Министерство образования и науки Республики Казахстан ответ от (23.06.2016) на обращение от (17.06.2016) № 440556
Қазақстан Республикасы Бiлiм және Ғылым министрi Е.К. Сағадиевка, Оңтүстік Қазақстан облысы Сарыағаш ауданы, № 110 жалпы орта мектеп оқушысы Күмiсбеков Нариманнын әкесi Медетов Өмiрзақтан, ауған соғысы ардагерi, ОҚО, Сарыағаш ауданы, Абай ауылы, А. Мамытбайұлы көшесi, № 3 үй тұрғыны, телефон: 87021384218 Өтiнiш Менiң өтiнiш беру себебi, ұлым, ОҚО, Сарыағаш ауданы, № 110 ж.о.м. 11 сынып бiтiрушici Күмiсбеков Нариман "Алтын белгi" үмiткерi едi. 5 сыныптан 11 сыныпқа дейін барлық пәннен "5" - үздік бағасымен бітіріп келген. Оны растайтын табельдер, жыл сайын ата-ана ретінде қол қойып жүргенбіз. Сол себептен, ұлым Нариман "Алтын белгіге" ұсынылған. ҰБТ нәтижесі бойынша да, ұлым Нариман 112 балл жинап, барлық пәннен "5" үздік бағасын алған. Ал қазір маған "Алтын белгіден" ұлыңызды алып тастады дейді, себебі, журналда 10 сыныпта қазақ тiлiнен - "4" бағасы, қазақ әдебиетiнен - "3" бағасы тұр деп. Ұлым айтуы бойынша, мұғалім екеуінің арасында өзара келicпеушiлiк болған, мүмкін сол себептен журналдағы бағалары өзгерген. Бірақ табельде сол пәндер бойынша "5" үздік бағасы тұр. Бағалар табельге қойылғаннан кейін журналдағы бағаларды мұғалімнің өз еркімен ауыстырғаны дұрыс болмас деп ойлаймын. Табельдегi багаларынын барлыгы "5" уздiк. Сағадиев мырза, Сізден өтiнiш, табельдегi бағалар бойынша есептеп, ұлымды "Алтын белгiге" қайта ұсынуын тапсырып, ұлыма "Алтын белгі" берулерiңiздi өтiнемiн. Ұлым жыл бойы байқау тестiлерiнде 120 баллдан жоғары жинап келдi. ОҚО, Сарыағаш ауданы, Келес өңiрiнде ұлым ең жоғары балл көрсетiп тұр. Баламнын не айыбы бар? Сiздердi дұрыс шешiм қабылдайды деп сенемiн. Сізге сенім білдіруші және арыз иесi, ауған соғысының ардагері Медетов Өмiрзак