врач запойға кетіп 1 апта жұмысында болмағандықтан, әкем уайымдап больницадан шығып кетті. Содан еш жаққа бармаймын, емделмеймін бұл врачтардан қайран жок деп үйде жатып алды. Әкемнің жасы 64-те, жасы келген және ауру адам мазасыз келгендіктен ешкімді тыңдамай қойды. Содан кейін ешқандай ем қабылдамады. Тек обезболивающий уколдар салып жүрді. Сол жақ өкпем ауырады деп мазасызданып жүрді. Әрең дегенде 20 июнь күні әкемді көндіріп өкпесіне кт жасатқан кезде, өкпесінде жидкость бар деп айтты. Метостазы көрінбейді деген болатын. Ол кезде өкпесінің жартысы көрініп, жартысы көрінбей тұрды. Сосын 23 июнь күні мен Тараз қаласындағы онко диспансерге келіп регистратураға 28 июнь күнге больницаға жатқанға тіркеуге тұрып кеткен болатынмын. Сол күні әкеліп жатқыздық. Өкпесіндегі жидкостьттың көлемін анықтау үшін УЗИ-ға түсірді. Сойтсе өкпесінде жидкость аз екен. Хирург врач 1 литрден жоғары су болғанда ғана, өкпесіндегі суды аламыз, әйтпесе аз мөлшердегіні алмаймыз, көк етіне тиіп кетуіміз мүмкін деп ескертті. Ал онко диспансердің зав.отделением врачы папаңыздың өкпесінің бәрі ірің болып кеткен деді. Әкем 28-ші июнь күні келіп жатқан соң, врач әл беретін системалар салып еді, папам одан саман қиындап кетті. Есі әрең кіріп, әрең шығып жатыр. Менің сізден сұрарым, кімге сеніп, қайда барсақ болады? Ноябрьден бастап, Алматы, Тараз қалаларындағы онко диспансерге институтқа барып жүрміз, әлі күнге дейін ашып айтатын адам болмады. Шет елге алып кететін бізде қаражат та жоқ. Ол кісі ұзақ жолға да жарамайды. Бүгінгі халі өте нашар.Маған қандай кеңес бере аласыздар? Әлде біз биопсия тапсырамыз деп бір ай күтіп жүргенде, және үшінші химия жасатуға келгенде врач болмаған кезде ауруын асқындырып алдық па?Приложения:_MChMEFfYVk.jpg