Вопрос-ответ № 442075 от 2016-07-12г./Комитет казначейства Министерства финансов Республики Казахстан
Комитет казначейства Министерства финансов Республики Казахстан ответ от (28.07.2016) на обращение от (12.07.2016) № 442075
Языки документа
Уважаемые пользователи, процесс скачивания данного документа займет несколько минут.
Документ показан в демонстрационном режиме!Стоимость: 80 тг/год
Документ на русском языке
Комитет казначейства Министерства финансов Республики Казахстан ответ от (28.07.2016) на обращение от (12.07.2016) № 442075
Вопрос
ҚР Қаржы министрі Бақыт Сұлтановқа "Меркі ауданы әкімдігінің мәдениет және тілдерді дамыту бөлімінің Орталықтандырылған мәдениет үйлер және клубтар жүйесі" мемлекеттік коммуналдық қазыналық кәсіпорынының әкімшілігі, Сізден мемлекеттік сатып алу порталында 20.06.2016ж. № 504976 «Бағалы ұсыныныстарға сұраным» мемлекеттік сатып алудың қорытындысы негізінде жабдықтаушы "Альтаир-пвл" жауапкершілігі шектеулі серіктестігімен келісім шарттар реестінде тіркелген №990340006182/160170/00 келісім шартқа тапсырыс беруші қол қою барысында аталған жабдықтаушы мемлекеттік сатып алу порталында жосықсыз қатысушылар тізімінде тұр деген қызылмен деген сөз 2016-06-29 12:01:14 пайда болды. Нұсқаулық бойынша келісім шарт жобасын бірінші жабдықтаушыдан бас тартып екінші жабдықтаушыға жөнелтілді. Алайда жабдықтаушы "Альтаир-пвл" жауапкершілігі шектеулі серіктестігі өздерінің бұл тізімде жоқтығын және қайта келісім шартқа тұрмаған жағдайда заңсыз келісім шарт жасасудан бастарты деп қаржылық бақылау инспекциясына шағымданатынын хабарлады. Қайта тексеру барысында жабдықтаушы "Альтаир-пвл" жауапкершілігі шектеулі серіктестігі мемлекеттік сатып алу порталында жосықсыз қатысушылар тізімінінен табылмады, әрі екінші жабдықтаушыға жіберілген келісім шарт жобасы өшірілмей, қайта бірінші жабдықтаушымен келісім шарт жасасу техникалық жағынан мүмкін емес болып отыр. Мемлекеттік сатып алу порталының қатысушыларына техникалық көмек көрсететін 8 (7172) 72 90 90 нөміріне хабарласқанымызда олар 29.06.2016ж расында аталған қателіктер болғанын растады, бірақ қателіктер туралы ешқандай анықтама бере алмайтындығын, әрі бұл жағдайды тек мемлекеттік сатып алу бойынша комитет шешуі мүмкін деп хабарлады. Мемлекеттік сатып алу бойынша комитетіне хабарласқанымызда бізді қаржы министріне жазбаша өтініш жазуымыз керектігін айтты. Бүгінгі күнге жабдықтаушы прокуратураға шағым жазғанын білдік. Мемлекеттік сатып алу порталында болған техникалық ақауларға байланысты осындай қиындықтарға тап болып отырмыз. Меркі аудандық мәдениет үйінің әкімшілігі, Сізден аталған келісім шарт жобасын техникалық тұрғыдан бірінші жабдықтаушымен қайта жасалуына ықпал жасауыңызды сұраймын "Меркі ауданы әкімдігінің мәдениет және тілдерді дамыту бөлімінің Орталықтандырылған мәдениет үйлер және клубтар жүйесі" МКҚК-ның директоры Тулақбаев Н Орындаған : Байназаров Т Тел: 8726232 21381 87026258055
Комментарий успешно добавлен