Министерство образования и науки Республики Казахстан ответ от (08.07.2016) на обращение от (28.06.2016) № 441302
Қазақстан Республикасы Бiлiм және Ғылым министрi Е.К. Сағадиевка, Оңтүстік Қазақстан облысы Сарыағаш ауданы, № 110 жалпы орта мектеп оқушысы Күмiсбеков Нариманнын әкесi Медетов Өмiрзақтан, ауған соғысы ардагерi, ОҚО, Сарыағаш ауданы, Абай ауылы, А. Мамытбайұлы көшесi, № 3 үй тұрғыны, телефон: 87021384218 Өтiнiш Менiң өтiнiш беру себебi, ұлым, ОҚО, Сарыағаш ауданы, № 110 ж.о.м. 11 сынып түлегі Күмiсбеков Нариман "Алтын белгi" үмiткерi едi. 5 сыныптан 11 сыныпқа дейін барлық пәннен "5" - үздік бағасымен бітіріп келген, оны растайтын табельдер, жыл сайын ата-ана ретінде қол қойып келгенбіз. Сол себептен, 2015-2016 оқу жылы, ұлым Нариман "Алтын белгіге" ұсынылды. ҰБТ нәтижесі бойынша да, ұлым Нариман 112 балл жинап, барлық пәннен "5" үздік бағасын алған. Бізге 2016 жылғы 22 мамыр күні мектепте ата-аналар жиналысын жасап, сынып жетекшісі Қ. Айтқұлова Күмісбеков Нариман «Алтын белгіден» алып тастағанын мәлімдейді. Себебі, 5 сыныпта ағымдағы бағада «3» баға бар екенін айтады. Мен «Алтын белгі» ережесімен танысып, ағымдағы бағаның есептелмейтінін біліп, Білім министрлігіне хабарластым. 87172742293 нөмірге қоңырау шалдым, бастауыш сыныптар маманы жауап беріп, 87172742048 нөмірі бойынша хатшыға хабарласуды айтады. Көрсеткен нөмір бойынша ешкім жауап бермеді. 10 минут өткеннен кейін, ОҚО Білім бөлімінен «Алтын белгі» хатшысы Қасымбекова А. қоңырау шалып, Күмісбеков Нариманның 10 сыныпта қазақ тiлiнен - "4", қазақ әдебиетiнен - "3" бағалары бар екенін айтады. Сонда сынып жетекшісі маған жиналыста «5 сыныпта ағымдағы бағада «3» баға бар екенін» айтып алдағаны ма? Жоғары айтылған қоңыраудан соң, 110 мектеп тәрбие жөніндегі орынбасары және сынып жетекшісі маған келіп, ешқайда хабарласпаңыз, балаңызға да айтпаңыз, ҰБТ-да "Алтын белгiні" ақтай алмаса, ешкім білмейді, ал ақтаса, мектеп директоры П. Айтқұлов бағаларын түзетіп береді деген. Ал 10 сыныптағы бағаларын сұрағанымда, білмейміз, I тоқсанда уақытша сабақ берген мұғалім қойған болу керек, байқамаппыз, деп, екінші өтірігін айтады. ОҚО Білім бөлімінен «Алтын белгі» хатшысы 10 сынып журналын көрсеткенде, жылдық бағалары қазақ тiлiнен - "4", қазақ әдебиетiнен - "3" бағалары қойылғанын білдім. Журналда тағы бірнеше қателіктер және келіспеушіліктер бар екеніне көзім жетті (Журналдар және табельдер көшірмелері бар, бұл өтінішке тек 1 ғана файл енгізе алдым). Біріншіден, «3» және «4» бағаларымен оқитын оқушы жылдың соңында емтихан тапсырып, жылдық бағасы қойылады. Менің балам неге емтихан тапсырмаған, осындай бағамен оқыған болса? Екіншіден, осы бағалармен қалайша 2015-2016 оқу жылында «Алтын белгіге» ұсынылады? Үшіншіден, журналда осындай бағалары болса, қалайша табельде 10 сыныпта барлық пәннен «5» бағасы қойылған? Сонда бұл бізден ақша алу үшін жасалынған ба? Күмісбеков Нариманның сыныбынан 4 оқушы «Алтын белгіге» ұсынылған, олардың ішінен, Нариман ғана «Алтын белгіні» ақтап шықты. Жыл бойы сынып жетекшісі және мектеп әкімшілігі баламды қолдап, «Алтын белгіге» ұсынып жүрген, 22 мамыр күні 10 сыныпта «3» және «4» бағалары бар екенін айтады. Бұл сонда қалай болғаны? Мектеп әкімшілігінің қатесі ме, әлде бізден ақша алудың бір жолы ма? Балам «Алтын белгі» аламын деп, бірнеше жылдар бойы жақсы оқып, «Алтын белгіні» ақтап, Астанада медициналық академиясында оқимын деп армандағаны енді мұғалімдерінің қателігінен жойылып кете ме? Балам келешекке қалай қарайды? Сізге алдын өтініш жасағанымда, ОҚО білім басқармасы «Алтын белгі» аттестатын алуға үміткердің құжаттарын тексеру актілерін Министрлікке ұсынуы қажет, деп жауап бергенсіз. ОҚО білім басқармасы «Алтын белгіге» қайта ұсына алмайтынын айтты, пара алған болып есептеленуі себебінен. Сонда білім саласы базар болып кеткен ба? Жақсы оқып, өз еңбегімен «Алтын белгіні» ақтап алу жемқорлыққа жатады ма? Ал 110 мектеп директоры оқушылардың өмірімен ойнағаны, ата-анаға басымдық көрсеткені – ол қылмысқа жатпайды ма? Менің балам неше жылдан бері «үздік» бағалармен оқып келеді, ал 10 сыныпта белгісіз себептерден «3» және «4» бағалары пайда болады. Балам Үздік оқушы, ҰБТ есептерін ойланбай шығарады. Мұғалімдердің қателігі үшін неге менің балам жауап беруі керек? Сізден өтiнiш, баламның адал еңбегін ақтап беруін, болашаққа үлкен үмітпен қадам басқалы тұрған жас түлектің қанатын үзбеулеріңізді сұраймын. Табельдегi бағаларды журналға қоюын, ұлымды "Алтын белгiге" қайта ұсынуын тапсыруды сұранамын, ұлыма "Алтын белгі" беруін өтiнемiн. Және мектеп директоры П. Айтқұлов бізге жан-жақтама көрсетіп жатқан басымдыққа тиім салуыңызды өтінемін. Сiздерге сенім білдіруші, ауған соғысының ардагері Медетов ӨмiрзакПриложения:Слайд6.GIF