• Мое избранное
  • Сохранить в Word
  • Сохранить в Word
    (альбомная ориентация)
  • Сохранить в Word
    (с оглавлением)
  • Сохранить в PDF
  • Отправить по почте
Документ показан в демонстрационном режиме! Стоимость: 80 тг/год

Отправить по почте

Министерство Юстиции Республики Казахстан ответ от (11.07.2016) на обращение от (05.07.2016) № 441660

Вопрос
Құрметті Б.М.Имашев мырза! Сізге осымен үшінші мәрте хат жазып отырмын. Алдыңғы жіберген хаттарыма «қаралуда, қабылданатын болады, атқарылады, белгілі болды, жолданды» деп қысқа ғана жауабы келгенін мәлімдеймін. Қашан жасалды, орындалды деген жауап келер екен? Бірінші хаттың жауабында 2016 жылдың 17 ақпанда Шымкент қаласы Еңбекші аудандық сотына қайтадан атқарушылық құжаттың телнұсқасын беру туралы ұсыныс жолданғаны туралы айтылған. Кейін 21 сәуірде тағы Шымкент қаласына шешімнің телнұсқасын қайта қалпына келтіруге хат жолданыпты. Осы уақытқа дейін 6 айдан бері телнұсқасын ала алмай отырсыздар ма? Қазір техниканың дамыған заманында сонша жарты жылға созылғанын түсіне алар емеспін. Болмаса мен өзімнің апара салғаным жылдамырақ болар? Неге онда алимент өндіруге көп көңіл бөлінуде деп жалған хабар таратасыздар. Пәлен адам қамалды, пәлен адам айыппұл төледі дегеннің бәрі өтірік онда. Тағы да айтарым, Департамент басшысына атқарушылық құжаттың телнұсқасы түскеннен кейін атқарушылық құжаттың талаптарын орындау бойынша кешіктірмей барлық қажетті шаралар қолдануды және бақылауға алу туралы тапсырма жолданды делінген. Ешкім міндетін орындамай, жәй айлық алып отыр ма? Департамент басшысы өз жұмысына салғырт қараса, қарамағындағылар не істесін? Ешқандай шараның қолданып жатқанын көрмедім. Қазақстан Республикасы Қылмыстық Кодексінің 139-бабында борышкердің балаларын күтіп-бағуға қаражат төлеу жөніндегі міндеттерін үш айдан астам орындамағаны үшін қылмыстық жауапкершілік көзделген. Ал, менің жағдайымда 1-ші шешім 29.09.2008ж. шығарылса, 2-шісі 30.01.2014ж. шығарылды. Алайда, арада 8 жыл өтсе де сот шешімін орындау үшін ешқандай әрекет жүргізіліп отырған жоқ. Хатта көрсетілген телефонның бірде біреуі алмайды. Осының барлығын ескере келе, Заңда бұлай жазылған немесе олай жазылған демей, шара қолдана алмасаңыздар «болмайды, қолдан келмейді» деп нақты жауап берулеріңізді сұранар едім. Әділет министрлігі атына сай әділеттілік орнатып, қолдау көрсетулеріңізді сұраймын. Арыз иесі: Қамбарова Жанар Оңғарбекқызы Мекен-жайым: Шымкент қаласы, Нұрсәт м/а, 122-26 8-701-828-60-06Приложения:11111(1).jpg