Министерство труда и социальной защиты населения РК ответ от (19.07.2016) на обращение от (02.07.2016) № 441506
Құрметті Тамара Дуйсенова, мен осы хатты сізге ұміт артып екінші рет жолдап отырмын. Осы хатты 4-июнь күні жолдаған болатынмын, бірақ еш қандай нәтіже де хатыма жауап та жоқ. Түркістан қаласы, Ескі Иқан аулының тұрғыны Азизова Лайло. 10 жасар Паччаханов Азамат есімді мұгедек балам бар. Жүре алмайды, жақсы отыра алмайды, өз еркімен тамақ та жей алмайды. 4 жыл бұрын балама кресло каласка берілген. Ол калясканың сапасы оте томен 1 айға да жарамады. Мен осы жонінде 2013 де сіздерге хат жолдаған болатынмын. Сол кезде қаладан 2-3 мамандар келіп калясканың жағдайын көрып, «- ДЦП балаларға арналған арнайы каляска алып береміз» деп қойнымызды жаңғаққа толтырып кеткен болатын, әлі кунге дейін кутудеміз. Невропотолг балама лангет, карсет, головодержател, реклинатор, ходунок керек деп ДБК берген. Мен оны алып барып ВТЕК ден ИПР жаздырып арнайы мекемеге тапсырдым, хабар алайын деп барсам, «- тендер біткені жоқ» деген сөзді ғана айтады. Жылдың жартысы болды, кім біледі олардың ТЕНДЕРі қашан бітетінін. Менің балама өткен жылы ходунок жазып берген, олар маған жай ходунок бермек болды, мен алмадым , өйткені менің балама «ходунок с трусиками» керек екен. Осы жылы сондай ходунок жаздырайын десем ВТЕК дегі мамандар базада жоқ деп жай ходунокка ИПР жазып берді. Соңғы екі жыл ішінде базардан екі каляска сатып алдым, бірақ олар 10 жасар баланы котеріп журуге шыдамай тез бузылды. Менің балам да далаға шыққысы, қыдырғысы келеді. Біздің аулда ИНВОТАКСИ да жоқ. 10 жасар мұгедек баланы котеріп журу маған өте қыйын, ал жолдасым болса кешке дейін жумыста болады. 4 балам бар, копбалалы отбасымын. « Тас тұскен жерін езеді демекші» менің жағдайым еш кімді ойландырмаса керек. Әлеуметтік бағдарламаларға қаншалаған ақшалар мемлекет тарапынан болінетінін теледідардан көріп отырамыз, мумкін олар бізге дейін жетіп келмесмекен деген ой мені жыйы мазалайды. Осы мемлекет тарапынан берілетін заттарды алуға ықпал етуіңізді өтінемін.Приложения:Мин хат.docx