Министерство образования и науки Республики Казахстан ответ от (27.06.2016) на обращение от (23.06.2016) № 441009
Сәлеметсізбе!? Мен Момынова Бекзат, Алматы қаласындағы М.Тынышбаев атындағы Қазақ көлік комуникациялар академиясының жанындағы Алматы Көлік колледжінде жұмыс істеген жылдары яғни 2014 жылы біліктілікті көтеру аттестациясынан өтіп, қазақ тілі пәнінің 1 санатты оқытушысы деген біліктілік алған болатынмын. Бірақ осы күнге дейін алған біліктілігімді растайтын куәлігімді ала алмай отырмын. Жасап беруге жауапты колледж әдіскері М. Мадалиева "Сен аттестациядан өткен кездегі төраға мүшелері ауысып кетіп, қол қойғызы алмай жүрмін" -деген болатын. Сол колледжде жұмыс істеп жүрген соң аса мән бермеген едім. Қазір онда жұмыс істемеймін. Куәлік қажет болып, колледждегі жаңа әдіскер А.Ергазинаға хабарлассам, ол: "Куәліктері жасалмай жатқан оқытушылардан жалғыз сен емессің, 2013-2014, 2014-2015 оқу жылдарында өткен оқытушылардың ешқайсынікі жасалмаған" -деп отыр. Сонда осылай жасалмай кете ме? Сізден сұрайтыным осы мәселені қарастырып, алған санатымды растайтын куәліктің жасалуына көмек көрсетсеңіз екен. Алдын-ала үлкен рахмет.