Министерство образования и науки Республики Казахстан ответ от (30.06.2016) на обращение от (23.06.2016) № 441013
Құрметті, Ерлан Кенжеғалиұлы!Мен,Әбдіғалым Сәуле,03.06.2016 ж.Қарағанды қаласы политехникалық университетінде ҰБТ сынағын ТЖК723017004 ЖСН 981009451471 нөмерімен тапсырған болатынмын. 11 жыл үздік оқып, "Алтын белгіге" үміткер болдым. Алайда тестілеу нәтижесінде биология пәнінен 1 балл жетпеді.Өзім және мұғалімдермен бірге саралаған кезде,бір дұрыс құрылмаған сұрақ тапқан болатынбыз. Ол сұрақ 8263-нұсқаның 25-сұрағы.Сұрақ: Ауаның күкіртті газбен аз ғана ластануы,басқа жоғары сатыдағы өсімдіктерге әсер етпегенмен,кейбір өсімдіктің жаппай қырылуына әкеп соқтыратын,өсімдіктерді атаңыз: С)мүк,қына нұсқасы дұрыс деп көрсетілген.Алайда оқулықтарға сүйенетін болсақ,қына-өсімдіктерге де,жануарларға да жатпайтын,ерекше тірі ағза деп көрсетілген.(Биология 7-сынып,Қ.Қайым &12 Қына-ерекше тірі ағза 45б.;6-сынып, Биология "Атамұра"2015ж., Р.Әлімқұлова &62, 203 б). Сол себепті сұрақтың дұрыс жауабы ретінде қабылдануы мүмкін емес. Сұрақта нақты өсімдікке жататын нұсқаны қажет еткендіктен, оны белгілемеген болатынмын.Бұл ақпарат республикалық апелляция көрсеткен сілтеменің өзінде де бар. Өкінішке орай, республикалық және қалалық апелляциялар бұл мәліметті ескермей, сұрақты тек логикалық ойлауды қажет етеді деп жауап берді. Қадірлі, Ерлан мырза,кез келген биология маманы және де оқулықта берілген мәлімет бойынша қынаның өсімдікке жатпайтынын дәлелдеп отыр. Сол себепті бұл мәселенің дұрыс шешімін табуыңызды өтінемін.