• Мое избранное
  • Сохранить в Word
  • Сохранить в Word
    (альбомная ориентация)
  • Сохранить в Word
    (с оглавлением)
  • Сохранить в PDF
  • Отправить по почте
Документ показан в демонстрационном режиме! Стоимость: 80 тг/год

Отправить по почте

Министерство обороны Республики Казахстан ответ от (26.07.2016) на обращение от (09.07.2016) № 441886

Вопрос
Қазақстан Республикасының Қорғаныс Министріне Біздер Қызылорда облысының қорғаныс істері жөніндегі департаментінің офицерлеріміз. 2014 жылдың маусым айынан бастап уақытша міндетін атқарушы Ә.Қ. Ерниязов келгеннен бері ұжымның берекесі кетті. Ә.Қ. Ерниязов қорғаныс істері жөніндегі департаментінде ойына не келеді, кімді жұмыстан шығарғысы келеді, соның ізіне түсіп алып жұмыстан шығарады, контрактысын созғысы келсе созады. Өзіне ұнаған сержант Борамбаев сияқтыларды еш дайындықсыз не болмаса кедергісіз әскери шені (физический подготовкасы болмаса да) оған ешқандай қиындықсыз тапсырылған бағасы қойылады. Ұнамаған адамына ондай жақсылық жоқ. Шұғыл кезекшілерді қысқартуға Сіздің бұйрығыңыз келді. Ол офицерлердің ішінде Ғ.Байсын ұнамады, оған қысым жасап өз еркімен жұмыстан кетуге мәлімдеме жазғызды, ал С.Байулиев аңшылық итін баққаны үшін Жалағаш ауданының қорғаныс істері жөніндегі бөліміне бірінші орынбасары болып тағайындалды. Өзі Ә.Қ.Ерниязов мысалы үшін сәуір-мамыр айларында тоқтаусыз арақ ішіп жүрді, оның дәлелі кіріс-шығыс журналындағы келген-кеткен хаттардан қарауыңызға болады. Өзінің ішіп жүргеніне қарамай капитан Морозды 2015 жылы қазан не қараша айында Қызылорда қаласының ішкі істер полиция қызметкерлерін шақырып наркологиялық диспансерге тексеруге жіберді. Нәтижесінде ішпегендігі анықталды. Мен, яғни подполковник Нурхожин өзі қол қойып «полковник» шеніне қатынас хат жолдап, оны сен маған алдап қойғыздың енді «полковник» шенін алмайсың деп айғай шығарды. Хабарлаушы: Әбілқайыров