• Мое избранное
  • Сохранить в Word
  • Сохранить в Word
    (альбомная ориентация)
  • Сохранить в Word
    (с оглавлением)
  • Сохранить в PDF
  • Отправить по почте
Документ показан в демонстрационном режиме! Стоимость: 80 тг/год

Отправить по почте

Министерство Финансов РК ответ от (11.07.2016) на обращение от (08.07.2016) № 441845

Вопрос
Сәлеметсіз бе! Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігінің «2015 жылғы мемлекеттік органның бюджет қаражатын басқару тиімділігін бағалау нәтижелері туралы қорытындысына» (бұдан әрі – Қорытынды) сәйкес құрылысы жүргізілген нысандардың техникалық паспорттары мен жер құжаттарын әзірлеу бойынша жобалардың ағымдағы бағдарламалар бойынша жоспарлану орнына даму бағдарламалары бойынша қате жоспарланғандығы және өтпелі жобалар бойынша есепті кезеңде тікелей көрсеткіштерге қол жеткізудің іс жүзіндегі мәнін растайтын құжаттар (орындалған жұмыстардың актілері, жүкқұжаттар, қабылдап алу-тапсыру актілері) көрсетілмегендігі туралы сапасыз нәтижеге бағаланды. Осыған орай, аталған мәселені шешу мақсатында, яғни жоғарыда көрсетілген көрсетілетін қызметтер мен атқарылатын жұмыстарды қандай бюджеттік бағдарлама бойынша орналастыру үшін және өтпелі жобалар бойынша растайтын құжаттар көрсетілу қажет пе (қандай заңдылыққа сәйкес) делінген ҚР Қаржы министрлігі мен Ұлттық экономика министрлігіне сұраныс-өтініш жолданды. Алайда, ҚР Қаржы министрлігі ҚР Ұлттық экономика министрлігіне сілтеме жолдады. Ал, ҚР Ұлттық министрлігі ҚР Ауыл шаруашылығы мен ҚР Қаржы министрлігіне сілтеме жолдады. Осылайша, құзырлы органдардан ешқандай қанағаттанарлық жауап алынбады. Жасалған қателіктерді қайталамау және шығыстарды сапалы жоспарлау мақсатында Сізден баяндалған мәселе бойынша толық және нақты жауап беруіңізді сұраймын. Ескертпе: Министрліктермен өзара аталған мәселелер бойынша хат алмасулар ҚР Ұлттық экономика министрлігіне №440288 10.06.2016жылғы және ҚР Қаржы министрлігіне №440289 10.06.2016ж.