Министерство образования и науки Республики Казахстан ответ от (30.06.2016) на обращение от (24.06.2016) № 441137
Құрметті, Ерлан Кенжеғалиұлы, менің берген өтінішіме жауап бергеніңізге рахмет. Бірақ сіздің берген жауабыңызды маған республикалық апелляция хатпен жауап берді. Менің айтайын дегенім республикалық апелляцияның жауабымен келіспеймін. Себебі сұрақ шын мәнінде қате құралған және жалпылама, нақтылық жоқ. Сондықтан сұрақ дұрыс құралмаса менің дұрыс не қате белгілегенімде не тұр. Республикалық апелляция менің өтінішіме емес жауап парағыма қарап қате белгілеген деп шешім шығарған. Ал менің айтайын дегенім сұрақ қате құралса оны қалай белгілейсін? Менің жауап парағымда қате белгілеген деп сұраққа назар аудармау, сұрақты көрмеу дұрыс па? Менің апелляцияға берген өтінішімде, сізге берген өтінішімде де сұрақ қате құралған, түсініксіз, жалпылама берілген деп айтып өткем. Сұрақта сүліктің денесі деп қойылған сүлік өзі бір клас, класта 400 сүлік бар сүліктің қайсы түрі екені белгісіз. Мінекей сұрақ мазмұны бойынша дұрыс құралмаған сондықтан түсінікті, нақтырақ қойылса жауап беруге болар еді. Республикалық апелляцияның айтуынша сұрақтың дұрыс жауабы қылтанақсыз деп жазылған қылтанақсыз деген жауаптың дұрыс болуы үшін сұрақты сүліктің денесі демей сүлік (медициналық мақсатта пайдаланатын сүліктің) денесі деп қойылса қылтанақсыз деген жауап дұрыс болар еді. Сондықтан сұрақты дұрыс қойу керек еді. Менің өтінішімді кітаптың авторымен, мықты биологтармен талқыласа дұрыс болар еді. Ал, менің жауап параққа белгілеуімді айтар болсақ біздің аудиторияға жауапты мұғалім апелляциялық комиссияның төрайымы еді, мен ол мұғалімге өзім даулы сұрақтарды белгілемеу керек екен ғой деп сұрадым. Ол мұғалім сен даулы сұрақты белгілей бер, егер сен ол сұрақты дәлелдесең болды балл қосылады деп түсіндірді. Республикалық апелляцияның ол мұғалімге түсіндіруі бойынша белгілемесін деп айтылмаған екен, республикалық апелляция бізге айтқан жоқ айтылса айтам деп бізге түсіндірме жұмысын жүргізді. Сондықтан республикалық апелляция оқушының жауабы қате деп дұрыс құралмаған сұрақты дұрысқа шығарған. Сұрақ қате құралса, түсініксіз, нақтылық жоқ болса мен қалай белгілеймін? Ол жерде менің белгілеуімнің маңызды емес сияқты сұрақ қате екенін дәлелдесем болды емес па? Енді сұрақты қалай дәлелдейсін деуіңіз мүмкін. Менің республикалық апелляцияға берген өтінішімде баршасы нақты түсінікті жазылған. Мен ол жерде сүліктер класы азқылтанды және қылтанақсыз екенін айтқам. Республикалық апелляция менің жауап парағыма емес, сұраққа назар аударса және хатта соның баршасын нақтырақ жазса болады ғой. Сізден өтініш кітаптың авторларымен ба әлде универдің мықты маман биологтарымен осы сұрақты талқыласа. Себебі осы бір балл менің 11 жылдық біліміннің дәлелі «Алтын белгі» алуыма жәрдемдесер еді.