• Мое избранное
  • Сохранить в Word
  • Сохранить в Word
    (альбомная ориентация)
  • Сохранить в Word
    (с оглавлением)
  • Сохранить в PDF
  • Отправить по почте
Министерство образования и науки Республики Казахстан ответ от (17.06.2016) на обращение от (10.06.2016) № 440254
Документ показан в демонстрационном режиме! Стоимость: 80 тг/год

Отправить по почте

Toggle Dropdown
  • Комментировать
  • Поставить закладку
  • Оставить заметку
  • Информация new
  • Редакции абзаца

Министерство образования и науки Республики Казахстан ответ от (17.06.2016) на обращение от (10.06.2016) № 440254

Вопрос
Құрметті сайт қызметкерлері! Сіздерден өтініп сұраймын. Менің сұрағымды жауапсыз қалдырмаңыздаршы. Жаным күйзеліп отыр. Егер орыс тілінен 25 ұпай жинасаң, сертификатқа қосылмайды. Ал бірақ орыс тілінен жетпей қалған «1» ұпай үшін бірнеше жылғы еңбегімді бір сәтте жоққа шығару әділеттілікке жата ма? Міне, ҰБТ өткелі бірнеше күн болды, менің көкейімнен «неге?» деген бір сұрақ мазалап, түн ұйқымды ұрлап жүр. Сәлемәтсіз бе, Ерлан Кенжеғалйұлы! Мен Тілепі Нұршат Қанағатқызы Атырау облысынан 300 км қашықтықта жатқан Қызылқоға ауданы Миялы селосы Б.Аманшин орта мектебінің 2016 жылғы түлегімін. "Алтын белгі"белгісіне үміткер оқушы едім. Бірақ 3.06.2016 күні өткен ҰБТ қорытындысы бойынша бір пәннен яғни орыс тілінен"1" ұпайым жетпей, "Алтын белгімді" қорғай алмадым. Барлық жинаған балым-109 оның ішінде математика- 24, Қазақстан тарихы-25, қазақ тілі-22, биология -21 болып, орыс тілінсіз -92 бал, орыс тілінен бестік баға шегі-18 болса, мен 17 бал алып қалып, бүгінгі таңда "Алтын белгі" белгісін қорғай алмай өкініп қалып отырмын. Қымбатты Ерлан аға, сізден өтініп сұрарым: менің 11 жыл бойы оқу-білім жолына жұмсаған қажыр-қайратымды, басқа ұлт өкілі орналаспаған таза қазақ ауданында туып-өскенімді, осы кезге дейін облыстық пәндік олимпиада, республикалық байқаулардың жүлдегері атанғанымды, қыркүйек айынан бері өткізілген барлық 30-дан аса байқау сынақтарынан жоғары нәтиже көрсеткенімді, нәтижеге бағытталған білім жолында теккен терімді, қазақ мектептерінегі орыс тілі пәні сертификатқа енбейтін пән екендігін ескере отырып және менің бала жүрегімдегі "Алтын белгі" белгісін алып, ата-анамды қуантсам деген балалық арманымның күл паршасы шығуына жол бермеуіңізді өтініп сұраймын.