• Мое избранное
  • Сохранить в Word
  • Сохранить в Word
    (альбомная ориентация)
  • Сохранить в Word
    (с оглавлением)
  • Сохранить в PDF
  • Отправить по почте
Документ показан в демонстрационном режиме! Стоимость: 80 тг/год

Отправить по почте

Министерство образования и науки Республики Казахстан ответ от (23.06.2016) на обращение от (21.06.2016) № 440820

Вопрос
Өтініш Құрметті, Ерлан Кенжеғалиұлы, мен, Сұлтан Бақдат Сарыағаш аудандық №12 колледжде 06.06.2016 жылы өткен Ұлттық бірыңғай тестілеуде 2- аудитория, 048- орын, 7980- нұсқада биология пәнінен 15- сұрақта екі дұрыс жауап бар және сұрақ жалпылама берілген нақтылық жоқ. 07.06.2016 жылы жергілікті апелляцияға 15- сұрақты бердім. Жергілікті апелляция менің өтінішімді мақұлдап, ТЖК 790012019 номерде республикалық апелляцияға жіберді. Республикалық апелляция жауапты қанағаттандырмады. Мен, республикалық апелляция шешімімен келіспедім. Апелляциялық сұрақты комиссия мүшелері үстірт қараған сияқты. Себебі 15- сұрақ мазмұны жағынан жалпылама беріліп, нақтылық жағынан дұрыс құралмаған. Бұлай деуімнің себебі (7- сынып Алматы «Атамұра» 2012 жыл баспасы, 196 – бет, §44. Буылтық құрттар, 198- бет, соңғы абзацта нақтырақ жазылған). Сүлік – буылтық құрттар типінің арнайы кластың өкілі және сүлік бір класс боп есептеледі, кластың аты да сүлік Сүліктердің табиғатта кең тараған 3 отряды, 5 тұқымдасқа бірігетін 400- ден астам түрі бар (қосымша мәлімет). Сұрақтың мазмұны бойынша сүліктің денесін сұраған. Нақты сүліктің түрі көрсетілмеген, қай сүліктің денесін сұрап жатқаны айтылмаған. (7-сынып Алматы «Атамұра» баспасы, 2012 жыл, 198 – бет, 1-абзацта). Сүліктің кейбір түрлерінде қылтанақтар болмайды. Азқылтанақты құрттарда тек қылтанақтары ғана сақталып қалған. Бұл қасиет кейбір сүліктердің түріне тән. Сұрақта сүліктің денесін сұраған дұрыс жауабында қылтанақсыз делінген. Себебі (7-сынып Алматы «Атамұра» баспасы, 2012 жыл, 198 – бет, соңғы абзацта, 199 – беттегі, 1- абзацта және 201- беттегі қосымша мәліметте) медициналық сүлік қылтанақтары жоқ болғандықтан сұрақты негізінен сүлік демей, нақтырақ медициналық сүлік немесе медициналық мақсатта қолданылатын сүлік денесін сұрағанда буылтық құрт, қылтанақсыз деген жауап дұрыс келер еді. Ал сұрақта сүліктің денесін сұрағандықтан екі жауап та дұрыс келеді. Сұрақ мазмұны жағынан дұрыс құралмаған . Сарыағашқа келген апелляциялық комиссияның төрайымы менің аудиторияма жауапты мұғалім еді. Тест басталмай жатып даулы сұрақтар жайында түсіндірме жұмыстарын жүргізді. Түсіндіру барысында сұрақ дұрыс құралмаса немесе мазмұны жағынан дұрыс болмаса белгілей сал деп айтты. Сөйтіп даулы сұрақты дәлелдесең болды балл қосылады деп түсіндірді. Республикалық апелляцияның шешімі (Оқушы мүлдем жауапқа қисынды ойлауға жатпайтын Д) буылтықты, көп қылтанды деген жауабын белгілеп отыр. Сондықтан аталған сұрақ бойынша апелляциялық шағымды қанағаттандыруға құқықтық негіз жоқ екендігі хабарланды.) деген жауап келді. Сұрақ мазмұны бойынша дұрыс құралмаған, нақтырақ қойылуы керек еді. Сондықтан мен апелляциялық комиссияның төрайымының айтқан түсіндірмесіне негіздеп Д жауабын белгіледім. (Мәтіндегі 2- абзацта көрсетілгендей сұрақ мазмұны нақты берілмеген.) Мен, «Алтын белгі» үміткерімін және ғылыми жоба жарыстарында республикалық кезеңінің Дарын орталығының «Дарын» грамотасымен марапатталғанмын. Алтын белгіні ақтауға биология пәнінен бір балл жетпеді. Мына сұрақты апелляциялық комиссия мүшелерінің дұрыс қарауына және сұрақтың нақтылығына көңіл бөліп қарауын сізден өтініп сұраймын. Өтінішіме жауап беретініңізге үміттенемін.Приложения:Зима.jpg