Министерство обороны Республики Казахстан ответ от (04.07.2016) на обращение от (19.06.2016) № 440675
Қазақстан Республикасының Қорғаныс Министрі Тасмағанбетов Иманғали Нұрғалиұлына Қазақстан Республикасының Бас Прокуроры Асанов Жакипқа Қазақстан Республикасы Мемлекеттік қызмет істері министрлігінің Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл ұлттық бюросының төрағасы Кожамжаров Қайрат Пернешовичқа АРЫЗ Осы арызым арқылы төмендегі мән – жайларды көрсете отыра Заң талабына сай баға беруіңізді сұраймын, яғни : 2014 жылдан бастап Қорғаныс Министрінің бұйрығымен Қызылорда облысының қорғаныс істері жөніндегі Департаментінің бастығы ретінде А.Ерниязов тағайындалған. Қазақстан Республикасының № 400 26.10.2006 ж бұйрығының 10 бабында көрсетілген бұдан басқа, офицерлер құрамының бос әскери лауазымдарына запастағы немесе отставкадағы жоғары білімімен бейімі бойынша әскери мамандыққа сәйкес келетін азаматтарды тағайындалуға рұқсат етіледі және де ҚР ҚК қызметкерлерлері үшін әскери қызметшілердің болмауы шарт сақталуы тиіс делінген. Сонымен қатар, жоғарыда көрсетілген тұлға өзінің қарамағына, яғни Қызылорда облысының қорғаныс істері жөніндегі Департаментінің 2 бөліміне өзінің жұбайы Ерниязова Заринаны жұмысқа қабылдау жөнінде бұйрық қабылданған. Ал, ҚР «Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл туралы» Заңының 14 бабының 1 тармағына сай жауапты мемлекеттік лауазымды атқаратын адамдар, мемлекеттiк функцияларды орындауға уәкілеттік берілген адамдар және мемлекеттік функцияларды орындауға уәкілеттік берілген адамдарға теңестірілген адамдар (Қазақстан Республикасының Президенттігіне, Қазақстан Республикасы Парламентінің немесе мәслихаттарының депутаттығына, аудандық маңызы бар қалалардың, кенттердің, ауылдардың, ауылдық округтердің әкімдігіне, сондай-ақ жергілікті өзін-өзі басқарудың сайланбалы органдарына мүшелікке кандидаттарды қоспағанда), лауазымды адамдар өздерiнiң жақын туыстары және (немесе) жұбайы (зайыбы), сондай-ақ жекжаттары атқаратын лауазымдарға тiкелей бағынысты лауазымдарды атқара алмайды. Яғни, Қызылорда облысының қорғаныс істері жөніндегі Департаментінің бастығы А.Ерниязов жоғарыда көрсетілген Заң талаптарына қарама қайшылық екенін біле тұра жұбайы Ерниязова Заринаны тікелей өз қарамағына алу туралы бұйрық қабылдануына жол берген. Бұдан бөлек, Заң талаптарын өрескел бұза тұра тура 2 жыл бойы жұбайы Ерниязов Алимжан Қанағатұлының тікелей өз қарамағында Ерниязова Зарина қызмет атқарып келген, яғни бұл мерзім ішінде жұбайынан тек мақтау марапаттаудан басқа ешқандай тәртіптік шаралар көрілмеген. ҚР «Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл туралы» Заңының жоғарыда көрсетілген баптың 2 тармағында «Осы баптың 1-тармағының талаптарын бұзатын адамдар, егер олар көрсетілген бұзушылық байқалған кезден бастап үш ай ішінде оны ерікті түрде жоймаса, осындай бағыныстылықты болғызбайтын лауазымға ауысуға тиіс, ал осындай ауысу мүмкін болмаған кезде осы қызметшілердің біреуі лауазымынан шығарылуға немесе көрсетілген функциялардан өзгедей босатылуға тиіс», яғни бұл Заң талаптарының бұзылуына 3 ай емес тура 2 жыл орын алынған және бұл заң бұзушылық байқалған емес алдын-ала біле тұра жол берілген. Сондықтан, бұл заң талаптары Қазақстан Республикасының барлық азаматтарына қарастырылмаған ба әлде Қызылорда облысының қорғаныс істері жөніндегі Департаментінің бастығының жұбайы З.Ерниязоваға бұл Заң талаптары жүргізілмейді ма ? ҚР «Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл туралы» Заңының 15 бабының 1 тармағына сай жауапты мемлекеттік лауазымды атқаратын адамдарға, мемлекеттік функцияларды орындауға уәкілеттік берілген адамдарға, мемлекеттік функцияларды орындауға уәкілеттік берілген адамдарға теңестірілген адамдарға, лауазымды адамдарға, егер мүдделер қақтығысы орын алған болса, лауазымдық міндеттерін жүзеге асыруға тыйым салынады. Және де, осы баптың 2 тармағында «Осы баптың 1-тармағында аталған адамдар мүдделер қақтығысын болғызбау және шешу бойынша шаралар қабылдауға тиіс» деп анық көрсетілген, ал Қызылорда облысының қорғаныс істері жөніндегі Департаментінің бастығы бұл заң талаптарының орын алуына тура 2 жыл мерзім беріп әрі қарай өзінің жұбайы З.Ерниязованы қайтадан өз бұйрығымен Қызылорда қаласының қорғаныс істері жөніндегі басқармасына аудару жөнінде шешім қабылдаған. Ал, Қызылорда қаласының қорғаныс істері жөніндегі басқармасы - облыстық қорғаныс істері жөніндегі Департаментінің тікелей қарамағында болып саналады /орталықтандырылған есеп бөлімі *бухгалтерия*/. Сіздің назарыңызға : ҚР «Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл туралы» Заңының 15 бабының 3 тармағында «Осы баптың 1-тармағында аталған адамдар тікелей басшысына не өздері жұмыс істейтін ұйымның басшылығына туындаған мүдделер қақтығысы туралы немесе оның туындау мүмкіндігі туралы, өздеріне бұл жөнінде мәлім болысымен жазбаша нысанда хабарлауға міндетті.» деп көрсетілгенімен бірнеше жыл бойы және алдын ала біле түра бұл заң талаптарын мекеме басшысы өрескел бұзған деп санаймын. Мемлекет басшысы Н.Назарбаев тарапынан бұл Заңның жоғарыда көрсетілген баптарының қабылдануына жұмыс істейтін ұйым арасында мүдделер қақтығысы болуына жол берілмеуі мақсатында қабылданған деп санаймын. Себебі : мекеме басшысының жұбайы тікелей оның қарамағына 2014 жылдан бастап қабылданған уақыттан бастап тек марапаттау, оның ішінде ақшалай сыйақы беру ; жұбайының қандай да шешім қабылдануына тікелей араласу, оның ішінде қәзіргі таңда З.Ерниязованың маған қөз-қарасы өзгеруіне байланысты маған тікелей өз жұмысымен айналысуға мүмкіндік бермеуі ; әр түрлі сылтаулармен З.Ерниязованың тікелей тек менен жоспардан тыс «тестирования» жүргізе отыра алуы ; ЕАРЖ /АСУР/ -ға ресурстарды енгізуге мұрағат жұмыстарын жүргізіп жатқаннан кейін үлгере алмадым. З. Ерниязова тексеріп үстімнен баянат жазып маған ескерту берілді. 18 мамырда қызметкер А,Есенгелдінің арасында жан жалдың арасында А.Есенгелдінің айтуы бойынша мен З. Ерниязованы мені балағаттады деп, ізіме түсіп алып, ҚІЖБ бастығының атына баянат жазып маған сөгіс жариялады. З. Ерниязова оғанда қанағаттанбаймын мені басқа бөлімге ауысуыма немесе сотқа беремін деді. Осындай катты қысымнан 20.05.2016 жылы сағат 15 00 шамасында денсаулығым күрт төмендеп жедел жәрдем көмегіне жүгіндім. Мен бұл мекемеде 2006 жылдан бері қызметімді адал атқарып келемін деп түсінемін. Осы кезге дейін ескерту, сөгіс алған жоқпын. 3 ай ішінде З. Ерниязова атқаратын қызметіме қалай баға беріп отыр. қызмет бабы бойынша мекеме басшысы өзінің жұбайы екенін пайдалана отыра өзіне жеңіл жүктемелерді бекіте отыра өзіне тиісті қызметтік міндеттерін басқа тұлғаларға жүктелінген және т.б. жеңілдіктерді өзіне лайық қылып қабылданады. Ескертпе : Қызылорда облысының қорғаныс істері жөніндегі Департаментінің басшысы А.Ерниязовтың жұбайы З.Ерниязованың қызмет бабындағы нәтижелері /продвижение/ : - 2014 жылдың шілде айында Қызылорда облысының қорғаныс істері жөніндегі Департаментінің 2 бөліміне келісім шарт бойынша «сержант» қызметі ; - 2014 жылдың желтоқсан айында Қызылорда облысының қорғаныс істері жөніндегі Департаментінің 2 бөліміне келісім шарт бойынша «аға сержант» қызметі ; - 2015 жылдың наурыз айында, яғни Халықаралық әйелдер күніне жұбайының қолынан ТЕК ҚАНА – Ерниязова Зарина марапатталады ; - 2016 жылдың ақпан айында жоғарыда көрсетілген Заңның талаптарын сақтадым деген уәжбен /бірнеше шағымдардан кейін/ Қызылорда қалалық қорғаныс істері жөніндегі басқармасында қызмет атқарып жүрген А.Бисекеновты өз қызметінен төмендетіп Ерниязова Зарина соңғының орнына тағайындалған. Жоғарыдағылардың негізінде Заң талаптарының сақталуына және өзімнің жалғыз асыраушы екенімді ескере отыра /жаңұяда жалғыз асыраушы, 3 жасөспірім балаларым бар/ тиісті шараларды қабылдап тексеру жүргізуді өтінемін. Бұдан да бөлек өзіме қандай да бір мәлім болған жәйіттарды толық хабарлаймын. Құрметпен: Қызылорда қаласының қорғаныс істері жөніндегі басқармасының ҚР ҚК қызметкері Бұхарбаева Жанар Нағашыбекқызы