Қазақстан Республикасының "Еңбек кодексінің" 139 бабының 10 тармақшасында "Мемлекеттік бюджет есебінен ұсталатын азаматтық қызметшілерге лауазымдық айлықақы мөлшерінде сауықтыруға арналған жәрдемақы төлене отырып, ұзақтығы күнтізбелік отыз күннен кем болмайтын жыл сайынғы ақы төленетін негізгі еңбек демалысы беріледі. Азаматтық қызметшілерге жыл сайынғы ақы төленетін еңбек демалысын берген кезде сауықтыруға арналған жәрдемақы күнтізбелік жылда бір рет төленеді"- деп көрсетілген. Осыған байланысты Мемлекеттік коммуналдық қазыналық кәсіпорындарда (балабақшаларда) жұмыс істейтін азаматтық қызметкерлердің сауықтыруға арналған жәрдемақысынан салық және бюджетке төленетін басқа да міндетті төлемдер (жеке табыс салығы, әлеуметтік салық) ұсталынады ма?