• Мое избранное
  • Сохранить в Word
  • Сохранить в Word
    (альбомная ориентация)
  • Сохранить в Word
    (с оглавлением)
  • Сохранить в PDF
  • Отправить по почте
Министерство образования и науки Республики Казахстан ответ от (17.06.2016) на обращение от (09.06.2016) № 440246
Документ показан в демонстрационном режиме! Стоимость: 80 тг/год

Отправить по почте

Toggle Dropdown
  • Комментировать
  • Поставить закладку
  • Оставить заметку
  • Информация new
  • Редакции абзаца

Министерство образования и науки Республики Казахстан ответ от (17.06.2016) на обращение от (09.06.2016) № 440246

Вопрос
ҚР Білім және ғылым министрі Ерлан Кенжеғалиұлы Cагадиевке №52 мектеп-гимназияның 11 «А» сынып оқушысы Алтынбекова Әдемі Асхатқызынан Мекенжайым: Астана қаласы Мұстафин көшесі №15 үй 66 пәтер; Үй телефоны: 95-02-37; ұялы тел. 8-702-201-57-10 Құрметті Ерлан Кенжеғалиұлы мырза! Сізге хат жолдап отырған Астана қаласындағы №52 мектеп-гимназияның 2015-2016 оқу жылындағы түлегі Алтынбекова Әдемі Асхатқызы. Мен 1-сыныптан бастап үздік оқушылардың қатарындамын, қалалық, республикалық олимпиадалар мен ғылыми жобалар жүлдегерімін, «Алтын белгі» үміткерімін. Отбасында жалғыз баламын. Анам мені жалғыз тәрбиелеуде және анамның тірегі де, жұбанышы да, мақтанышы да, үміт артары да менмін. 02.06.2016 жылы Л.Н.Гумилев атындағы ЕҰУ-нде ҰБТ тапсырдым. ҰБТ тапсыруда бесінші таңдау пәні (география) бойынша тест сұрақтарының ішінде №20 сұрақтың берілуінде аралдар сұлбасы нақты емес, тек координаталары көрсетілген. Мен сұрақ жауаптарының ішінде «С» нұсқасын белгіледім. Менің ойынша, жауаптар нұсқасындағы аралдардың ішінде жер көлемі жағынан үлкені Калимантан аралы. Сұлбада көрсетілген аралдың жер көлемімен салыстырғанда, жауаптағы белгіленген арал нақтырақ. Көрсетілген координата бойынша Жаңа Зеландия аралы нақты жауапқа жақынырақ, бірақ көлемі жағынан Калимантан аралынан кіші. 03.06.2016 ж. ППЕНТ-710, ҰБТ орталығына аппеляцияға өтініш жаздым. Менің ТЖК-710030003, сұрақтар кітапшасының нұсқасы - 8381. «Алтын белгіні» ақтау үшін маған бір балл жетпей тұр. Осы бір балл менің өмірімнің, тағдырымның, өмірлік мақсатымның шешуі болып тұр, өйткені мені анам жалғыз тәрбиелеп отырғандықтан, мен қайткенде де тегін оқуға түсуім керек. Қазір мен анамның көзіне тура қарай алмаймын. Маған артқан үмітін ақтамай отырмын. 06.06.2016ж. күні Республикалық аппеляциялық комиссиясының төрағасы А. Бедельханов мырзаға және Білім беру саласын бақылау комитетінің төрайымы Л.Қ.Булебаеваға үндеу хат жаздым. Тіркеу нөмірі-ЖТ-А-12. Құрметті Ерлан Кенжеғалиұлы мырза, Сізден көмек сұраймын. Менің жүрекжарды өтінішімді Cіз оңынан шешесіз деп үміттенемін. Алдын ала Сізге ризашылығымды білдіремін.