• Мое избранное
  • Сохранить в Word
  • Сохранить в Word
    (альбомная ориентация)
  • Сохранить в Word
    (с оглавлением)
  • Сохранить в PDF
  • Отправить по почте
Документ показан в демонстрационном режиме! Стоимость: 80 тг/год

Отправить по почте

Министерство образования и науки Республики Казахстан ответ от (17.06.2016) на обращение от (11.06.2016) № 440302

Вопрос
Сәлемәтсіз бе, Ерлан Кенжеғалиұлы! Мен Тілепі Нұршат Қанағатқызы Атырау облысынан 300 км қашықтықта жатқан Қызылқоға ауданы Миялы селосы Б.Аманшин орта мектебінің 2016 жылғы түлегімін. "Алтын белгі"белгісіне үміткер оқушы едім. Бірақ 3.06.2016 күні өткен ҰБТ қорытындысы бойынша бір пәннен яғни орыс тілінен"1" ұпайым жетпей, "Алтын белгімді" қорғай алмадым. Барлық жинаған балым-109 оның ішінде математика- 24, Қазақстан тарихы-25, қазақ тілі-22, биология -21 болып, орыс тілінсіз -92 бал, орыс тілінен бестік баға шегі-18 болса, мен 17 бал алып қалып, бүгінгі таңда "Алтын белгі" белгісін қорғай алмай өкініп қалып отырмын. Қымбатты Ерлан аға, сізден өтініп сұрарым: менің 11 жыл бойы оқу-білім жолына жұмсаған қажыр-қайратымды, басқа ұлт өкілі орналаспаған таза қазақ ауданында туып-өскенімді, осы кезге дейін облыстық пәндік олимпиада, республикалық байқаулардың жүлдегері атанғанымды, қыркүйек айынан бері өткізілген барлық 30-дан аса байқау сынақтарынан жоғары нәтиже көрсеткенімді, нәтижеге бағытталған білім жолында теккен терімді, қазақ мектептерінегі орыс тілі пәні сертификатқа енбейтін пән екендігін ескере отырып және менің бала жүрегімдегі "Алтын белгі" белгісін алып, ата-анамды қуантсам деген балалық арманымның күл паршасы шығуына жол бермеуіңізді өтініп сұраймын. Мен қазіргі таңда «Үздік аттестатқа» ұсынылып отырмын, дегенімен «Алтын белгі» мен «Үздік аттестат» туралы ережені оқысам, «Үздік аттестатқа» жоғары орнына түсуде ешқандай жеңілдік қарастырылмаған әрі «Үздік аттестат» алу үшін тек 10-11 сыныпта үздік оқу жеткілікті саналады екен. Сонда 11 жыл бойы үздік оқып келіп, тек шешуші сәтте ҰБТ- де «1» пәннен яғни сертификатқа енбейтін орыс тілі пәнінен «1» ұпайы жетпей сүрінген мен үшін бұл ауыр соққы болды. Өтінемін, Ерлан аға, бір мүмкіндігін қарастырады деп сізге сенім артушы: Атырау облысы Қызылқоға ауданы Миялы селосындағы Б.Аманшин орта мектебінің түлегі Тілепі Нұршат Қанағатқызы. Құрметті Ерлан Кенжеғалиұлы! Сізден өтініп сұраймын. Менің сұрағымды жауапсыз қалдырмаңыздаршы. Жаным күйзеліп отыр. Егер орыс тілінен 25 ұпай жинасаң, сертификатқа қосылмайды. Ал бірақ орыс тілінен жетпей қалған «1» ұпай үшін бірнеше жылғы еңбегімді бір сәтте жоққа шығару әділеттілікке жата ма? Міне, ҰБТ өткелі бірнеше күн болды, менің көкейімнен «неге?» деген бір сұрақ мазалап, түн ұйқымды ұрлап жүр. Мен аппелияциялық комиссияға шағымданған жоқпын.Себебі күмәнданған, екі жауабы бар, жауабында қате бар дейтіндей сұрақтар болған жоқ. Бар кінә өзімнен кетті. Себебі сол күнгі ҰБТ сынағы өз дәрежесінде аудитория іші тып-тыныш, біздің жұмыс жасауымызға жайлы жағдайда өтті әрі өзім отырған №6 аудиторияның бақылаушысы тарапынан ешқандай қысым, оқушының жұмыс істеуіне кедергі келтіретін оғаш әрекеттер болған жоқ, ол кісі тек біздің еш алаңсыз тапсырмаларды шешуімізді қатаң бақылауда ұстады. Менің сізден өтініп сұрайтыным, таза қазақ аулында өскен менің орыс тіліне шорқақтығымды, орыс тілі пәнінің сертификатқа енбейтінін ескеріп «Алтын белгі» белгісін алуыма көмектесуіңізді сұраймын.