Министерство образования и науки Республики Казахстан ответ от (14.07.2016) на обращение от (09.07.2016) № 441889
Сәлеметсіз бе, Ерлан Кенжеғалиұлы! Мен Шымкент қаласы тұрғынымын. Менің ұлым арнайы дарынды балаларға арналған мектептен Алматы қаласындағы Б.Момышұлы атындағы әскери мектепке түсіп, 2016 жылы тәмамдады. ЕНТ-да 100 бал ( орыс тілін алып тастағанда - 84 балл) алды ,таңдаған пәні физика психо тесті өте жақсы деген бағаға тапсырды. Оқуын Алматы қ-ғы «Военно-инженерный институт радиоэлектроники и связи» жалғастырмақшы. Менің Сіздерден сұрайын дегенім, қандай басымдылық (жеңілдік) беріледі және жоғарыда көрсетілген ЖОО-на түсу үшін ЕНТ дағы балға баса көңіл аударылады ма, әлде басқа дайындықтарға (дене шынықтыру) ма? Егер, бала спорт жағынан орташа болса, оқуға түсуге мүмкіншілік бар ма? Конкурстың өту тәртібі қалай және қай жерде жарияланады? Себебі Ел басымыздың айтуы бойынша бұл жас өспірімдер 15 жасында еліне адал қызмет етеміз деп ант қабылдаған еді. Жауабын күтемін, дәл осы сұрақты әскери салаға қатысы бар деп, Тасмағанбетов мырзаның блогына да жаздым, 1 апта өтті жауап ала алмадым, Сізден жауап күтемін, алдын ала Сізге Рахмет айтамын.Приложения:wxfwtymK5f4.jpg