• Мое избранное
  • Сохранить в Word
  • Сохранить в Word
    (альбомная ориентация)
  • Сохранить в Word
    (с оглавлением)
  • Сохранить в PDF
  • Отправить по почте
Министерство обороны Республики Казахстан ответ от (25.07.2016) на обращение от (12.07.2016) № 442064
Документ показан в демонстрационном режиме! Стоимость: 80 тг/год

Отправить по почте

Toggle Dropdown
  • Комментировать
  • Поставить закладку
  • Оставить заметку
  • Информация new
  • Редакции абзаца

Министерство обороны Республики Казахстан ответ от (25.07.2016) на обращение от (12.07.2016) № 442064

Вопрос
Қазақстан республикасының қорғаныс министрі Иманғали Тасмағамбетов мырзаға Қапшағай қаласы 19-шы ықшамауданы Алмагүл көшесі 21-ші үйдің тұрғыны (тел. 8 771 339 5799, 8 701 209 6956) Дуйсеков Рахимберды Құрметті Иманғали Тасмағамбетов! Еліміз егемендік алғанына биыл 25 жыл толады. Ширек ғасырда атқарылып қол жеткізген табыстар мен ауыз толтырып айтатын жетістіктер жетерлік. Оған мемлекет және қоғам қайраткері ретінде Сіздің де қосып келе жатқан үлесіңіз өте зор. Көзі қарақты азамат болған соң, ұлтқа жаны ашитын, соның жоғын жоқтап, олқы тұстарын түгендеп жүретін Өзіңіз сияқты ұлтжанды, халықтың құрметіне бөленіп, тұлға дәрежесіне көтерілген ел азаматтарына біз қайда жүрсек те әрдайым тілеуқормыз. Қазақ жұрты егемен ел болғанымен, 25 жылдан бері бір түгенделмей келе жатқаны тұсы ол-ата тегіміздің төлқұжатымызға бір жүйеге түсіріліп жазылмауы. Бұл жалғыз менің ғана емес, бойында қазақ қаны бар барша ұлтжанды азаматтардың жатса да, тұрса да көңілдерін күпті етіп келе жатқан өзекті де, өткір мәселе. Сізге Қапшағай қаласының ұлтжанды азаматтары атынан деніңізге саулық, отбасыңызға амандық, ұзақ өмір және еңбегіңізге мол табыс тілей отырып, мемлекет және қоғам қайраткері ретінде қазақ жұртының көкейкесті аманатын еліміздің заң шығарушы органы Сенат пен Мәжіліс төрінің мінберінен айтылуына, сондай-ақ Ұлт Көшбасшысы Нұрсұлтан Әбішұлы Назарбаевтың назарына жеткізуіңізді өтінемін. Бұған Сіздің мүмкіндігіңіз толық бар деп ойлаймыз. Алдын ала осы өтінішіммен мұқият танысып, көңіл бөлгеніңізге шын жүректен ризашылығымды білдіремін. Әрқашан Алланың рахымына, пайғамбарымыздың шапағатына, халқыңыздың алғысына бөленіп жүре беруіңізге тілектеспін. Қазақ ұлтының ата-тегін бір үлгідегі ізге түсірейік «Пролетариаттың көсемі Лениннiң өз дегенiне жет¬кенiн елiмiздiң социалистiк қоғам ауқымында өткiзген жетпiс жылдық тарихы қа¬пысыз дәлелдедi. Мұның нәтижесiнде бүгiнгi таңда “қазiргi қазақ қоғамында тектiлер түгелге жуық қалмады, себебi социалистiк заман негiзiнен тексiз¬дердiң дәуiр¬леу заманы едi, бұл жылдар барысында некенсаяқ сақталған бұрынғы тектi¬лер ұрпағының да қанын таза сақтауына мүмкiндiк шектелдi, соңғы үш-төрт ұрпақ тарихында (әрбiр ұрпақ арасын орта есеппен 20-25 жыл деп есептесек) ұлтымыздың өкiлдерi тегi мен шежi¬ресi белгiсiздермен жаппай араласып кеттi” деп мә¬лiмдеуге толық негiз бар» деген ҚР ҰҒА-ның корреспондент мүшесi Несіпқали Сейітовтың осынау пікірінде қорғасындай салмақ жатыр. Қазақ елінде Кеңес үкіметі тұсында айтары жоқ, әсіресе қазақ елінің басына тексіздендіру шоқпары дүркін-дүркін үйіріліп тұрды. Ата-дәстүрді ауызға алу, жөн-жоралғыны сақтау сияқты асыл құндылықтар ескінің сарқыншағы деп күресінге лақтырылды. Қазақ баласы өзінің ата-тегін төлқұжатқа жаздыра алмай пұшайман күй кешті. Бұрынғылардан қалған Шорманның Мұстафасы, Қаракерей Қабанбай, Қанжығалы Бөгенбай Бауыржан Момышұлы тағы да сол сияқты ата-тектегі тіркемелерді қолдануға үзілді-қарсылы тыйым салынды. Орыстандыру саясатының желеуімен «ов», «ев» жалғаулары күштеп қосылып, қазақтың ата-тегі мүлдем танымастай өзгерген қалыпқа түсті. Арада үш ұрпақ ауысып, 1991 жылы Кеңес Одағы ыдырап, Қазақстан өз егемендігін қолына алғанан кейін ғана барып, кейбір азаматтар «ов»,«ев» жалғауларынан бас тартып, жеке куәліктері мен төлқұжаттарын қазақыландыра бастады. Кеңес үкіметі тұсында орыс фамилиясында болсақ, кейін түрік ағайындарға ұқсатып Наурызбай Махмуд Дүйсекұлы болып жазу үрдісі қалыптасты.Бұл жерде Наурызбай Махмуд болғанда қайсысы атасы, қайсысы өзінің аты екені белгісіз болып тұр.Бұған мемлекет және қоғам қайраткері Шерхан Мұртаза сияқты ұлтжанды тұлғалар алғашқылардың бірі болып үлгі көрсеткені анық. Сөйтіп, төлқұжат пен жеке куәлікті толтыру барысында фамилиясы мен өзінің атын жазатын дәстүр бой көрсете бастады. Содан көп ұзамай кейбір кісілер фамилиясының соңына «тегі» деген жалғауларды дұрыс көріп солай жазғызды. Руларын айшықтағандар да жетерлік. Әлем халықтарының қай қайсына алып қарасаң да өздерінің ұлтына тән ата-тегі бар. Атап айтатын болсақ, армяндарда «ян», грузиндерде «швили», «адзе», украиндарда «ко», поляктарда «ский», жапондарда, корейлерде бағзы заманнан қалыптасқан ата-тегін көріп еріксіз сүйсінесің. Оларды осы ата-тегіне қарап-ақ қай ұлттың өкілі екендігін оп-оңай ажыратып алуға болады. Осыған келгенде еріксіз ойға батасың. Қазақ хандығының 550 жылдығын тойлап жатқанымызда, еліміздің егемендігінің 25 жылдығы атап өткелі тұрғанымызда, дүние жүзінің 30 өркениетті ел қатарына қосылудың қарсаңында, Қазақ ұлтының өзіне тән ата тегі болса деп «ата» сөзін тіркеп жазсақ қалай болар еді деген ой көптен бері мазалап жүр. Ал енді өзіміздің төлқұжаттарымызды толтыруна келетін болсақ қазақтың грамматикасы мен хрестоматикасында да кім? деген сұрақ тек адамға қойылады. Олай болса төл құжат толтыру тізбегі төмендегідей болу керек: атасы, аты, әкесі.Фамилия –деген сөздің түп мағынасы «атасы» болады, одан соң жазылу керек «Имя»- өзінің аты, Отчество- деген сөздің түп мағынасы әкесінің аты болады.Мысалы, Наурызбайата Махмут Дүйсекұлы деп жазсақ, бұл жерде «ата» жалғауы, яғни Махмуттың атасының кім екендігін нақты көрсетіп тұр. Бұл - біріншіден, қазақ азаматтары өздерінің ата-тегіне «ата» сөзін тіркеп жазса, оның фамилиясының өзі-ақ төлқұжат иесінің қазақ ұлтынан екенін білдірсе, екіншіден, өзге қай елге, қай жерге бармайық сол мемлекеттің өкілдері төлқұжатымызға қарап-ақ қазақ екенімізді бірден айырар еді. Уақыт өте келе «тегі», «тің», «нің» деген жалғаулар «ата» сөзіне жол берері анық. Қазақ ұлтының біртұтас ұлт болып жаралғанымызды білдіретін «ата» сөзі құлаққа жылы тиетін сөз. Бұған қоса ежелден жеті атаға дейін қыз алыспайтын берік дәстүріміз тағы бар. Ұрпаққа қан тазалығы ата-тегі арқылы берілетіні медицина тұрғысынан баяғыда дәлелденген. Бүгінгінің жастары шежірені жетік білмегендіктен өзінің тегін осы «ата» сөзі арқылы ажыратып, қанның араласып кетпеуінен сақтанатындығы хақ. Қазақ халқы ататегіне жазылғанда не ұтамыз? 1. «Ата» жалғауынан қазақ халқы бір атаның балалары екенін білдіреді. 2. «Ата» сөзі қазақ ұлтына «тайға таңба басқандай» таңбасы емес пе?! 3.Ұлтымыздың жүзге бөлінбеуіне басты бастамасы болады. 4.Ұлтымызды бірлікке, ынтымаққа шақырады 5.Қазақ халқын тілін және дінін қадірлеуге ықпал етеді. 6.Қазақ мемлекетіндегі басқа ұлт өкілдерінің бастаушысы болады. 7.Шет мемлекеттерге, Қазақ елі болмаған дегендерге табанды ел екеніміздің дәлелі. 8. Ұлтымыздың әдет-ғұрпын сақтауға қадірлеуге әсерін тигізеді. Менікі көпшіліктің ортасына өз ұсыныс-пікірімді білдіру мақсатында Қапшағай қаласының «Нұрлы өлке» газетіне, Алматы облысының «Жетісу» газетіне, республикалық «Ана тілі» газетіне, «Айқын» газетіне, Қазақстан телеарнасының «Айтуға оңай» хабарына, Қызылорда облысы Қармақшы ауданы «Қармақшы таңы» газеті беттеріне жолдағанмын.Кім қалай қабылдайды, оны әркімнің өз таным-түйсігі біледі. Бірақ қалай дегенмен де дәл қазір өзіміздің төл құжатымызда ата тегімізді жаңалап көшірмесек бізден кейінгі ұрпақ не ойлайды.Оның бірден-бір жолы ата-тегімізді бір үлгідегі ізге түсіру. Онсыз рухымыз еңсесін көтере алмайтыны ақиқат. Би жігітке жарасар Халқына тиген пайдасы Ақсақалға жарасар Тілеуқорлық айласы. деген нақылдың өмiр тәжiри¬бесiнен туындап, ұлтымыздың ғұламалығын ұғыну үшін ата-тек мәселесіне салиқалы көзқараспен қарайтын кез әлдеқайда жеткен сияқты.