• Мое избранное
  • Сохранить в Word
  • Сохранить в Word
    (альбомная ориентация)
  • Сохранить в Word
    (с оглавлением)
  • Сохранить в PDF
  • Отправить по почте
Министерство труда и социальной защиты населения РК ответ от (15.07.2016) на обращение от (23.06.2016) № 440987
Документ показан в демонстрационном режиме! Стоимость: 80 тг/год

Отправить по почте

Toggle Dropdown
  • Комментировать
  • Поставить закладку
  • Оставить заметку
  • Информация new
  • Редакции абзаца

Министерство труда и социальной защиты населения РК ответ от (15.07.2016) на обращение от (23.06.2016) № 440987

Вопрос
Саламатсыз ба құрметті Дуйсенова Т.К.! Мен, Жугинисова Жаксыбике Қызылорда облысы, Қазалы ауданы, Әйтеке би кентінің тұрғынымын. Кентімізде орналасқан Қазалы локомотив жөндеу зауытында 25 жылға жуық уақыттан бері жұмыс жасаймын. 2005 жылдан бастап денсаулығымның нашарлауына байланысты жұмыс беруші тараппен келісіп жеңіл жұмысқа ауыстырған болатын. Әдетте, 24.04.2016 жылы менің мастерім Жеңсікбаева Берік зам. по ремонту Міралиевтың айтуымен сені тепловоз сүртуге барсын деп жатыр деп тапсырма берді. Мен өз тарапымнан денсаулығымның нашарлығына байланысты жоғарғы биіктікте жұмыс жасай алмайтындығымды айттым. Бірақ, мастер Жеңсікбаев Берік «егер жұмыс керек болса, істейсің» деген соң айтылған тапсырманы, яғни тепловоз сүртуге бардым. Айтылған тапсырманы орындауға жоғарыға шыққанымда басым айналып, сол жерде құлап қалыппын. Есімді сол күні сағат 16-30 шамасында жинасам үйде жатырмын. Кішкентай балаларым қасымда жылап отыр екен. Басымның қатты ауырсынуына байланысты жедел-жәрдем шақырттым. Содан соң есімді жиған соң не болғанын білу үшін жұмысыма бардым. Мен жұмыс орнында ес-түссіз құлап қалғанымда, мені сол жерде ауруханаға апарып басымды түсіріп, сол ес-түссіз күйімде үйіме әкеліп тастапты. Жұмыс беруші тараптарға неге мені ауруханаға жатқызбадындар? егер мен сол ес-түссіз күйде өліп қалсам не болады? Неге сендер мені ес-түссіз күйімде үйіме апарып тастайтсыңдар деген сұрақтарыма ешқандай жауап алалмадым. Қазақстан Республикасының Конститутциясының 1-бабы, 1-тармағында Қазақстан Республикасының ең қымбат қазынасы – адам және оның өмірі, құқықтары мен бостандықтары делінген. Менің мастерім Жеңсікбаев Беріктің бұл іс-әрекеттері, яғни мені ес-түссіз күйде үйіме әкеліп тастауы менің конститутциялық құқықтарыма нұқсан келтіріп отыр. Менің басшыларымның осындай қасақана жасалған іс-әрекеттері алтын әріппен жасылған конститутциямызға қайшы болып келеді. Бұл іс-әрекеттер менің бостандығымды шектеумен қатар денсаулауығымның нашарлауына әкеліп отыр деп санаймын. Аталған оқиға болған соң мен жұмысыма бардым. Әдетте, мекемеміздің басшысы Н. Алмағамбетов пен басқада басшыларым маған қатысты ешқандай іс-әрекеттер жасамады. Жұмыс орнында қызметкерінің ес-түссіз құлап жатырғанын естіген басшымыз Н. Алмағанамбетов неге ешқандай әрекеттер жасамады. Неге маған қатысты тексеріс жұмыстарын ұйымдастырып, тиісті азаматтарды менің өміріме, денсаулығыма немқұрайлы қарағаны үшін жазаламады? Н. Алмағамбетов мырзаның осындай іс-әрекеттерін өз-жұмысына, басшылық қызметіне немқұрайлы қарағандық деп санаймын. Қазақстан Республикасының Еңбек кодексінің негізгі принциптерінің бірі адам мен азаматтың еңбек саласындағы құқықтарының шектелуіне жол бермеу болып табылады. Н. Алмағамбетов өзінің немқұрайлы іс-әрекеттерімен менің еңбек саласындағы бостандықтарымды кемсітіп отыр деп санаймын. Аталған оқиға бойынша мен Қызылорда көлік прокуратурасына шағымдандым. Алайда, Қызылорда көлік прокуроры арызымды қарап Қызылорда облысының еңбек саласы бойынша бақылау басқармасына жолдаған. Ал, Қызылорда облысының еңбек саласы бойынша бақылау басқармасының еңбек инспекторы Ш. Телеуов бұл оқиға Қазақстан Республикасының Еңбек кодексімен реттелмейді деп жауап қайтарды. Сонда бұл қалай болғаны? Менің ес – түссіз жұмыста құлап, мені сол ес-түссіз күйде үйіме апарып тастауы менің еңбек саласындағы бостандығымды шектеу болып саналмай ма? Қызылорда облысының еңбек саласы бойынша бақылау басқармасы Ш. Телеуов бұл оқиғаға байланысты тексеріс жұмыстарын жүргізген жоқ? Еңбек инспекторы Ш. Телеуовтың бұл іс-әрекеті мемлекетіміздің еңбек саласындағы басшылыққа деген күман келтірумен қатар, еңбек инспекторының иммеджіне үлкен нұқсан келтіріп отыр деп санаймын. Қазіргі таңда, мен күнделікті ем қабылдап, Шымкент қаласына бірнеше мәрте ем қабылдауға бардым. Жұмыс беруші басшыларымның өз жұмыстарына немқұрайлы қарандықтан мен осындай күнделікті ем қабылдауға мәжбүр болып отырмын. Жоғарыда айтылғандардың негізінде, Сізден аталған оқиға бойынша «Қамқор Локомотив» ЖШС-на тексеріс жұмыстарын ұйымдастырып, жауапты азаматтарға қатаң шара көру арқылы менің құқықтарыммен бостандықтарымды қалпына келтіруіңізді сұраймын.