Вопрос-ответ № 442002 от 2016-07-11г./Министерство образования и науки Республики Казахстан
Министерство образования и науки Республики Казахстан ответ от (27.07.2016) на обращение от (11.07.2016) № 442002
Языки документа
Уважаемые пользователи, процесс скачивания данного документа займет несколько минут.
Документ показан в демонстрационном режиме!Стоимость: 80 тг/год
Документ на русском языке
Министерство образования и науки Республики Казахстан ответ от (27.07.2016) на обращение от (11.07.2016) № 442002
Вопрос
Саламатсыздарма! 2016 жылғы 6 маусымда мен блог-платформа (440051) арқылы Білім министрі Е. Сағадиевке Астана қаласының № 82 мектеп лицейіне балаларымның құжаттарын қабылдамауына байланысты сұрақ жолдаған болатынмын. Өкінішке орай, берілген жауапта қойылған 1-2 сұрақтардың жауаптары жоқ. «Жеке және заңды тұлғалардың өтініштерін қарау тәртібін туралы» Қазақстан Республикасының 12.01.2007 жылғы Заңының 10-тармағына сәйкес өтiнiштерге берiлетiн жауаптар Қазақстан Республикасының заңнамасына сiлтеме жасай отырып, мазмұны бойынша негiзделген және дәлелдi, мемлекеттiк тiлде немесе өтiнiш берiлген тiлде болуға, арыз берушiнiң қабылданған шешiмге шағым жасау құқықтарын түсiндiре отырып, оның дәлелiн жоққа шығаратын немесе растайтын нақты деректердi қамтуға тиiс. Бірақ менің берген өтініш арызымдағы 4 сұрақтың алғашқы екі сұрағына дәлелді және негізді жауап берілмеді, ол сұрақтар: 1) Почему руководство или члены комиссии завершили прием документов раньше времени (то есть к 13-00 часам) и не приняли у родителей документы до установленного Правилами приема времени (установленное время - до 16-00 часов 4 июня)? 2) В случае нарушения прошу принять меры по приему документов и наказать нарушивших Правила приема, а также считать недействительными результаты приема конкурсов – в данном случае, пока вы предоставите ответ, экзамены могут уже пройти. Осыған байланысты, біріншеден, осы екі сұраққа нақты, дәлелді жауапты беруді сұраймын. Екіншіден, алдыңғы өтініштегі сұрақтарға толық жауап ұсынбағаны үшін (БҒМ негізгі орындаушысы Айман Тельмановна) жауапты орындаушы мен жауапқа қол қойған жетекші ететін басшы лауазымдағы қызметшілерді жауапкершілікке тартуды (Мектепке дейінгі және орта білім беру департаменті) қажет деп санаймын. «Неліктен 82 мектеп басшылығы мен комиссия мүшелері құжат қабылдауды Қабылдау ережесінде белгіленген 4 маусымдағы 16-00 сағатқа дейін емес, одан бұрық бітірді?» нақты қойылған сұраққа, «№82 Дарын мектемі дарынды балаларға арналған мектеп, балаларды қабылдау лицей сайтында және мектептің ақпараттық стендінде ілінген» (специализированный лицей №82 «Дарын» является образовательным учреждением для одаренных детей, согласно приказу № 289 МОН РК от 19.07.2013(приложение 1 пункт 2, подпункт 10,11) прием в учреждение ведется на конкурсной основе. График работы по приему детей был размещен на сайте лицея и 30 мая на информационном стенде школы) деген орынсыз жауапты береді. Көзіміз ашық, мен ол Ережемен таныстым, сайтта оның орналастырылғандығында жақсы білемін, бірақ мектеп сайтында мектепке қабылдау уақыты деп 4 маусым сағат 16-00 дейін деп көрсетілгеніне қарамастан, уақытынан бұрын неге қабылдауды тоқтатты деген сұраққа жауап жоқ. Ол мектептің комиссия мүшелері мен мектеп басшылығының уақытынан бұрын қабылдамауына кім жауапты, оны кім бақылдайды? Үшіншіден, енді сол ЭКСПО-2017 гүлдендіріп, жер әлемге атымызды танытып жатқанда, сол маңның тұрғын үйлеріндегі балалар қайда мектепке бармақшы? Оні ойлаған адам барма? Сол маңда үш мектеп орналасқан: 1) Назарбаев мектебі; 2) 82 дарынды балалар мектебі; 3) Хореография мектебі. СОнда жай балалар қайда оқымақшы? Сол маңның балалары 75, 76,77 мектептерде оқиды деген жауап алдым. Өзіңіз ойлап қараңызшы, 2-3 сынып балалары қыста қалай жетеді? Арақашықтығы 3-4 аялдама? Қазіргі күндегі қауіпсіздік жағдайына байланысты бастауыш сынып оқушылары өздігінен ондай қашықтықта жүруі қауіпті, мектепте бастауыш балаларын өздігінен қайтуына рұқсат етпейді, оған ата-ана жауапты дейді, ал мен жұмыс орнынмнан ол жерге жеткенге дейін, кемінде 1,5 сағат кетеді. Орынбордағы көліктің қозғалысында жақсы білесіздер. Осыған байланысты, жаңа оқу жылына дейін сол Хусейн бен Талал х Орынбор х Қабанбай батыр көшелерінің бойындағы отбасы балаларына жақын орналасқан мектепті қарастырыңыздар. Жоғарыда айтқандарға байланысты мына сұрақтарға жауап берулеріңізді сұраймын: 1) Неліктен 82 мектеп басшылығы мен комиссия мүшелері құжат қабылдауды Қабылдау ережесінде белгіленген 4 маусымдағы 16-00 сағатқа дейін емес, одан бұрын бітірді? 82 мектеп мұғалімдерінің 4 маусым күні сұраққа жауап беруден бастартқанында айта кету керек. Егер заңсыз іс-әрекет болса, тез арада шешім қабылдап, балаларымды қабылдауға ықпал етіңіздер. 2) Алдыңғы өтініштегі сұрақтарға толық жауап ұсынбағаны үшін (БҒМ негізгі орындаушысы Айман Тельмановна) жауапты орындаушы мен жауапты дайындауда жетекші ететін басшы лауазымдағы қызметшілерді жауапкершілікке тартуды (Мектепке дейінгі және орта білім беру департаменті) қажет деп санаймын. 3) Осыған байланысты, жаңа оқу жылына дейін Хусейн бен Талал х Орынбор х Қабанбай батыр көшелерінің бойындағы отбасы балаларына жақын орналасқан мектепті қарастырыңыздар. 4) Неліктен конкурсқа қатысу үшін көп құжаттар талап етіледі? Конкурсқа қатысу үшін мектептен табель мен қандайда мектепте оқитындығы туралы анықтама жеткілікті емеспе? Мінездеме мен мекен-жай анықтамасы не үшін қажет? Болашақта, тек конкурстан оң қорытынды алған оқушыларға қосымша құжаттар ұсыну қажет деп ойлаймын. Тағы, айта кетерім, әркім өз баласын дарынды деп таниды, әйтседе, мен ұлымның Астана қаласы мектептерінің арасында математика пәнінен жүлделі орындарға (1-орын, Суханбердиева қолынан алған грамота) ие болып жүргендігін ескеріп, егер мектеп басшылығы мен комиссия мүшелерінің құжатты қабылдамауы болмағанда, оның 82 дарынды балалар мектебінің конкурсына қатысып, одан әрі сол мектепте оқуын лайықты деп есептеймін.
Комментарий успешно добавлен