Министерство образования и науки Республики Казахстан ответ от (08.07.2016) на обращение от (27.06.2016) № 441205
Құрметті Ерлан Кенжеғалиұлы! Сізге хат жолдаушы Атырау облысы Қызылқоға ауданы Миялы селосының тұрғыны 2016 жылғы Б.Аманшин орта мектебінің түлегі Тілепі Нұршат Қанағатқызы. Менің сізге хат жолдауымның себебі: «Алтын белгі» белгісіне үміткер оқушы едім, бір пәннен бір ұпайым жетпегендіктен бүгінгі таңда «Үздік аттестат» иегері атанып отырмын. Жалпы балым- 109. Орыс тілінсіз- 92. Мен өзім болашақта Ұлттық медициналық университетті бітіріп, бала (педиатр) болғым келеді. Бірақ өзім оқығым келген Астана, Алматы медициналық университеттерінің грантқа өту балы- 90 ұпайдың айналасында болғанымен, бірінші кезекте «Алтын белгі», дербес білім беру ұйымының бітірушілері,ғылыми жоба,олимпиада, спорттық жарыстардың жеңімпаздары қабылданады, қалған тұлғалар басым құқық иегері болып табылмайды екен. Яғни, басым құқық иегері болып табылатын топқа мен сияқты түлектер, яғни «Үздік аттестат» иегерлері жатпайды екен.Неге? Сонда біздің 11 жыл бойы үздік оқығанымыз, бірнеше мәрте олимпиада, түрлі байқаулардың жеңімпазы болғанымыз, ҰБТ-де бірақ пәннен ғана бір ұпай жетпей қиналғанымыз, яғни білім жолында жұмсаған күш-қайратымыз бекер болғаны ма? Қымбатты Ерлан аға, сізден өтініп сұраймын: «Үздік аттестат» иегерлерінің дәрежесін көтеріп, грантқа түсуіне қолдау көрсетсеңіз.