Министерство образования и науки Республики Казахстан ответ от (17.06.2016) на обращение от (12.06.2016) № 440314
Құрметті министр! Мен Орал қаласының А.Тайманов атындағы №34 мектеп-гимназиясының оқушысы Калиева Нургульмын. Осы жылы 2 күні ЗКГУ орталығында ҰБТ сынақ тестін тапсырдым. Алтын белгіге математика пәнінен 1 баллым жетпей қалды, өз білімімен 107 балл жинадым. Республикалық физика пәнінен олимпиадалар, халықаралық орыс тілінен мәнерлеп оқу сайыстарының , қалалық, облыстық математика пәнінен олимпиада жүлдегерімін. Алтын белгіге 1 баллым ғана жетпегеніне өте қапаландым. 2016 жылғы ҰБТ базасы жаңартылды , осы сұрақтар бойынша біз дайындалған жоқпыз. Қаладағы апелляция комиссияға бардым, мені тыңдамай, шығарып жіберді. 8334 нұсқа бойынша математика пәнінен 5, 20, 23 сұрақтарды қарастыруыңызды сұраймын. Дұрыс құрылмаған сұрақ деп ойлаймын. 5 сұрақта графикта сандар қате белгіленген, 5 саны өзінің тұратын орнынан оқшау жерде орналасқан, ол есептеу кезінде оқушыны шатастырады, қате жауапты белгілеуге бел буады. Бұл функция графигіндегі ох осінен оу осінің бірлік кесінділері сақталмаған, сондықтан графикті қанағатындыратын жауапты таба алмағандықтан, жорамал жауапты белгіледім. 20 есепте бес жауаптың ішінде дұрыс жауап жоқ. Ондық цифрлары бірліктер цифрларынан кіші болатын 36 екі таңбалы сан бар. Алайда, жауаптардың ішінде дұрыс жауап болған жоқ.23 есептің берілгені дұрыс жазылмаған. (Х>0) деп беріліп тұр, алайда жауаптардың ішінде барлығы тік жақшамен берілген. Өтінемін, қараусыз қалдырмауыңызды сұраймын. 1 балл мен үшін өте маңызды.