Министерство Финансов РК ответ от (13.06.2016) на обращение от (10.06.2016) № 440289
Сәлеметсіз бе! 1-сұрақ. «Бюджеттік бағдарламаларды (кіші бағдарламаларды) әзірлеу және бекіту (қайта бекіту) қағидаларын (бұдан әрі – Қағидалар) және олардың мазмұнына қойылатын талаптарды бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Ұлттық экономика министрінің 2014 жылғы 30 желтоқсандағы № 195 бұйрығына сәйкес құрылысы салынған әлеуметтік нысандардың техникалық паспорттар мен жер құжаттарын әзірлеу жұмыстары қандай бюджеттік бағдарламалары бойынша жүзеге асырылады? Бюджеттік инвестициялық жобаларды іске асыруға бағытталған бюджеттік бағдарламалары бойынша ма немесе мемлекеттік функцияларды, өкілеттіктерді жүзеге асыруға және олардан туындайтын мемлекеттік қызметтерді көрсетуге бағытталған бюджеттік бағдарламалары бойынша жүзеге асырылады ма? Аталған жұмыстар даму бағдарламалары бойынша құрылысы жүргізілген нысандардың құжаттарын әзірлеу болып табылады. Сонымен қатар, бюджеттік бағдарламаларды әзірлеу кезінде техникалық паспорттар мен жер құжаттарын әзірлеу жұмыстары тiкелей нәтиже көрсеткiштерiнде бөлек көрсетілуі керек пе немесе ол бюджеттік инвестициялық жобаларды іске асыруға бағытталған бюджеттік бағдарламалары бойынша атқарылған құрылыс жұмыстары құрамына қосылып, көрсетілмеуі қажет пе? 2-сұрақ. Мемлекеттік органның бюджет қаражатын басқару тиімділігін бағалау кезінде өтпелі жобалар бойынша есепті кезеңде тікелей көрсеткіштерге қол жеткізудің іс жүзіндегі мәнін растайтын құжаттар (орындалған жұмыстардың актілері, жүкқұжаттар, қабылдап алу-тапсыру актілері) көрсетілуі қажет пе? 3-сұрақ. Қағидалардың 15-тармағының 14)-тармақшасында «Тiкелей нәтиже көрсеткiштерi» деген кестеде қол жеткізілуі осы функцияларды, өкілеттіктерді жүзеге асыратын немесе қызмет көрсететін мемлекеттік органның қызметіне толық тәуелді болатын, көзделген бюджет қаражаты шегінде атқарылатын мемлекеттік функциялар, өкілеттіктер мен көрсетілетін қызметтер көлемінің санмен өлшенетін сипаттамасы көрсетіледі» делінген. Бюджеттік бағдарламаларды әзірлеу кезінде өтпелі жобалар бойынша көзделген бюджет қаражаты шегінде атқарылатын құрылыс жұмыстарының көлемін қандай санмен өлшенетін сипаттамасымен көрсету керек? Себебі, құрылыс жұмыстары жобалық-сметалық құжаттамада (ЖСҚ) көрсетілген жұмыстарға сәйкес атқарылады. Ал, ЖСҚ өз кезегінде біршама көп, әртүрлі жұмыстар көлемін қамтиды. Ол құрылыс жұмыстарын бюджеттік даму бағдарламасының тікелей нәтиже көрсеткіштерінде толық жазып отыру мүмкін емес.